Басы » Cыныптан тыс » «БІЛІМ КҮНІ» АТТЫ ОЙЫН-САУЫҚ СЦЕНАРИЙІ

«БІЛІМ КҮНІ» АТТЫ ОЙЫН-САУЫҚ СЦЕНАРИЙІ

АйгулАТЫРАУ ҚАЛАСЫ
№6 «Гүлдер» балабақшасының саз жетекшісі-
АКИНОВА АЙГУЛЬ ХАЛИМОВНА.
 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫНА   АРНАЛҒАН
«БІЛІМ КҮНІ»  АТТЫ  ОЙЫН-САУЫҚ   СЦЕНАРИЙІ
Балалар залға  көңілді музыкамен кіреді де, орындықтарға жайғасады.
 Жүргізуші: Балалар, сендер білесіңдер ме, біздер бүгін қандай мерекеге жиналып отырмыз? (балалар жауап береді)
 Жүргізуші: Дұрыс, балалар! Бүгін біздер 1 қыркүйек-Білім күнін тойлауға жиналып отырмыз!
Ортаға балалар шығып, тақпақтарын оқиды:
Кел, балалар, ойын ойнайық,

Бақшамызда «Білім күнін»
Бірге тойлайық!
Кел балалар, ән де салайық
Білім күнін қуанышпен қарсы алайық!
 
Сәлемдесе білетін,
Мен әдепті баламын.
Сауат ашып бақшадан,
Білімге бастау аламын!
 
Білім ғана көтерер,
Биігіне адамды.
Көзіңді ашып үйретер,
Жақсы мен жаманды.
 
Жамандықтан жирентіп,
Жақсылыққа үйреткен.
Тілімді таза сөйлетіп,
Ән салдырып билеткен,
Апайларға мың алғыс!
 
Ән «Балабақша бағында»муз.С.Қарімбаев.
Жүргізуші: Балалар, бүгін мен сендерді саяхатқа шақырғым келеді. Ол саяхатта біз өздеріңе таныс ертегілердің  кейіпкерлерімен кездесеміз…Барамыз ба саяхатқа? Ендеше көздеріңді жұмып, музыканы тыңдаңдар!
Музыка ойнайды.
Балалар көздерін жұмады. Музыка тоқтайды. Залға Білгіш келеді.
Білгіш: Сәлематсыздар ма, балалар!
              Менің атым-Білгіш!
              Мен бәрінде білемін!
              Әр түрлі сұрақтарға,
              Нақты жауап беремін.
              Сендер, балалар, менімен бірге білім әлеміне барғыларың келе ме?
Балалар: Әрине, білім әлеміне біздің  барғымыз келеді..
Білгіш: Біріншіден, балалар, маған мына сұраққа жауап беріңдерші. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (Балалар жауап береді)
 
Ән «Ана тілі»муз.И.Нүсіпбаев.
Білгіш:Жарым ырыс-жақсы сөз,
              Жаман ырым-жаман сөз,-дейді халық нақылы.
              Әйбат сөздер қаншама?
              Қай әріпте көп екен?
              Кел соларды жинап тез,
             Танысалық әріппен!
Білгіш: Ендеше, балалар, бәріміз бірге әр түрлі аялдамаларға барамыз! Бірінші аялдама – «А» әрпі аялдамасы. Қандай көлікпен барамыз?
Балалар: Пойызбен!
Балалар пойызға «отырып», бірінші аялдамаға келеді.
Ортаға басында «А» деген жазуы бар маска киген  бала шығады.
Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар! Біздер «А» әрпі аялдамасына келіп калыппыз!
«А» әрпі:   Мені барлық ел білер,
                   Жақсылықты білдірер.
                   Қызығатын басқалар,
                   Қандай сөздер басталар?
Балалар хормен жауап береді: ақыл, арман, адалдық, ана, ардагер, азаттық.
«А» әрпі: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ал енді, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер, жарай ма?!
 «А» әрпі мектекпе қажетті құралдар туралы жұмбақтар жасырады:     
                     Шұқшитқан соң әуелі,
                     Сені әрбір әріпке.
                     Суреттері әдемі,
                     Бұл қай кітап?
Балалар:    Әліппе!
«А» әрпі:    Аппақ қат-қат беттері
                    Бантигіндей Айгүлдің
                    Жыртылмасын шеттері;
                    Таза болсын
Балалар:   Дәптерің!
 «А» әрпі :  Ізіне сан сөз салып,
                     Байытатын санаңды.
                     Лыпылдайтын қозғалып,
                     Құрметтейік
Балалар:    Қаламды!
«А» әрпі :   Түзулікті қаласаң,
                     Тура тартып жол тізгіш.
                     Беті өлшеуіш,толы сан,
                     Бұл не дейсің?
Балалар:    Сызғыш!
«А» әрпі: Жарайсыңдар, балалар! (Жұмбақтардың жауабын балаларға көрсетеді)
Білгіш:  Балалар, білесіңдер ме, мына заттардың бәрі (сызғыш, дәптер, қаламды, әліппе кітабын көрсетіп) сендер ертең мектепке барғанда қажет болады. Қалай ойлайсыңдар, не үшін?
Балалар жауап береді.
Білгіш: Жарайсыңдар, балалар! «А» әрпінің тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар! Ендеше, саяхатымызды жалғастырайық! Келесі аялдамаға барамыз!
Балалар пойызға отырып, келесі аялдамаға барады. «Ә» әрпі оларды қарсы алып, ортаға шығады.
«Ә» әрпі:     Басында өзім тұратын,
                      Сөздерім бар ұнайтын.
                      Біліп алсын балалар,
                      Ол қандай сөздер?
Балалар хормен  жауап береді: әдептілік, әділдік, әдемілік, әрлілік, әсем, әске, әліппе, әзиз, әже, әке, әпке.
«Ә» әрпі: Дұрыс айтасыңдар,  балалар!
Ортаға бала шығып:  Думандатып бақшада,
                                         Қызықты той бастайық!
                                         Келіңдер енді бірігіп,
                                         Биді де билеп тастайық!
Барлық балалар шеңберге тұрып, «Егер саған ұнаса» биін билейді.(«Если нравится тебе»муз. әнінің аудармасы.
 
Білгіш: Міне, балалар, біздер «Ә» әрпімен де достастық. Ал енді келесі аялдама – «Б» аялдамасы.
Балалар орындықтарына отырады. Пойыз. Ортаға «Б» әрпі шығады.
 
«Б»әрпі:   Сәлематсыздар ма, балалар! Ал мен «Б» деген әріп боламын. Айтыңдаршы балалар, менен басталатын  қандай сөздерді білесіңдер?
 
Балалар хормен: Бақыт,бірлік,балалық,бестік,білім,базарлық!
 
«Б» әрпі: Рахмет, балалар! Жақсы, әдемі сөздерді көп  біледі екенсіңдер! Ал сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма?
 
Жүргізуші: Әрине,біздің балалар ойнағанды ұнатады! Қане, балалар, бәріміз бірге «Өзіңе жұп тап!» ойынын ойнап жіберейік!
«Өзіңе жұп тап!»ойыны ойналады
Ортаға «Д» әрпі шығады:
Білгіш: Балалар, қараңдаршы, бізге «Д» әрпі қонаққа келіпті. Олай болса, балалар,  «Д» әрпінен басталатын қандай жақсы сөздер білетінімізді айтайық!
Балалар хормен:Дархан, дарын, даналық, дана, дара
«Д» әрпі: Рахмет, сендерге балалар! Мен туралы жаксы-жаксы сөздерді айттыңдар! Ал сендер ертегі ұнатасыңдар ма, білесіңдер ме? Менің жұмбақтарым ертегілер туралы болмақ. Мен сендерге қазір ертегілер кейіпкерлерін айтамын, ал сендер бұл қай ертегінің кейіпкері екенін айтып берулерің керек, келістік пе?
1.  Ата, әже, немере, ит, мысық, тышкан  («Шалқан»ертегісі)
2.  Ата, әже, қоян, аю, қасық, түлкі            (Бауырсак)
 3. Мысык, сиыр, дүкенші, ағаш, тышқан    (Мақта кыз)     
4.  Тышқан,бақа,қоян,түлкі,аю            (Үйшік)
 
Білгіш: Жарайсындар, балалар! Ертегілерді жаксы біледі екенсіңдер! Ал, балалар,  кітаптар қайда болады?
Балалар:  Кітапханада, дүкендерде.
Білгіш:  Дұрыс балалар! Келесі жылы сендер мектепке барғанда мектепте кітапхана болады, сол кітапханадан сендер кітап ала аласыңдар. Ол кітапты оқып, сосын қайтадан кітапханаға тапсырасыңдар.Түсіндіңдер ме, мені? Ендеше,  саяхатымызды жалғастырайық! Келесі аялдамамыз – «Е» әрпі аялдамасы
 
Ортаға «Е» әрпі шығады
«Е» әрпі: Сәлематсыздар ма, балалар! Ал, балақандар, басында мен тұратын  кандай жаксы сөздер білесіңдер?
Балалар хормен:  Еңбек, есті, ел, ерлік.
«Е»әрпі: Рахмет, балалар! Мен туралы жаксы-жаксы сөздер айттындар, ал сендер математика пәнін ұнатасыңдар ма?
Балалар хормен жауап береді.
«Е»әрпі: олай болса, мен сендерге математикалық жұмбақтар әкелдім!
 
Білгіш «Е» әрпінің математика жұмбақтарын оқып береді:

 Сатып алып бір сәбіз,
           Қойды үйрек себетке.
           Тағы сонша қосса оған,
           Нешеу болады әдетте?(2)
Құмырсқалар еңбекшіл,
          Ұйымшыл және ол көпшіл
           Екеуі жүр дән тасып,
           Екеуі шөпке жармасып,
           Сонда шырша түбінде,
           Қанша құмырсқа санап шық…(4)
 
Алма бағы жайнаған,
          Қызыл алма айналам,
          Алдым үзіп бесеуін
          Тағы алдым екеуін
          Алдым сонда нешеуін?   (7)
Білгіш: Ал енді, сандарға қатысты бір көңілді ойынмызды ойнап жіберейік!

«Сандар» ойыны

Жүрізуші: Жарайсыңдар, балалар! Білгіш және әріптер, сендерге де көп-көп рахмет! Енді балаларымыздың тақпақтарын тыңдап, әнін тамашалайық!

Ортаға балалар шығып, тақпақтарын оқиды:

Мен әдепті баламын,

Биыл беске толамын!

Калам алып, сурет салып,

Бірге өсті талабым!

Дыбыстарды ажыратып,

Бәрін жаттап жүремін.

Ақ қағазға әріптердің,

Атын жаза білемін.

Ерінбеймін, есептеймін,

Санды санға қосамын.

Бару үшін мектепке тек,

7- жасты тосамын.

 

Ал мен   болсам,

5-тен асып барамын,

Алты жасқа толамын.

Буынды  қосып сөздерден,

Сөйлем  кұрай   аламын.

Әріптерді   құрастырып,

Оқып жүрмін  жалықпай.

Білімменен биікке,

Ұшсам деймін қалықтай!

Балалар «Жас дәуірдің түлегіміз» муз.Нүсіпбаев.

Білгіш балаларға арнайы әкелген тәттілерін ұсынады. Қоштасып залдан шығып кетеді.

Балалар топтарына тарайды.

 

 

 

«ҮЙШІК»

             (Екінші кіші топ балаларына арналған  Күзгі ойын түрі)

 

Екінші кіші топ балалары залға «пойызбен» кіреді.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің залымыз сондай әдемі безендірілген! Ол бір мерекенің белгісі емес пе, солай ма? Біз қандай мерекені тойлауға жиналып отырмыз?

Балалар: Күз мерекесін!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Себебі біз Күз мерекесіне жиналдық. Олай болса, Алтын Күзді ортамызға шақырайықшы!

Балалар хормен:  Күз!Күз!Кел бізге!

Әдемі әуенмен залға Күз кіреді.

Күз:            Сәлем, өрен достарым!

Өмірге көп қосқаным!

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты!

Балалар «Күз»муз.Бруссиловский .

Күз: Жаңа менімен бірге осында жапырақтарым ұшып келіп еді.(Жүргізуші қыздарға жапырақтар таратады)

Қане, жапырақтарым, тұрмаңдар!

Биге, биге шығыңдар!

Күз қыздар тобымен «Жапырақтар» биін билейді.

Биден соң қыздар жапырақтарын  еденге қойып, орындықтарына отырады.

Күз: Ой, мында көптеген жапырақтар ұшып келіпті! Кім маған менің жапырақтарымды жинап береді?!

Жүргізуші: Біздің ер балаларымыз сіздің жапырақтарыңызды жинап береді.

                    Ойын «Кім көп жапырақ жинайды?»

Жүргізуші: Құрметті біздің көркем Күз, біздің мерекемізге қош келдіңіз! Төрлетіңіз, жоғары шығыңыз, демалыңыз кішкене… (Күз отырады)

Күз: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, сендерге өзімнің достарыммен келдім. Қане, қарсы алыңдар менің Қоян досымды!

Залға Қоян секіріп келеді.

Қоян:  Мен ұзын құлақ сұр Қоянмын!

Ылғи түнде жортамын.

Қалдырмаймын ізімді,

Өте қатты қорқамын…

Жүргізуші: Ой-й-й, Қоян, сен бізден қорықпа! Одан да балалармен бірге билесеңші, жарай ма?!

Балалар Қоянмен бірге «Ор қояндар» биін билейді.

Билеп болған соң  Қоян🙁дірілдеп)

– Ой –ой –ой, балалар! Күз келді, күн салқындады. Жылы ін керек маған-н, жылынар ем мен жылдам-м-м…!

Жүргізуші: Қоян, сен мұңайма! Біздің балалар саған қазір үй салып береді!

Балалар  саусақтарымен «Үйшік» жаттығуын  орындайды.

 Жүргізуші: Міне, Қоян, біздің балалар саған қандай әдемі үйшік салғанын көрдің бе?! Алғашқы қонағыңды қарсы ал!

Залға Бақа секіріп келеді.

Бақа:    Мен-Бақамын балпақ,

Бұтым менің талтақ. — Мен де үйшіктің ішіне кірейінші, а?!

Қоян:   Сенің қандай өнерің бар?

Бақа:  Мен ән салғанды ұнатамын.

Жүргізуші: Біздің балалар да ән салғанды ұнатады. Қане, балалар, Бақамен бірге ән салайықшы!

Балалар бақамен бірге  «Бақа»муз.Тезекбаев.

Қоян:  Бақа, үйге кіре ғой,

Дос боламыз, келе ғой!

Бақа үйшіктің  ішіне кіреді.

Залға қолына қолшатыр ұстағанТүлкі келеді

Күз: Менің тағы бір досымды қарсы алыңыздар!

Түлкі:   Мен-Түлкімін күлкілі,

Кім білмейді Түлкіні?

Алдамаймын ешкімді,

Мерекеде бұл күні.

Кірейін мен де мына үйшіктің ішіне!

Қоян: Ал, сенің кандай өнерің бар?

Түлкі: Менде мынадай әдемі қолшатыр бар! Балалар, осы қолшатырмен және менімен ойнағыларың келе ме?!

Түлкі балалармен ойын ойнайды «Күн мен жаңбыр»муз.Ломова

 

Қоян:Түлкі үйге кіре ғой,

Дос боламыз, келе ғой!

Түлкі үйшіктің ішіне кіреді.

Күз: Менің тағы бір досым келе жатыр!

Залға аю кіреді.

Аю:   Мен балқұмар қорбаңбаймын,

Тәтті алуға қорланбаймын!

Кірейін менде үйшіктің ішіне…

Қоян:  Ал, Қорбаңбай,  сенің қандай өнерің бар?

Аю:  Мен билей алмаймын,

Әндерді де салмаймын.

Апанымның ішінде

Қорылдап тек ұйықтаймын…

Қасында томар тұрады. Сол томардың үстіне отыра кетіп,«ұйықтайды».

Жүргізуші: Ой, балалар,  қорбаңбай Аю ұйықтап қалды ғой! Қане, оны оятып, кішкене ойын ойнайық!

Балалар: Аю, ей, Аю! Ұйқыңнан тұрсаңшы,

Сауық- сайран құрсаңшы! (Аю есінеп оянады)

                            «Аю жүрген орманнан» ойыны(«У медведя во бору»ойынының аудармасы)

Қоян: Аю, үйге кіре ғой,

Дос боламыз, келе ғой!

Жүргізуші: Барлық аңдар үйшіктің ішінде тату-тәтті өмір сүріпті. Қоян күні бойын сәбіз жейді, Бақа-ән салады,Түлкі-билейді, ал Аю-күні бойы ұйықтайды,үйшікті күзетеді. Бұл үйшіктін ішінде тұратын аңдар қыстың қаһарлы аязынан еш қорықпапты.

Барлық аңдар шығып балалармен билейді.

Жүргізуші: Осымен, бүгінгі Күзгі мерекеміз де аяқталып келе жатыр. Біздер де балалар, өзіміздің жылы тобымызға оралайық!

Күз:  Менің де кетуім керек балалар!

Барлығыңды қимаймын,

Барымды мен сыйлаймын!

      Күз балаларға ішінде алмалары бар себетін береді.

Күз аңдармен кетеді. Балалар «пойызға» отырады.Топтарына оралады.

 

 

                                      

«Маша мен Аю»Күзгі ертеңгілік.

(ортаңғы топ балаларына арналған)

 

Балалар залға кіреді де орындықтарына отырады.

Жүргізуші: Балалар,тыңдаңдаршы!

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,ойнай алмай ,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күз мезгілінде болады!

Жүргізуші: Дұрыс, балалар! Ендеше, бәріміз Күзді бізге қонаққа шақырайық!

Балалар дауыстап Күзді шақырады:  Күз!Күз! Келші бізге!

Қонақ болшы бөбектерге!

Залға музыкамен Күз кіреді.

Күз ханшайымы: Сәлематсыздар ма, балалар!
Балалар: Сәлематсыз ба!
Күз ханшайымы:  Уа, халайық, дархан далам -армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқының алғысын!
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме         қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Ал, біздің балалар саған ән орындап береді!

Ән «Күз-жомарт»муз.Д.Ботбаев.

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.

Қане, жапрырақтарым менің, ұшыңдар!

Биге, биге шығыңдар!

Би «Жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге мынадай үлкен себетпен келдім. Бұл себеттің іші толы жеміс-жидектер. Ал, оның дәмін көргілерің келсе, менің жұмбақтарымның шешуін тауып беріңдер маған!

Күз көкөністер мен жеміс-жидектер туралы жұмбақтар жасырады.

Жұмбақтар:

1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?(Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?(Пияз)

Күз: Жарайсындар, балалар! Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер!

Жүргізуші: Құрметті Күз ханшайымы, біздің балалар сізге арнап тақпақтарын оқып бергісі келеді.

Балалар өздерінің Күз туралы дайындаған тақпақтарын оқиды

Күз: Тамаша, жарайсыңдар, балалар! Ал мен сендерге тағы да бір қызықты нәрсе әкелдім…Балалар,сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: Иә!

Күз: Ендеше, менің ертегімді тыңдаңдар…

Залдың түбінде үйшік тұрады.

Күз: Ерте-ерте, ертеде  бір кемпір мен шал тұрыпты.

(ортаға кемпір мен шал шығады-ортаңғы топ балалары)

Күз: Олардың немересі –Машенька болыпты.

(үйшіктін ішінен немересі шығады)

Күз: Бір күні немересі  Машенька тоғайға саңырауқұлақ теруге барғысы келіп, атасы мен әжесінен сұранады.

Машенька: Ата, әже, мені тоғайға саңырауқұлақ теруге жіберіңізші.

Күз: Ал, атасы былай жауап береді.

Ата: Тоғайға барып серуендегенше бізге көмектес, бақшадағы көкөністерді жина!

Күз: Кім Машенькаға көкөністерді жинауға көмектеседі?!

Балалар: Біздер!

Бала: Не деген дәмді көкөністер,

Не деген тәтті жемістер?

Жемісті жесең кемшілік,

Болмайды сенің бойында!

Болсыншы осы ойыңда.

Хоровод «Бақшадағы ән-сауық» муз.Можжевелова.(«Огородная-хороводная»әнінің аудармасы)

Жүргізуші: Міне, қандай көптеген көкөністер жинады біздің балалар!

Ал көкөністерден не дайындауға болады?

Балалар: Көже!

Жүргізуші: Ал, жидектерден ше?

Балалар: Сусын!

Жүргізуші: Ендеше, мерекемізді «Көже мен сусын» ойынымен жалғастырайық!

                                   «Көже-сусын» ойыны

Күз: Ал, енді ертегіні жалғастырайық…Машенькамен тоғайға барайық!

Жүргізуші: Жо-жоқ, тыңдашы, жауын басталайын деп жатқан сияқты…

Бала қолшатырмен ортаға шығады:

Жауын-жауын жауа бер,

Қорықпаймыз біз сеннен.

Қолымызда қолшатыр,

Келші, ойна бізбенен!

«Қолшатырмен галоштар» ойыны

Күз: Машенька тоғайға, күзгі орманға келді….Саңырауқұлақтарды іздеп –іздеп таба алмайды

Жүргізуші: Саңырауқұлақтар бір орында тұрмаңдар!

Би билеуге ортаға шығыңдар!

Ортаға Саңырауқұлақтар шығады. «Саңырауқұлақтар биі»

Күз: Машенька саңырауқұлақтарды көріп қалды да, оларды жинай бастады.

Жүргізуші: Қане, балалар, біз де Машенькаға саңырауқұлақ жинауға көмектесейікші, жарай ма?!

Ойын:«Санырауқұлақтарды жина!»

Күз: Санырауқұлақтарды жинаймын деп Машенька тоғайда адасып кетеді..

Бір кезде Машенька жан-жағына қараса, біреу қорбаң-қорбаң етіп келе жатыр екен.

Залға Аю кіреді.

Аю: А-а-а, ұсталдың ба, Машенька? Енді сен менімен бірге тоғайда тұрасың, маған тамақ пісіресің, менімен ойнайсың!

Күз:  Машенька сенімен қандай ойын ойнайды?

Аю: Маған бәрібір. Мен әртүрлі ойындарды ұнатамын…

Жүргізуші: олай болса, Аюжан, біздің балалармен мына көңілді ойнымызды ойнап жібер. Бұл ойын «Көзді жұмып, жидекті дәмінен таны!»деп аталады. Сен жидектерді жегенді ұнатасың ғой, солай емес пе?

«Көзді жұмып жидекті дәмінен таны!» ойыны ойналады

(Ойын ойналып жатқанда, Машенька үйдің ішіне кіріп кетеді де, үйден самсалармен шығады)

Күз: Балалар, сендер аюмен ойнап жатқанда Машенька самсалар пісірді, сосын Машенька Аюға былай дейді:

Машенька: (қолында қорап) Аю ағай! Мына қорапты менің ата-әжеме апаршы,тек қорапты ашпа,самсаларды жеме. Мен ең биік ағаштың үстіне шығып алып бәрін көріп отырамын.

Аю: Жарайды,барамын мен сенің ата-әжеңнің ауылына, апарамын сенің самсаларыңды. Бірақ, аулада жауын жауайын деп жатқан жок па екен?! Мен далаға шығып қарайыншы!

                              Аю залдан шығып кетеді

Жүргізуші: Балалар, Аю кетіп қалған сияқты, ал біз Машенькаға қораптың ішіне кіруге көмектесейікші!

Жүргізуші: Күз Машенькаға қорабтың ішіне кіруге көмектеседі.

(Күз Машеньканы қорапқа салады.Самсаларын қолына ұстатады)

Залға аю келеді

Күз: Аю оралады. Қорапты көріп, арқасына салады да, Машеньканың ата-әжесінің ауылына қарай жол бастайды. Аю орманмен келе жатады, келе жатады. Бір уақытта шаршап былай дейді:

Аю: Уффф, шаршадым мен! Мына қорап та тым ауыр екен, кішкене дем алайын. Машеньканың бір түйір самсанын жеп алайыншы,…қарным ашты менің…

Күз: Аю  қорапты ашайын деп жатқанда ішінен Машеньканың дауысы естіледі. Машенька (қораптың ішінен):  Мен бәрінде көріп тұрмын! Самсаларыма тиме! Самсаларымды жеме! Атам мен әжеме апар!

 Аю: Ойбай-й, мына қыздың көзінің көргішін-ай!

Күз: Қорапты қайтадан арқасына салып алып, Аю жолын жалғастырады..Көп жүреді. Аю шаршайды..

Аю: Енді мені Машенька көре алмайтын шығар, біраз алыстадым ғой! Қане, бір самсаны жеп дәмін көрейін.

Күз: Аю қорапты енді ашайын деп жатқанда, қораптың ішінен дауыс шығады.

Машенька(қораптың ішінен): Мен бәрінде көріп тұрмын! Самсаларыма тиме! Самсалармды жеме! Атама апар, әжеме апар!

Күз: Аю аң-таң болады да, жолын жалғастырады. Бір уақыттарда  Машеньканың үйіне  жетіп, жүгіріп келіп терезесін қағады.

Аю: Ата-әже, шығыңдар бері! Сендердің немерелерің Машенька сендерге көп самса пісіріп беріп жіберді!

Күз:Үйдің ішінен ата мен әже жүгіріп шығып, қорапты ашып қалғанда, ішінен кім шығады балалар?!

Балалар: Машенька!!

 Ата мен әже Машенькаға кораптың ішінен шығуға көмектеседі.

Машенька: Сәлематсыздар ма, ата, әже! Әй, Аюбай, сен маған ренжмеші, одан да менің самсаларымнан ауыз ти, жарай ма?

Күз: Машенька Аюға самсаларынан береді және барлық балаларға да  самсасынан береді.

Жүргізуші: Рахмет саған, Күз! Ұнады ма сендерге, балалар, күздің сендерге айтып берген ертегісі? Не деп айтамыз Күзге?

Балалар: Рахмет, саған Алтын Күз!

Жүргізуші: Ал енді ,балалар, біз күзбен қоштасайық,тобымызға оралайық,топта Машеньканың берген самсаларымен біз шәй ішеміз.

Балалар Күзбен қоштасады.Тобына оралады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *