Басы » Баяндамалар » Қазақстан Республикасының мәдени мұраларындағы рухани-адамгершілік идеялар

Қазақстан Республикасының мәдени мұраларындағы рухани-адамгершілік идеялар

Қазақстан Республикасының мәдени мұраларындағы

 рухани-адамгершілік идеялар

 

Есентаева А.И.

«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді

 дамуы гуманитарлық колледж оқытушысы

 

«Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраға сүйеніп, ертенгі және бүгінгі күннің мәдениетін дамыту керек»- деп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай, қазіргі жастар ертеңгі тарихын ұмытпай, сақтап, соның негізінде ұлттық нақыштағы мәдениетті қалыптастыру қажет секілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.

Соның жүзеге асуының  бір көрінісі ретінде 2013 жылдың қараша айының 21-де Алматы қаласы, «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы  гуманитарлық колледжінде өткен «Қазақстан Республикасының мәдени мұраларындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың көрініс табуы» атты тақырыпта 16 студент жастары «Ғылыми жоба» қорғауы болды. Бұл үлкен тақырыпты қамтыған жобаны өткізуімдегі негізгі мақсатым- білім алушылардың туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, тарихи қазынамызды сақтау, өрбіту және келешек ұрпақтарға табыс ету болды.

«Ұстазым» деген ұлы сөз,

Жүректің берген бағасы

Мұғалім ұстаз бола алса,

Баланың көп қой данасы-, демекші «Ғылыми жобаны» бағалайтын әділ-қазылар алқасы тағайындалған болатын. Атап өтсек:

«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы  гуманитарлық  колледж директоры – Акбердина Сәуле Абдуллаевна,Колледж директорының ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Зинковец Ирина Александровна, Колледждің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Мыркасымова Нургуль Курмангалиевна, Колледж әдіскері Қырықбаева Нурзифа Ешеновна, Колледждің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Шалгымбаева Зафура Кадыровна

Шіркін-ай ғалым болсам,

Тілдескен даналықпен.

Әлемге мәлім болсам,

Ашқан көп жаңалықпен-,дей таңдай қаққан студент жастарымыз төмендегідей қорғаған жобаларында ой қозғады. Мәселен, Жұмабек Сәулетхан  «Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың алатын орны» деп келетін жобасында сонау көне жазба ескерткіштеріндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын толық жүйелеп

берсе,  Абдиева Жадыра  «Қорқыт ата жырларындағы рухани-адамгершілік тағылымы» туралы сыр шертеді. Жақұп Маржан «Әл-Фараби мұраларындағы рухани құндылықтар» туралы, соның ішінде жалпыадамзаттық тәрбиеге әсерінің зор екендігін айқындаса, Тілеген Нұрбол – «Махмұт Қашқаридің рухани-адамгершілік қүұндылықтары» туралы толық ақпарат бере келе, осы нәрселердің қаншалықты қажет екендігін анықтап берді. Ал, Манап Аида   «Қазақ даласының ғұламасы – Ахмет Яссауи»- атты жобасында мәдени мұра болып саналатын Ахмет Яссауи мұраларының ерекшелігін ашық көрсетті.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы— деп, келесі студенттер өз жобаларын жоғарғы деңгейде қорғай білді. Мәселен, Джанбаева Жазира  «Ахмет Жүйгінекидің шығармасындағы рухани –адамгершлік құндылықтардың мәнін ашу» атты жобасын алға тартса, Кузенбекова Фариза «Абай Құнанбаевтың рухани-адамгершілік құндылықтары» атты тақырыпта қозғаған ойы терең болып, оның алатын орны ерекше екендігін дәлел-дәйектерімен жеткізді. Нуржан Қазтуған «Ш.Уәлихановтың шығармаларының қазігі замандығы ролі» — деп келетін жобасында Шоқан жолымен жүруге жастарды шақырды, сондай-ақ Қожахметов Ербосын  «Ыбырай Алтынсариннің рухани-адамгершлік идеяларының жастарды тәрбиелеудегі ролі» атты тақырыбында Ыбырайдың әр әңгімесінен рухани құндылықтар жатқандығын паш етті, Жақай Мадина студентіміз болса,  «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығындағы педагогикалық идеялар» деп келетін жобасында жаңа идеялардың басымдығын көрсетті.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін

 Қайта тудым өмірге, қайта келдім

 Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

 Айта бергім келеді, айта бергім – деп, өлеңді ту еткен келесі студенттер де, тамаша жаңа ойларымен тыңдарманды таң қалдыра білді. Мәселен, Қуанбек Мақпал  «Мұхтар Әуезов шығармаларындағы рухани-адамгершілік идеялары»  атты тақырыптағы жобасын жаңа идеяларға толтыра отырып, өзіндік стиль пайдалана отырып көрсете білді. Бейсембай Жансая болса,  «Мағжан Жұмабаевтың гуманистік-педагогикалық көзқарастары» ашық-анық дәйектермен, дәлелдермен қорғап, Мағжан Жұмабаевтың шебер гуманист ақын, жазушы екендігін тағы да анықтай түсті. «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығының рухани- адамгершілік тәрбие берудегі ролі» атты жоба қорғаған Айтуар Жамиля студентіміз де жақсы жағынан көрсете білсе, Сейсенбек Жанерке «Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикаға қосқан үлестері» туралы  жобасын жаңа қырынан, жаңа оймен ерекшеледі. Қабдолла Айдардың «Әдібай Табылдиевтің халық педагогикасына қосқан үлесі» атты жобасында педагогика тарихында студент арасында алғаш қорғалып отырған жоба болып саналды. Мұның өзі біз үшін жаңалық болды. Беретін тәрбиесі де мол болады деп есептейміз. Қарсыбек Салқын «Құбұғұл Жарықбаевтың педагогикалық көзқарастары» атты жоба да студенттер арасында алғаш қорғалып отырған жоба болып табылады және осы «Ғылыми жобаның» соңғы нүктесін қойған жоба болды.

Қ.Жарықбаевтың педагогика ғылымының даму тарихы туралы мәліметтердің негізгі қайнар көзі екендігі бәрімізге мәлім.  Осы аталған ұлы ойшылдар рухани-адамгершілік туралы ой-пікірлері Қ.Жарықбаев еңбектері арқылы бізге жетіп отыр. Сондықтан да әр кезеңнің ұлы ойшылдарының рухани жалпыадамзаттық құндылықтары біз үшін тәлім-тәрбиесі мол мәдени мұра.

«Ғылыми жоба» байқауының жеңімпаздарын және қатысушыларды марапаттау рәсіміне ортаға «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы  гуманитарлық  колледж директоры Акбердина Сәуле Абдуллаевна шақырылды. Студенттерге жылы лебізін білдіріп, алға қойған мақсатқа жетуге табанды еңбек етуді тапсырды.1-ші дәрежелі дипломмен Колледжіміздің ҚБ-304 тобының студенті Жұмабек Сәулетхан  жеңіп алды, 2-ші дәрежелі дипломды ӨТМ-302 тобының студенті Қуанбек Мақпал иеленсе, ал 3-ші дәрежелі дипломмен Қожахметов Ербосын марапатталды. Ал, қалған студенттер «Ғылыми жобаға» белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Бірлігі мен ынтымағы халықтың

Көгімізден жарқырайды жарық күн

Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн— деп келетін өлең жолдарымен өз қуанышымды білдіргім келеді. Яғни, студент жастардың қазіргі күнде ұлы халық қазақтың мәдени мұраларын сақтап, өз өмірлерінде пайдаланып, келешек ұрпаққа жеткізетініне сеніммен қарауға болады деген ойды айтқым келіп отыр. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде:

Тау суындай гүрілдеп,

 Айбынды алаш елім дер

 Алтын арқа жерім дер

 Мен жастарға сенемін!

 Қажу бар ма сұңқарға

 Талу бар ма тұлпарға

 Иман күшті оларда

 Мен жастарға сенемін!

 Алаш айбынды ұраны,

 Қасиетті құраны.

 Алаштың олар құрбаны,

 Мен жастарға сенемін.

 Мен сенемін жастарға

 Алаш атын аспанға

 Шығарар олар бір таңда

    Мен жастарға сенемін- деп, осы сөздерімнің  айғағы ретінде бейнеленген десем де болады.

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *