Басы » Баяндамалар » Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

дарындылыкСолтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы

Медвежка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шибучикова Айнагүл Дәулетбайқызы

Тақырыбы: «Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары»

Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»,- дейді. Жолдауда атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.  Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан.

       Дарынды балалардың танымдық әрекетінің даму ерекшелігі төмендегідей:

v    Білуге деген құштарлығы.

v    Ойлау қабілетінің жоғарылылығы.

v    Терең ойлауы.

v    Жаңа ой тудыру қабілеттілігі.

v    Ассоциацияға жеңілдігі.

v    Болжамдылық қабілеті.

v    Зейіннің жоғарылығы.

v    Өте жоғары есте сақтау мүмкіндігі.

v    Қызығушылығы мен қабілеттілігі.

Қазіргі кезде «Дарындылық» ұғымы өте кең көлемде қамтылған.

Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қиялы, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың  шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

 Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

v    Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

v    Оқушы дарындылығының моделін білу;

v    Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

v    Дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

v    Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

v    Дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

v    Дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

v    Оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

v    Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

v    Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

v    Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті, оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

v    Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

v    Сабақты түрлендіріп өткізу;

v    Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

v    Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

v    Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы”,- дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине, әр мұғалімнің артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше  ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *