Басы » Cыныптан тыс » Білгенге маржан (Презентация)

Білгенге маржан (Презентация)

Солтүстік  Қазақстан  облысы
Петропавл қаласы
№ 20 орта мектебі
Сүлейменова Аққу Абайқызы  химия пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Білгенге маржан

Мақсаты:

Білімділік:    Оқушылардың химия-биология сабақтарында алған білімдерін пысықтау.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.Сабақбарысында алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрену.

Дамытушылық:Оқушылардың пәнге қызығушылығын,  танымдық көзқарастарын дамыту.

Сабақтың типі:     сабақтан тыс сайыс сабағы

Сабақтың  әдісі:  ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар:мультимедиялық жабдықтар, алдын ала дайындалған слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сыныпты 2 топқа бөліп топтың атын, мақсатын таныстыру

І-топ «Тапқырлар »ұраны: білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

ІІ-топ «Ойшылдар» ұраны:Ақыл-жастан, асыл-тастан.

ІІ. Сайыс барысы

І-кезең «Бәйге»

ІІ-кезең «Полиглот »

Сергіту сәті

ІІІ-кезең «Ойлан тап»

ІV-кезең «Қызықты тәжірибе»

V-кезең Бейне сұрақ

VІ-кезең «Шешендік өнер»

VІІ-кезең Қорытынды

—         Әділ қазыларды сайлау

 І-кезең «Бәйге»

Ең қиыны жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма.

Осы ойыннан көрейік ерен ерді,-деп кезекті бәйге сұрақтарына береміз.

Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ болып  жауап береді. Бір дұрыс жауап бір ұпай.

1. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)

2. Адам жүрегі неше бөлікті(4)

3. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл (калий)

4. Темекі құрамындағы қышқыл.(Никотин)

5. Металдар кернеуінің активтілік қатарын кім ұсынды. (Бекетов)

6.Ағзаның ең кішкентай бөлігі? (жасуша)

7.Электротехникада қыздыру лампаларын жасау үшін қандай металдан жасалған сым пайдаланады? (Вольфрам)

8.Пышақпен кесуге болатын металл(натрий)

9.Реагент дегеніміз не?(Реакцияға түсуші заттар)

10.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не? (моль)

1.Авогадро саны нешеге тең? (6,02 1023моль )

2.Топ нешеге бөлінеді? (2негізгі,қосымша)

3.Айырылу реакциясы дегеніміз не? (Бір күрделі заттан бірнеше заттар түзілу)

4.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым (генетика)

5.Электронды беріп жіберу үрдісі(тотығу)

6.Аспан тасы аталған метал( темір)

7.Жасушалардың көбею түрлері? (митоз, мейоз)

8.Өлі жасушаны алғаш рет көрген кім? (Р.Гук)

9.Алюминий таралуы бойынша нешінші орында ( 3)

10.Сілтілік металдар қайда сақталады (керосинде)

ІІ-кезең « Полиглот»көп тілді меңгергендігін көрсетеді.  Бұл кезде ойыншылар көрсетілген элемент атын қазақша,орысша, латынша айтуы керек.Әр дұрыс жауап 5ұпайЭлементтер интерактивті тақтада кезектесіп шығып отырады.

1.Оттек-кислорд-оксигениум

2.Күкірт-сера –сульфур

3.Сынап-ртуть-гидраргерум

4.Темір-железо-феррум.

5.Күміс-серебро-аргентум

6.Алтын-золото-аурум

7.Қорғасын-свинец-плюмбум.

8.Мыс-медь-купрум

9.Қалайы-олово-станнум

10.Мырыш-цинк -цинк

Сергіту сәті «Кірпі биі»

ІІІ-кезең «Ойлан тап»

Әр топқа сөзжұмбақтар беріледі соны шешу керек, әр бір дұрыс жауап 5 ұпай.

Оқушылардың сөзжұмбақ шешуі кезінде баяу әуен ойнап тұрады.

«Ойшылдар »сұрақтары

акку1

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV-кезең «Қызықты тәжірибе»

1)Қара-сұр жылан

2)Отсыз жұмыртқа пісіру

Тәжірибе жасау кезеңі.Барлығы дұрыс айтылса 10 ұпай беріледі

V-кезең Бейне сұрақ.

 VІ-кезең « Шешендік өнер »

Оқушыларға шар таратылады.Шарда тапсырма бар, әр команда сол тапсырмамен жұмыс жүргізеді.

Ойыншылар сұрақтың номерін таңдап, берілген тақырып бойынша дәйекті шешендік сөздермен өмірмен байланыстырып  әңгіме құрады.

1.Химиялық элементтер-тіршілік құдіреті.

2.Химиялық өнімдер-тұрмыста.

VІІ-кезең.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,- деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап,бағалау үшін сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.

Қорытынды. Сайыстың 5 кезеңі бойынша 2 топтың ұпай саны есептелініп, жеңімпаз анықталады. Сайысқа қатысқан оқушылар марапатталып, сабақ аяқталады.

Оксидтердің жылуын берсін,

Қышқылдың жан – жақтылығын берсін.

Негіздердің күштілігін берсін,

Тұздардың құдіретін берсін! –деп ойынымызды аяқтаймын.

Көрермендерге!

«Мен кіммін?» ойыны.

  1. 1.     Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау,- деген мағынада, химиялық қай элементпін(Азот)
  2. 2.     Бірінші бөлігім алда бол деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді (Озон)
  3. 3.     Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі (Селен)
  4. 4.     Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тас (Алмас)
  5. 5.     Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұраққа қойылады, екінші буыным сан есім, қай элемент (Неон)
  6. 6.     Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз өткізгішпін (Мыс- сым)

Қара сұр жылан – қ/ж: тәрелке, құм, спирт, ас содасы, қант пудрасы. Тәрелкеге конуспен құм себіледі де, оны спиртпен ылғалдандырады. Құмның ортасын ойып шұңқырша жасалынады, оған 2г.  ас содасы + 13г. қант пудрасын араластырып салынады, спиртті жандырамыз.Алынған массадан жуан қара сұр жылан ирелеңдеп жорғалайды спирт неғұрлым көбірек жанса, соғұрлым жылан да ұзын болып көрінеді.

Түсіндірме: қант карамельге айналады да, ал сода көмірқышқыл газын бөле отырып ыдырайды.

Отсыз жұмыртқа пісіру – қ/ж: сөндірілмеген ізбес тас, темір табақ, су. Темір табаққа сөндірілмеген ізбес тасын салады да, ортасына жұмыртқаны қойып үстіне су құйады. Сол кезде тағы сумен күшті әрекеттесіп бұрқылдап қайнайды,изотермиялық реакция. Табаққа салынған жұмыртқа қайнап тез арада піседі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *