Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » М.Әуезов «Ақын қонақтар»

М.Әуезов «Ақын қонақтар»

Қызылорда облысы,
Қызылорда қаласы,
Тасбөгет кенті
Мектеп  172 мектеп
Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
Жанетова Анар Таңжарыққызы

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Ақын қонақтар»

(«Абай жолы» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын — А.Құнанбайұлының балалық           және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге   тәрбиелеу.
Тәрбиелік:адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға,   қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
Көрнекілігі: Оқулық,интербелсенді тақта.
Әдісі: Топтық, жұптық, топтастыру, сыни ойлау.
Барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы және «Абай жолы» романынан берілген үзіндіні оқып, мазмұндау.
1. М.Әуезов кім? топтастыру әдісі бойынша оқушылар интербелсенді тақта бойынша толтырады және М.Әуезов туралы видео көрсетемін.
2. Үзінді төңірегінде сұрақтар арқылы нақтылау.

3.  « Абайдың әр өлеңі бізді жақсы болуға, жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелейді» деп осы тақырыпта Абайдың қандай өлеңі бар деген сұрақ қоямын. Балалар «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқиды.
Сосын үш топқа үш тапсырма беремін.
І топ. «Туған жер» тақырыбына әңгіме.
ІІ топ. Ана туралы шамасы келгенше өлең құрастыру.
ІІІ топ. «Ана-кәусар бұлақ» деген тақырыпта әңгіме жазу.
6. Жұптық тапсырмалар ретінде, әр топқа тест сұрақтарын беремін және топ жетекшілері тексеріп, бағалайды.
7. «Ақынның айтпақ өсиеті» деп мына «Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер», «Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді» сөздерді жіберемін және олардың ойларын сұраймын.
8.Сабақты Абайдың 31- қара сөзімен қорытындылаймын.
9. Үйге тапсырма:
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып сөнсеңіз?- деп Абай атамыз айтқандай, Абай аталарыңа ұқсамақ ниетпен жыл мезгілдеріне өлең шығарып келіңдер.
10. Оқушыларға топқа, жұпқа берген бағаларын қосып, қорытынды бағаларын журнал бетіне түсіру.
11. Рефлексия

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *