Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Еліктеу сөздер

Еліктеу сөздер

Атырау облысы
Махамбет ауданы
Е.Ағелеуов мектебі
Узганбаева Гулфайруз Уразгалиевна
Сабақ тақырыбы: Еліктеу сөздер

Сабақтың білімділік мақсаты: Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшелігін   таныту,лексикалық сөздік қорларын дамыту,білім,білік дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды халықтық педагогикатұрғысынан тәрбиелеу,сөз өнерін қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Сөздерді байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру,оқушыларды жинақылыққа,еңбексүйгіштікке,адамгершілікке,туған халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия,сөзжұмбақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,суретпен жұмыс,мәтін құрау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,сурет.
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын сұрау.298-жаттығу
II.Жаңа сабақ
1)      Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әртүрлі дыбысқа және жеке қимылға,іс-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді
Еліктеу сөздер
Мағынасы қарай

Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер
Түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөздер Көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер
Тарс,сарт-сұрт,тасыр-тұсыр,салдыр-гүлдір,арс-арс,т.б. Маң-маң,сылқ,жалт,морт,қисаң-қисаң,ербең-ербең т.б.
  • Тақтаға мына мысалдар жазылады.Оқушылармен бірлесе отырып,еліктеу сөздердің мағыналық түрлерін ажырату.

Сеңдей тұтасқан сіреу қарды мықты аттар күтірлетіп бұзып келеді.
Кейде сәл нәрсеге елең етіп,құлақтарын тіге қалады.
Сол тұяқтары сіреу қарды күрт-күрт басқан сайын,жалдары дір-дір етеді.
Теңіз беттен жапалақтап қар жауып тұр.
(Ә.Нұрпейісов)
Сөйлемдердегі еліктеу сөздердің мағыналық түрлерін ажыратып,сөйлемдегі күтірлетіп………………..деген сөздер айналадағы құбылыстар мен заттардың дыбыстарына,сыртқы түріне,қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған.Ендеше,олар еліктеу сөздер деп аталады.
2)      Оқушылар оқулықтан 299,303 жаттығуларды орындайды.
3)      Ой қозғау
а) қаз қаңқылдайды,қарға қарқылдайды,сауысқан шық-шық етеді,бақа бақылдайды,жылан ысылдайды,ит ырылдайды,тауық қыт-қыттайды.
ә) жымыңдау,сылқ-сылқ,сақ-сақ,қарқ-қарқ,ыржың-ыржың,жымиып күлу,шиқ-шиқ күлу,ыржақтау.
    4)   «Ойлан,тап!» айдарымен оқушылар әдебиет пәнінен өткендерін еске түсіріп,тапсырма орындайды.
а)Жүрегім лүп-лүп етіп,алқымыма тығылады.
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
ә) Өзі құп-қу болып сылқ етіп құлап бара жатыр.
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
б) Федоровтың көз оты жарқ етіп,дүние тұманданып,теңселіп бара жатқандай болды.
Федоров жалт етіп,тұздай көк көзімен Еламанға қадала қарады.
Ә.Нұрпейісов «Балықшылар»
в) Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді.
Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»
г) Ақша маңдайлы,кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ-сыңқ  етіп,үй ішіне естірте күледі.
М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
5) Шығармашылық жұмыс. Жайлауда. (суретпен жұмыс)
мына сөздерді қатыстырып мәтін құру: қарш-қарш,маң-маң,абыр-сабыр,дабыр-дұбыр.
6) Кеспе қағаздармен жұмыс (морфологиялық талдау)
7) Сөзжұмбақты шешу.
1.Бесінші сөз табы
2.Биік сөзінің антонимі
3.Әдемі сөзінің синонимі
4. Үлкен сөзінің антонимі
5.Күшейткіш үстеу
6. Төртінші сөз табы
7. Тұйық етістіктің жұрнағы
8. Алтыншы сөз табы
9.Етістіктің ерекше түрі
10. Етістің түрі
III. Бекіту. «Сергіту» сәті
1.Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
2.Тарпаң-тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.(тасбақа)
3.Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Желмен ұшып кетеді,
Жер түбіне жетеді. (түтін)
4. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
5.Аяғы біреу,қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп. (қаламсап)
IV.Қорытынды. Сабағымыз аяқталып келеді,ендеше біз еліктеу сөздердің мағыналық жағынан еліктеуіш,бейнелеуіш сөздер болып бөлінетінін білдік және ең маңыздысы,басқа сөз таптарына ұқсамайтын мағыналық ерекшелігі: еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен тіркесіп,кейде қайталанып,қосарланып келіп отыратынын білдік.
(Кім мысал айтады. Оқушылар мысал келтіреді: сарт етті,саңқ-саңқ етті,бұрқ-сарқ етіп қайнады)
V. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 304-жаттығу.Еліктеу сөздерді қатыстырып,2-3 мақал-мәтел жазып келу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *