Екібастұз қаласы
Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі
Физика және информатика пәнінің мұғалімі Хасым Гульназ
Сабақтың тақырыбы: Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Сабақтың мақсаты: Энергияның сақталу және айналу заңын бір түрден екінші түрге айналу заңы екендігін есте сақтау және практикада пайдалану.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасы: Қызығушылықты ояту.
Мағынаны түсіну.
Білімді бекітуге арналған есептер.
Тест тапсырмалары.
Анықтама кестесі.
Білімді бекітуге арналған тапсырмалар.
Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын сұрау
І деңгей :
Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін (механикалық энергия) деп атаймыз.
2. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын (кинетикалық энергия) деп атайды.
3. Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын (потенциалдық энергия) деп атаймыз.
4. Энергияның өлшем бірлігі (Джоуль)
5. Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері (жұмыс) -ты береді.
ІІ деңгей :
1. Кинетикалық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
2. Потенциалдық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
3. Кинетикалық энергия өрнегі :
4. Потенциалдық энергия өрнегі:
5. Механикалық энергия өрнегі:
ІІІ деңгей:
1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с
2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15м және жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте
Ілмек. Механикалық энергия дене заңы зат Кинетикалық энергия ток физикадан ашық сабақ энергия Энергияның сақталуы