Басы » Cыныптан тыс » ЭКСПО — дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы (конференция сабақ)

ЭКСПО — дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы (конференция сабақ)

EXPO17ОҚО, Мақтарал ауданы

«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі» кмм
тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Конференция сабақ тақырыбы:
«ЭКСПО — дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы»
Конференция сабақтың білімділік мақсаты:   ЭКСПО Халықаралық көрмелерінің тарихы туралы деректермен таныстыру.Көрмелердегі жаңалықтар және ғылым мен техникадағы, мәдениет пен өнердегі нәтижелер мен жетістіктерін көрсету және ақпараттандыру.
Дамытушылық:  Халықаралық көрмелер туралы білімін тереңдете отырып,шығармашылық және дарындылық қабілеттерін шыңдай түсу.
Тәрбиелік: 2017 жылы халықаралық көрменің Астанада өтуіне мақтаныш сезімін ояту.
Күтілетін нәтиже: Конференция қатысушыларына ЕХРО Халықаралық көрмесі жайлы мәліметтерді  жарнамалай отырып, өнертапқыш қасиеттері бар адамдарды тарту.
Конференцияның тартымдылығы:
ЭКСПО халықаралық көрмелерінің өміршең жоба екенін жастарға ұғындыру.
Конференция сабақтың  ғылыми маңыздылығы:
ЭКСПО халықаралық көрмелерінің тарихи деректері туралы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын таныстыру.
Таныстырылымдық шешім:
Конференция сабақты өткізу үшін мектептің мультимедия кабинеті таңдалды.
Конференция сабаққа 8-10-11 сынып оқушылары ЭКСПО халықаралық көрмелері туралы зерттеу жұмыстарымен қатысады.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.1.Келген қонақтар мен қатысушыларды сабақ мақсаты және жоспарымен таныстыру.
ІІ.Жоспары:
1. 10 сынып оқушысы Ғанибаева Мария:  «Бүкіләлемдік көрмелер тарихы бастау алған ел — Ұлыбритания»
2. 10 сынып оқушысы Салыбекова Оразкүл: «Франция Республикасы.Көрмені өткізуден көшбастаушы қала — Париж».
3.  8 сынып оқушысы Сәрсенбаева Аружан: «1873 жылы Вена.Австро-Венгриядағы халықаралық көрме тарихы »
4. 10 сынып оқушысы Ерімбетова Гүлзада: «Бельгиядадағы халықаралық көрмелер тарихы»
5.  8 сынып оқушысы Сапарбекова Мәдина «ЭКСПО — 93.Корея: «Дамудың жаңа жолын таңдау»
6. 10 сынып оқушысы Базарбаева Динара:  «Испаниядағы  ЭКСПО  көрмелері»
7. 11 сынып оқушысы Пурханов Абай: «Германияның Ганновер қаласында өткен ЭКСПО-ның 58- ші көрмесі »
8. 10 сынып оқушысы Уразымбетов Сардар: » АҚШ -та өткізілген халықаралық көрмелер»
9. 11 сынып оқушысы  Құрбанов Асылбек: «1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер тарихы»
10. 10 сынып оқушысы  Аметалиева Әйгерім:  «Австралия, 1988 жыл «Техника ғасырындағы бос уақыт»»
11. 8 сынып Абдиқадирова Анара: «Жапониядағы ЭКСПО көрмелері»
12. 8 сынып оқушысы Аллиярова Азиза: » ЭКСПО — 2010.Қытай.» Шанхай.Жақсы қала — жақсы өмір»»
13. 8 сынып оқушысы Теңізбаева Жанар:  «ЭКСПО- 2012.Оңтүстік Кореяда.»Жанды мұхит және жағажай».
14. 10 сынып оқушысы Түрікменбаева Роза: «ЭКСПО-2017.Астана.Болашақ қуаты – Қазақстан қолында»
ІІІ. Қорытынды.
Конференция сабақ барысында қатысушылар назарына жас және әдемі елміздің астанасы  — Астана жайлы және халықаралық көрмелер жайлы қызықты слайдтар ұсынылды.
ЭКСПО өткізу бәсекелестігі олимпиадалық ойын өткізу құқығымен тең.
Сабаққа қатысушылар өздерінің белсенділіктерін көрсетті,сұрақтар қойды және өз ұсыныстарын айтты.
ІУ. Марапаттау:

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *