ШҚО . Тарбағатай ауданы . Ақсуат ауылы .
№2 Ақсуат орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Амангүл Керейханқызы Сұлтанбекова
Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Я дыбысы мен әрпін таныту. Оқушыларға Я дыбысы арқылы берілген сөздерге дұрыс оқып, жаза білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Я дыбысы естілгенмен Я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып,білімдерін қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту.Оқушының ой-өрісін, тілін,танымын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Әдемі жаздыра отырып, әдемілікке,тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Я әрпінің баспа және жазба түрі, қима әліппе, суреттер, текшелер, құстың ұясы бейнеленген суреттер
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,шаттық шеңберін құру.
-Армысың, шапағатты күніміз
-Армысың, мейірімді жеріміз
-Армысың, табиғат анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
ІІ.Өткенді пысықтау.
-Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Гг дыбысы мен әрпімен таныстық.
-Г г дыбысы қандай дыбыс?
-Гг дыбысының дауыссыз екенін текше арқылы көрсету.
-Гг әрпінің баспа түрі мен жазба түрін тақтада ,ауада жазып көрсетеді.
ІІІ. Жаңа сабақ өту.
Қызығушылықты ояту.
1-тапсырма.
Жұмбақ шешу.
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады /АЯЗ/
-Сөз ішінде таныс емес дыбысты табайық.
—Я дыбысы. Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?
—Я дыбысы мен әрпі.
Я әрпінің жазылуы
а/ баспа түрі
ә/ жазбаша түрі
б/Я дыбысын хормен айтқызу.
в/ Қолымызға қалам алып ауада жазу.
г/Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.
д/ Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, оның екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын дұрыс ұғындыру.
е/ АЯЗ сөзіне дыбыстық талдау жасату.
2-тапсырма
Тақтамен жұмыс.
Мұғалім Я я әрпінің жазылуын көрсетеді.
Я я әрпін бірнеше оқушы тақтада жазып көрсетеді. / Әріп элементтерінің дұрыс жазылуына мән беріледі/
3-тапсырма.
Дәптермен жұмыс.
Я әрпінің жазылуы
Я-әрпі жазылған үлгіні әдемі етіп толтыру.
4-тапсырма.
Я дыбысы бар суретті я әрпімен сызып байланыстыр.
[bws_related_posts]