Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ғасырдың ғаламат ақыны

Ғасырдың ғаламат ақыны

МұқағалиЛәззат Тұрсынова
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Қайрақты орта мектебі
 Ғасырдың ғаламат ақыны
Мақсаты: Оқушыларға өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали  Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру. Оқушылардың өлеңге ынтасын арттыру, көркемсөз шеберлігін , ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Табиғатты аялау, Отанды сүю, адамгершілік, кішіпейілділікке, өлеңді, өнерді
бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  ақын суреті,  кітап көрмесі, сөзжұмбақ.
Барысы:  С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады.
«Арыз жазып кетейін»  өлеңі оқылады.
Жүргізуші:  Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар.
Тату- тәтті бармысыңдар, армысыңдар, адамдар!- деп  Мұқағали ағамыздың сәлемдесу салтымен амандасамыз. Қош келіпсіздер, өлең сүйер қауым! Сіздерді М.Мақатаевтың туғанына  83 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты әдеби кешімізді өздеріңізбен бөлісуге шақырамыз.
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіңдей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп , ұлы ақын боп,
Қайта тұрған ұлыңды қарсы ал, қазақ!
Шетінен өлең  жыры шұғылалы,
Әр қыры әр түске еніп құбылады.
«Зертте мені» деп еді, Мұқаңды біз,
Түсініп болған жоқпыз ұғып әлі.
Мұқағалидың поэзиядағы орны ерекше, Мұқағали  поэзияның шұғылалы шыңы, асқар тауы. Мұқаңның поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«Поэзия»
Жүргізуші: Әлем- дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес салтанатты сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату сендер тату болыңдар!  —  деп жырлап өткен ақын 1931 жылы  9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын  Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып, өзі сүйген Алматысында аяқталған еді.
«Өмірбаяны»,    «Майгүлге»
Жүргізуші:    ( естеліктер кітабынан)
Енді естеліктер кітабындағы Н.Тілендиевтің мына бір айтқанын тыңдап көрелік.
«Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткенде жұмысқа киетін пешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы «Аға, мен ғой. Дертім  қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз».
Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген өлеңі «Есіңе мені алғайсың». Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым».
Олай болса, М. Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнін жазған Н.Тілендиев.
Ақынның алдына қойған қандай үш бақыты бар екенін тыңдап көрелік.
«Үш бақытым»
 Жүргізуші:     Жігітінен қазақтың дос таба алмай ,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын, —  деп ақын Фариза Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген осы өлеңіне де ән жазылған еді.
«Фаризаға»
  Жүргізуші:   Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Ақын архивте қалған жоқ, оның поэзиясы әр адамның жүрегінде, үйінде. Мұқағали әр тақырыпқа  қалам тартқан ақын. Оның кейбір өлеңдерін тыңдап көрелік.
«Отан» өлеңі.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс
Сөзжұмбақ шешу
 Жүргізуші: Сабырхан Асанов естеліктер жинағында:
Жөн- жосық бізге де осы керек-ақ деп,
Бармадың бір жиынға делегат боп
Алмадың бір сыйлықты сен дегенде,
Боп кетті сол құрғырдың әлегі-ақ көп, — деп армандаған да, өкінген. Міне, ақынның сол арманы, өкініші орындалғандай, яғни «Ғасыр ақыны» атағын иеленді, «Тұлпар» сыйлығының тұңғыш лауреаты, «Жырлайды жүрек» атты өлең дастандар кітабына берілсе,   70   жылдық мерейтойына орай «Аманат» жинағы үшін лауреат атағы берілді.   30   шақты өлеңіне ән жазылды. Соның бірі жерлесіміз, осы мектептің түлегі, ағаларың Саят Әбдіғали Зұлқожаұлының әндерінің көбі Мұқағали атамыздың сөздеріне жазылған.
                                       «Ей, өмір» әні
Жүргізуші:  Қарасаз , қара шалғын жерде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді, оның жырлары ұрпағымен бірге мәңгі жасайды.
                                    «Мұқағалиды аңсау» өлеңі.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *