Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
№102 орта мектеп
Гулнар Сералиева Жүсіпқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Сезім мүшелері.Көз -көру мүшесі
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері.Көз-көру мүшесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға,көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге,оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Көзді сақтай отырып,ойлау қабілетін,ойы мен тілін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а/Оқушыларды түгелдеу.
ә/Психологиялық дайындық
Балалар-гүлім менің,
Балалар-күйім менің.
Балалар нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің,-дей отырып,балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.
Оқушылар:
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген «Жүйке жүйесінің гегинасы» тақырыбын оқытып, мазмұнын сұрау. Үй тапсырмасын бекітуге арналған тапсырмалар.Оқушылар тақтамен жұмыс жасау арқылы жауап береді.
1.Балалар қанша уақыт ұйықтайды?
8-9 10-12 5-6
2. Жүйке жүйесінің жұмыс істеу реттілігін тап.
Құлақ- ми – адамның іс-әрекеті
3. Жүйке жүйесі неден тұрады? Ми, жұлын, жүйке талшықтары
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту
а/ Жұмбақ шешкізу.
Жақсы –жаман нәрсенің
Ол бәрін де көреді.
Жақсыларын ішінен
Саған айтып береді. (Көз)
ә/ Көз туралы не білеміз?
көз |
көреміз кино қараймыз
кітап оқимыз заттарды ажыратамыз
б/Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру.
Миға ақпаратты жеткізетін қандай мүше? Сезім мүшелері
Сезім мүшелеріне нелерді жатқызамыз?
Сезім мүшелері |
||||
Көз |
Құлақ |
Мұрын |
Тіл |
Тері |
Заттың пішінін,түсін,мөлшерін ажыратады. Кино қарайды,кітап оқиды.
|
Дыбысты қабылдайды.шуды,сыбдырды,музыканы т.б
|
Иісті сезеді, ажыратады. |
Дәмді ажыратады.қорғаныш қызметін атқарады. |
Қорғаныш қызметін атқарады. Сипап сезу мүшесі. |
в/ Көз –көру мүшесі туралы түсінік беру.
Адам көзбен заттың пішінін,түсін,мөлшерін ажыратады.Айналадағы әлемнің әсемдігін көреді, кітап оқиды,теледидар қарайды.Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80-90 %-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабақтан тұратын шар тәрізді мүше.
Сыртқы қабық: Көзге пішін береді,жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабық: қантамырлы нұрлы қабық. Ортаңғы қабықта қарашық орналасқан.Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Нұрлы қабық бояғыш заттарға бай. Бояғыш заты аздау көз-көк немесе боз түсті болып келеді.
Ішкі қабық: Торлы қабық та жарықты қатты сезетін жасушалар орналасқан.
Көздің қосымша мүшелеріне — кірпік, қас,қабақ, бұлшықеттер,жас бездері жатады.
Қабақ пен кірпік | Бұлшық еттер | Жас бездері | Қас |
көзді шаң тозаңнан,қоқымнан,сұйық тамшылардан қорғайды.
|
Көзді жоғары –төмен,ішке-сыртқа қарай қозғалтып тұрады. | Ұдайы жас бөледі.Көзді ылғалдап,жылытады. | Аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады. |
Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы : 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45-50 жаста 33 см қашықтықтан жақсы көреді. Ал, 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді.Алыстағы көргіштік көбінесе қарт адамдарда кездеседі.
г/ Оқушыларға көзді күте білудің ережелерін тізбектей оқытып түсіндіру.
-Жазғанда жарық сол жақтан түскені дұрыс.Оқығанда кітап,дәптер көзден 30-35 сантиметр қашықтықта болуы керек.
-Жатып оқу,жазу,алагеуім жарықта оқыған зиян.
-Күн сәулесі,электр шамының жарығына тік қарауға болмайды. Көздің жанарын әлсіретеді. Жасыл түс көзге пайдалы.
-Көзді қолмен,кір орамалмен сүртуге болмайды. Түрлі микробтар түсуі мүмкін.
-Көзді үшкір заттардан сақтау.Қолыңда ұзын ағаш,қайшы,пышақ болғанда жүгірме.
-Теледидарды ұзақ қарама. Экраннан 3-6 м алыс отыру керек.
-Көлікте келе жатып кітап оқыма. Көз тез шаршайды.Егер ұзақ оқу керек болса,әрбір 20 минут сайын көзді демалдырып отыру керек.
Көз аурулары |
||
Глаукома |
Катаракта |
Көз қарығуы |
Көз қуыстарындағы сұйықтық қысымының көтерілуі | Көздің мөлдірлігінің көмескіленуі | Көздің сілемейлі қабығы қабынады. |
Көз ауруын емдейтін дәрігерді-окулист деп атайды.
Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем:
Егер көзге бөгде зат түссе,дереу қайнатыл,ған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу. Көзге қышқыл,сілті сияқты сұйықтықтар тисе,суды ағызып қойып жуу керек. Көзді ешуақытта қолмен уқалауға,сүртуге болмайды.,тек таза,жұмсақ шүберекпен сүртеді. Сондай-ақ ерте кезде әжелеріміз халықтық емдерді қолданған Мысалы көзге бөгде зат түссе,тіл салу арқылы алған.
ғ/Ауылдық ФАП мейіркеші көзді күту ережелері және көз ауруларын болдырмау жолдары туралы түсінік береді.
д/Суретке қарай отырып,қорытынды жасау.
е/Мақалдардың мағынасын түсіндіру.
Көз таразы,көңіл- қазы.
Көз-нұрдың ұясы,
Көңіл-сырдың ұясы.
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
Көз- қорқақ,қол-батыр
ж/ Сен білесің бе? Көз туралы қызықты мәліметтер
-Жағымды заттар көргенде адамның қарашығы 45% дейін ұлғаяды.
-Ер балаларға қарағанда қыз балалар көзін екі есе жыпылықтатады екен.
-Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.
-Көк көзділер ауруға сезімталдау.
-Тез оқығанда көз аздау шаршайды.
-Көз астына қарағанда үстінде кірпік көптеу.
-Аралардың көзі бесеу болады. Екі үлкен,үш кішкентай.
-Ал құмырсқалар болса жұлдыздарды күндізде көре алады екен.
-Шаянның көзі антенна сияқты шошайып шығып тұратын бұтақшаларында орналасқан.Тіпті құйрығында да орналасқан көзі бар екен.
з/ Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар орындау.
1)Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.
2)Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.
3)Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз
д) Тапсырмалар орындау
Сәйкестікті табу
Көз есту
Құлақ иіс сезу
Тіл көру
Мұрын дәм сезу
Кім қалай дыбыстайды?
Ит мияулайды
Тауық үреді
Телефон шақырады
Мысық шырылдайды
IV Сабақты қорытындылау
Vizual Bazis бағдарламасы арқылы тест құрастырылған, сол бойынша үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест
1.Көру деген –бұл:а/ әдемі көзілдірікә/ әдемі көз б/ алыстан жакыннан көру
2.Көз неше қабықтан турады?а/2 ә/3 б/4
3.Қабақ пен кірпіктің қызметіа/ шаң,тозаңдардан қорғайды ә/ жас бөледі
б/ көзді қозғалтып турады
4.Көз кітап пен дәптерден неше сантиметр қашықтықта болу керек? а/10-12см ә/20-25 см б/30-35 см
5.Қандай түстер көзге пайдалы? а/ақ ә/жасыл б/көк
V Үйге тапсырма беру Үйден мәтінді оқу және көз туралы мақал-мәтелдер жинау,жаттау.
[bws_related_posts]