Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы
Медвежка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шибучикова Айнагүл Дәулетбайқызы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»(зияткерлік сайыс)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар алдында тіл мәртебесін көтеру. Ана тілдеріне деген мақтанышын ояту. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.
Дамытушылық: Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейту. Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Мақал — мәтелдер арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сигналдық дөңгелекшелер, қоңырау, сыйлықтар, мадақтама қағазы, алғыс хаттар, тест тапсырмалары.
Сайыстың барысы:
1. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру
2. Жүргізушінің кіріспе сөзі, мақсатын түсіндіру, әділ — қазылар алқасын сайлау
3. Сайыскерлердің өзін — өзі таныстыруы.
4. Ойын ережелерімен таныстыру
5. 4 турдан тұратын зияткерлік – танымдық ойын.
І. Бәйге
ІІ. Полиглот
ІІІ. Дода
ІV. Жорға
— Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар ұжымы. — Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Ең алдымен әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ-қазылар алқасын таныстыру.
Мектеп директоры—
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –
Биология мұғалімі-
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері –
Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп түр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын — деп бүгінгі сайысты бастайық.
Қатысушыларды таныстыру.
1-ші қатысушы —
2-ші қатысушы —
3-ші қатысушы —
4-ші қатысушы —
5-ші қатысушы —
6-шы қатысушы —
Ал, сайыскерлер, дайын болсақ бастайық. Баршаңызға сәттілік тілеймін.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
«БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық.
Алты адам қатысады.
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
1-сұрақ.
2-сұрақ.
3-сұрақ.
4-сұрақ.
5-сұрақ.
6-сұрақ.
7-сұрақ.
8-сұрақ.
9-сұрақ.
10-сұрақ.
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
Полиглот
Ең коп ұпай жинаған 5 катысушы қалады.
Тиісті сөздің үш тілде аудармасын айту.
1.Гүл өссе – жердің көркі,
. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка- )
2.Ел іші – алтын … (бесік – колыбель — )
3.Білімді өлсе,
Қағазда … қалар (есімі- имя -)
4. …. — үлкен мектеп (Өмір – жизнь-)
5…. – алтын қазына ( тіл – язык-)
6…. – отбасынан басталады (отан – родина-)
7. … – ақылдың көркі (Білім – знание -)
8. … — білім бұлағы (оқу — учеба)
9. … – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга-)
10…. алды – қызық тіл (өнер – искусство-)
— Қорытынды жасаймыз.
Ең коп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
«ДОДА»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын — деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Алты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады, сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына он балдан қосылып отырады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.
Қазақ тілі
1. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)
2. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология
3. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын айт?
(Тыныштық заман)
4. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?(Диалог)
5. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)
Математика
1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)
2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)
3. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)
4. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома)
5. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?
(Планиметрия)
Физика
- Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон)
- Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
- Дисперсия құбылысы дегеніміз не ?(Жарықтың спектрге бөлінуі)
- Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?(Архимед күші)
- Қысымды қандай құралмен өлшейді ?(Барометр)
Тарих
1. Тарихтың атасы?(Геродот)
2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)
3. Тұңғыш қазақ демограф ғалымы?(М. Тәтімов)
4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)
5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)
География
- Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)
- Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)
- АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)
- Ең терең көл? (Байкал)
5. Тайланд астанасы?(Бангкок)
Информатика
- Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор,Пернетақта)
- Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)
- Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)
- “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)
- Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті ?(Билл Гейтс)
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
”ЖОРҒА”
Әр сайыскер бір минут арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.
1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3.Халқаралық тіл (ағылшын)
4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)
5. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
6. Ұшақтың терезесі (иллюминатор)
7.Италияда Буратинаны қалай атайды? (Пиноккио)
8.Бала дәрігері (педиатор)
9.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
10.Мұсылмандар діні (Ислам)
11.Жаздан кейін не келеді? (күз)
12. Күрестің бір түрі. «Өзін-өзі қарусыз қорғау» дегенді білдіреді. Ол күрестің қай түрі? (самбо)
13.Бір жылда 12 не бар? (ай)
14.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)
15. 61 жас неше мүшел (5)
2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1.4-ші мүшел неше жас? (49)
2. Бетінде оюлары бар киізден жасалған үй жабдығы (сырмақ)
3. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
4.Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
5.Жер серігі (Ай)
6.Иттер туралы ғылым (кинология)
7.Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан? (Кажымұқан Мұнайтпасов)
8.Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)
9.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
10.Қыран құсты баулып, аңға салатын адам? (құсбегі)
11. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
12.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)
13.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)
14.Құстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды? (орнитология)
15.Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс)