Басы » Tәрбие сағаттары » Жасай бер,жаса,қазағым менің

Жасай бер,жаса,қазағым менің

гулфайрузАтырау облысы
Махамбет ауданы Е.Ағелеуов мектебі
Узганбаева Гүлфайруз Уразгаливна
Жасай бер,жаса,қазағым менің

Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді,тарихи танымымызды,рухани
мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып,барлық салада рухани
тәуелсіздікке жетуіміз керек… Мектеп оқулығынан бастап әрбір
ғылыми еңбек,көркем шығарма,мәдени шара рухани тәуелсіздік пен елдік
идеясына қызмет етуге тиіс…
Нұрсұлтан Назарбаев

Мақсаты: Туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу;оқушының туған жеріне деген елжандылық сезімін қалыптастыру;танымдық,шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Көрнекілік: Слайд-шоу,нақыл сөздер,рәміздер суреті
Барысы:
1-жүргізуші: Далада думан,қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер,жаса,асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін.
2-жүргізуші: Сен де арманда едің-ау,мен де арманда,
Сол арманға қол жетті,арман бар ма!
Өзімізді өзіміз таба алмастан,
Адасқанбыз сан тарап ормандарда
1-жүргізуші: Аспан түсті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз-ел біледі.
Әнұран да, Елтаңба -өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!
2-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар және қонақтар!
Бүгінгі біздің Махамбет орта мектебінде өткелі отырған «Жасай бер,жаса,қазағым менің!»атты поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда «Жаса,Қазақстан» әнімен Құрманғалиев Алтынбек
2-жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы,Қазақ жері,Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.
Көрініс «Алаш туы астында»
Жиырмасыншы ғасырдың басында басталған төңкеріс елесі 1917 жылдың қазанында өзінің шарықтау шегіне жеткен еді.Ақ патшаның отаршылдық саясатының орнын қызыл кеңес идеологиясы басты.Міне,осы тарихи аса бір маңызды кезеңде қазақ халқының зиялы азаматтары өз елінің болашағы мен бақыты үшін «Алашорданы» құрған болатын.Олардың ішінде Міржақып Дулатов,Жүсіпбек Аймауытов,Мағжан Жұмабаев,Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды интеллигенция өкілдері бар еді.
Міржақып: Көзіңді аш,оян қазақ,көтер басты,
Өткізбей,қараңғыда бекер жасты.
Жер жетті,дін нашарлап,хал һарам боп,
Қазағым,енді жату жарамас-ты.
Жүсіпбек: Қазағым,қақтықпа,қамалма,
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті туы,атты таң,шықты күн,
Сал малды,сал жанды,аянба!
Мағжан: Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім
Мен өлсем де,Алаш өлмес,көркеер,
Істей берсін қолдарынан келгенін
Сұлтанмахмұт: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің,
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды,Алаш,өлмейміз.
Жасасын,Алаш,жасасын!
Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов,Әлихан Бөкейханов,Тұрар Рысқұлов,Смағұл Сәдуақасов,Сәкен Сейфуллин карта алдында тұр.
Ахмет Байтұрсынов: -Россия империясының орасан орталық бөлігі сары бояумен боялған.Неге сары?Күні ыстық,ауасы құрғақ,жері қуаң болғандықтан ба?
Әлихан: -Ахмет,сен дұрыс аңғарып тұрсың.Каспииден бастап,Шығыстағы Тарбағатай,Қытай шекарасына дейін керіліп жатқан кең дүниеде сары реңді шөлден басқа толып жатқан шұраттар бар.Бірақ карта бояуы сары.Неліктен екен?Қалай ойлайсың,Тұрар?
Тұрар: -Халықтың сары уайымы мен ащы запыраны шығар.Мына картада Қазақстанның жартысынан көбі жоқ.Жер бетінде қазақ деген халық бар.Оның ғасырлар бойы жаумен жағаласып жүріп мекендеген жері бар.Ал,патша үкіметі келеді де,сол қазақтың жерін «Бөліп ал да,билей бер!» деген залым саясатын жүргізіп келді.Патша үкіметі құлағанмен,оның орнын басар кеңес үкіметі келді.
Смағұл:-Иә,Тұрар,ақ патшаның боданынан қызыл империяның бұғауына түстік.Бодандықтан құтылар күн туар ма екен?
Сәкен:-Бостандықтың ақ таңы арайлап атар күн алыс емес! Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,әділдік,теңдік жолында күрескешығайық.Қол ұстасып,бірігіп тізе қосайық!
1-жүргізуші: Қазақ халқы-жауынгер халық.Олар аттың жалында,түйенің қомында жүріп-ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе?! Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар.Ең бай,шұрайлы,құнарлы,әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз,асқар тауларымыз,шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!
Көркемсөз Ж.Молдағалиев «Мен-қазақпын» Сәтберген Дәурен
2-жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз! Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз!
Көрініс «Тайкелтірдің төрелігі»
1-жүргізуші: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгің,
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
Көркемсөз Моташева Гүлім « »
2-жүргізуші: Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер,жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!
Күй « » Батырханұлы Оралхан
1-жүргізуші: Қазақ жері-мекенім,
Байтағын бойлап жел ескен.
Мақтанып мәңгі өтемін,
Тау менен дала теңескен.
Шегіне көзің жетпейтін
Ата-анам-Қазақстаным.
Перзентінен көктейтін,
Мен балаң-Қазақстаным.
Көркемсөз « » Мусалимова Гүлбина
2-жүргізуші: Бөленген сұлулыққа далам менің,
Тыныстап,емін-еркін алар демін.
Тәуелсіз күндерімнің арқасы ғой,
Қарашы,ой да,
Қыр да,
Жаңарды елім,Ғасырлар бабам күткен заман ба едің!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік! Бақытым,бақ-мұратым,
Сенсің маған биікті алдыратын.
Сенсің менде жүректі жандыратын,
Кәусар сезім бақытқа қандыратын.
Бар әлемге паш етіп теңдігімді,
Мәңгі бақи тарихта қалды атың!
Жеңісіміз туралы бірер сөз
2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің
Елім,Жерім,Отаным,бақ-дәулетім,
Болашағым,өнер-білім,өркенім.
Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздік қасиетті туы желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін!
Екі жүргізуші: Қазақстан!
Туыменен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Әуелей бер,әсем сазды Әнұран!
Әнұран айтылады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *