Басы » Биология » Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімнің пайда болуы. Эволюцияның қозғаушы күші.

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімнің пайда болуы. Эволюцияның қозғаушы күші.

ДарвинЕкібастұз қаласы
Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі
Биология және химия пәнінің мұғалімі
Бекишева Жанна Кайрашевна
Сабақтың  тақырыбы: Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімнің пайда болуы. Эволюцияның қозғаушы күші.
Сабақтың мақсаты:білімділік: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы , маңызы,  эволюциялық қозғаушы күштері  туралы түсінік қалыптастыру
—  дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта- қиялы мен қабылдауы сияқты танымдыққабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.Шығармашылық жұмыстарға баулу.
Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, адамгершілік қарым-қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.
І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) «Биологиялық домино»
ә) «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны
(Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы мағлұмат беру)
ІІІ. Жаңа сабақты мегерту кезеңі
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
а.Сызбанұсқаен жұмыс
ә. “Сандар сөйлейді “ ойыны
б.Биологиялық диктант
Ү.Қорытындылау
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма

Көрнекілігі:Ғалымдар портреттері,  сызба-кестелер,суреттер,Флипчарт,сұрақтар жазылған парақтар
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Шығармашылық  тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) «Биологиялық домино»
Қолдарына таратылған сөздерді ретімен орналастыру керек.
Жауабы:
Эволюция деп- органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады.
2. Гераклит: «Барлық тірі организмдер, тіпті адам да ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді».
3. Ж.Бюффон: «Табиғи тарих» атты еңбегінде: Бейорганикалық заттардан алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам пайда болды».

2.«Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны
Карл Линней , Жан Батист Ламарк және Ч. Дарвин  ғалымдарының еңбектері және маңызы туралы мәліметтер беру.
—  Жауабы:—  Ж.Б.Ламарк еңбегі: 1809ж «Зоология философиясы» деген еңбегі.
Жануарлардың ұқсас белгілеріне қарап, омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөліп, 6сатыға, 14 класқа топтастырды. Бірінші болып, «Биология» терминін енгізді.
К.Линней еңбегі: 1735ж «Табиғат жүйесі». Ағзалардыңқосарланғанатауын-қосарлыатаутізімдіғылымғаенгізді.
—
Жаңа сабақ:
—  Чарлз Дарвин еңбегі     (   мұғалім оқушылардың ойын толықтырады)
—  Көбею шексіздігі  + есеп
—
—  «Кім шапшаң»
—  Бөлме шыбыны тез көбейетіні бәріңе мәлім.Мысалы, бір шыбын 120 жұмыртқа салады.Оның жартысы аналықтар.Жаз бойы шыбынның жеті ұрпағы болады.15 сәуірде бірінші рет жұмыртқаларын салды.20 тәулікте аналық шыбын тез дамып, жұмыртқалайды. 3 ұрпағында қанша шыбын туатынын есептеңдер.
—  Жауабы:
—  15 сәуір-120 жұмыртқа-60 аналық
—  5 мамыр- 60х120=7200:2 =3600 аналық
—  25 мамыр-3600х120=432000:2=21600 аналық
—
—  Тіршілік үшін күрес   слайд
—  Табиғи сұрыпталу   слайд
—  Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік ( түсіндіру)

—  А) Блиц турнир
—  Сұрақтарға  тез жауап алу.Жасырылған сұрақтарды әр топ түстер бойынша таңдайды.
—  Қызыл түс:
—  1.Топтағы  біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес.
—  2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы
—  3.Жыртқыш пен құрбандық арасындағы күрес түрі.
4. Бір түр дарақтарын алуан түрлі етіп өзгертуі.

Көк түс
—  1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
—  2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
—  3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.
—  4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.

Жасыл түс
1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
3.Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
4.Дарақтар,түрлер санының  артуы,таралу аймағының  кеңейюі.

Кім жылдам?
—  1.Сыртқы орта жағдайы біркелкі болсада ағаштардың біркелкі болып өспеуі.
—  2. 1.Жануарлар арасындағы мекенжай үшін талас
—  3.Шөл жерде өсетін өсімдік жапырағының тікенекке айналуы.
—  4.Өсімдіктің айналаға жағымсыз иісті бөліп шығаруы.
—  5.Араластырып еккен әртүрлі өсімдік дақылдарының бірі жақсы,екіншісі нашар дамуы
6.Жануарлар арасындағы мекенжай үшін талас.

Б) ОЖСБ —  бұрышы.Тестілеуді дайын кілті арқылы тексеріледі.Өзара тексеріп, дұрыстайды.
1.Алғашқы эволюционист   А) Ж.Б.Ламарк  В)И.Дарвин  Д)К.Линней
2.Жаңа қолтұқымдар,іріктемелер жасайтын шығармашылық үрдіс.
А) әдістемелік В) санасыз  С) табиғи
3.Күтімнің ауысуына байланысты өзгеретін өзгергіштік
А) Жеке   В) Топтық  С) Комбинациялық
4.Эволюцияның  атасы
А) Ж.Б.Ламарк  В)И.Дарвин Д)К.Линней
5.Малдың еттілігін,сүттілігін арттыру
А)Табиғи сұрыпталу    В)Қолдан сұрыптау   С)Санасыз сұрыптау
6.Тұқым қуалайтын өзгергіштік
А)Жеке   В) Топтық  С) Комбинациялық
7.Жаңа формалардың түзілу процесінің негізгі принципі
А)Тұқым қуалау  В) Сұрыптау С) өзгергіштік
8.Раушангүлдің жабайы тегі
А) Раушан  В) Жүзім С) Итмұрын
9.Үздіксіз жүре беретін сұрыптау түрі
А) Қолдан  В)Жеке  С) Табиғи
10.Бұғылардың негізгі азығы:
А)Арктикалық қына В)Кладония С)киіз қына
Тестілеуді дайын кілті арқылы тексеріледі.Өзара тексеріп, дұрыстайды.
Кілті:
1 ) д;  2)а;   3)с;   4)д ; 5)в;  6)с;   7)в ; 8) с ;
9)с ;  10)в .

Биологиялық диктант
—  1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі ……………………………………………….
………………………………………………деп аталады.
—  2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарыққа шыққан еңбегі…………………………………… ………………………………………………………………………………………………………………. депаталады.

3. Ч.Дарвиннің 1871 жылыжарыққашыққанеңбегі………………………………

1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы” деп аталады
2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарық көрген еңбегі “Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” деп аталады.
3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” деп аталады.

—  VІ. Үйге тапсырма : ”Тіршілік үшін күрес” тақырыбына өз ортаңмен,өмірмен тығыз байланыстыра отырып ,  эссе  жазып келіңдер.

Сабақ талдауы
Мақсаты: оқушыларға Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы , маңызы,  эволюциялық қозғаушы күштері  туралы  білім алу және өмірдегі мысалдармен байланыстыра отырып, талдай білу.
Оқушылар қойылған мақсатқа толық жетті. Тапсырмаларды толық орындап, талдай алды, толық сипаттама беріп, пікірлерін, ойларын жеткізе білді.
Құрал-жабдықтар:  сабаққа керекгі барлығы болды ( интербелсенді тақта соның ішінен ACTIV STUDIO, флипчарт, электронды оқулық).
Методика: ИКТ, ақпараттық, коммуникативтік, құзреттілік.
Оқушылардың іс-әрекеті: өте белсенді, сабаққа жақсы қатысты, үй жұмыс толық көлемде орындаған.
Оқушыларды бағалау: әр түрлі тапсырмалар берілді, сол тапсырмалар бойынша оқушы 1 бал баға қояды, жұппен жұмыс болғандықтан көрші оқушы қадағалап отырады.   9 тапсырма —  жалпы бал саны  18. – «5» , 14-16  — «4» ,  10-12  — «3» , 10  төмен  «2».
Рефлексия: сабақта барлық сұрақтар шешілді, оқушылар белсенді қатысып , сабақ өте қызықты өтті.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *