Қарағанды облысы
Жезказған қаласы
№1 орта мектептің мектепалды даярлық сынып мұғалімі.
Обайдуллина Жанар Сапарбековна
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы¬сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Оған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешенінің жаңа үлгісін дайындаудан мысал келтіруге болады. Өзін-өзі тану пәнінің оқу материалдары жүйеленген. Ол төрт тарау бойынша: «Өзін-өзі тану бақыты», «Адами қарым-қатынасқа үйренейік», «Адам болам десеңіз…», «Мен – табиғат перзентімін» тақырыптарымен берілген.
«Өзін-өзі тану бақыты» атты I тарауда өзін-өзі тану, білім, патриотизм, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, махаббат, сөз және т.б. құндылықтарды оқып, үйренуге баса назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.
Бұл бөлімде өзін-өзі тану, адамгершілік, адалдық, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек, достық, махаббат, карым-қатынас жасау және басқа да құндылықтарды оқып, үйренуге басымдық беріледі.
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты II тарауда 1 сынып оқушылары достық қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, әдептілік, қамқорлық, өзара түсіністік, отба¬сы, сыйластық, отан, махаббат және т.б. құндылықтарды меңгереді. Сыныпта, отбасын¬да тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бөлімде адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық этика, адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді.
«Адам болам десеңіз…» атты III тарауда мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, жақсылык, қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық, шындық, сияқты адами қасиеттердің мәні түсіндіріледі. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өз істеріне, әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Осы бөлімде өзін-өзі тану процесінде рухани-адамгершілік сапаларды дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі барынша іске асыру, өзін-өзі анықтау үшін көмектесіп, адамның өмір сүру логи-касына жауап береді.
«Мен – табиғат перзентімін» атты IV тарауда табиғат, денсаулық, қамқорлық, жасампаздық жарасымы туралы құндылықтар бойынша түсініктері қалыптасады. Оқушылар «адам» және «қоғам» ұғымдарының жан-жақтылығын түсінеді. Бұл бөлімде табиғат, адам, үйлесімділік, сұлулық, жер, ғарыш, махаббат, әлем, денсаулық және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді. Айталық, табиғаттану пәнінде оқушылар өсімдіктің құрылысымен (сабағы, жапырағы, тамыры, қабығы т.б.) танысса, бұл пәнде балалар өсімдікті құндылық ретінде қарастырып, оған қамқорлық жасауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренеді.
Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттері белгіленген.
Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыруға және балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген.
Отанын, отбасын, мектебін сүйетін азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын артты¬руда адамгершілігі мол, жаңалыққа талпынып тұратын шығармашылық тұрғыда белсенді, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.
Себебі адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу – өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-кұлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы баланың дүниеге келгеннен бастап оған жақын адамдардың қарым-қатынасынан баста-лады.
Ал бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік та-лаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды үйрене бастайды.
Мысалға, бірінші сыныпта «Көмектесе білейік», «Тіл табыса білейік», «Менің досым», «Шаңырақ шуағы», «Сыйласаң – сыйлы боласың», «Қайырымды бола білейік», «Шыншылдық – адамдықтың белгісі», «Өтірік өрге баспайды», «Әдеппен сөйлеп әдеттен» т.б. сабақтардың негізі баланы ойлануға, талдауға, қарым-қатынас жасай білуге, өзі шешім қабылдауды үйренуге, адамның адамгершілік жағынан қалыптасу үрдісінде адамгершілік сезімдер арқылы жетуге бағытталған.
Бастауыш сынып оқушыларының білімін және адамгершілік қасиеттер мен кұндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуда: «Шаттық шеңбері», «Мәтін оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелеу», «Әңгімелесу», «Ойын», «Жаттығу», «Шығармашылық жұмыс», «Жаттығу-ойлану», «Бейнематериалдар көру», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Жүректен жүрекке», «Үй тапсырмасы» тағы басқа әдіс-тәсілдер қолданылған. Мысалға «Өзіммен-өзім» – бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөйлер сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) қолданылады.
Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба¬лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педа¬гог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.