Кистаубаева Сәуле Кәрімқызы
География пәнінің мұғалімі
«№ 7 орта мектебі» КММ
Қостанай облысы Рудный қаласы
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы (бекітуге арналған сабақ)
10 сынып.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты –Дүниежүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы,басқару түрлері мен әкімшілік-аумақтық құрылымын түсінгендерін тексеру. Дүниежүзінің саяси картасындағы елдердің ерекшелігін, халықаралық ұйымдарды, және саяси жөніндегі білімдерін жинақтай отырып, оқушыларды жылдам ойлау дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту.Оқушыларды оқулық, атласты пайдаланып, дағды іскерлігін қалыптастырып, өз бетімен ізденуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, жинақтау,қорғау,іздендіру,әңгімелеу, топқа бөлу арқылы деңгейлеп оқыту, сыни тұрғысынан дамыту әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің саяси картасы, кесте- сызбалар,оқулық, атлас,бағалау парағы, компютер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың тегі: білімдерін тексеру сабағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақ мақсатын, міндетін айту
Бүгін біз сабақта өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендерінді білу барысында Дүниежүзінің саяси картасындағы елдердің ерекшелігін, халықаралық ұйымдарды, және саяси жөніндегі білімдерін жинақтай отырып, тапсырма жұмыстары беру арқылы білімдерін тексеріледі.
Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ басшы бағалау парағына аттарын жазып толтырады.
ІІ.Өткен тақырыптарды қайталау.қандай тарауды аяқтадық.
«Ой шақыру» өзара бір-біріне сұрақ-жауап әдісімен сабақтың тақырыбын ашу:
1. Саяси карта дегеніміз не ?
2. Саяси картадағы өзгерістер туралы не білесің ?
3. Саяси картаның қалыптасуы неше кезеңнен тұрады ?
4. Саяси картадағы жаңа, ең жаңа кезең туралы не айтасың ?
5. Бүгінгі сабағымыздың Қазақстанмен қандай байланысы бар ?
ІІІ. Ал енді қазір мені мұқият тыңдаймыз сендердің «Қызығушылығын ояту мақсатында»
Географиялық жұмбақтау ойын арқылы «Елдерге саяхат» жасаймыз.
1. Жер көлемі бойынша Ресей мен Канададан кейінгі 3 орында ал халық саны жөнінен
1 орында.Астанасы Пекин. Бұл қай ел? (Қытай Халық Республикасы)
- 2. Бұл –фламенко мен фиестаның елі.олардың көпшілігі католиктер.Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел?(Испания)
- 3. Бұл ел өз елін «гексагон»(алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.бұл елде ірімшікті сүймейін адам жоқ шығар.(Франция)
- 4. Бұл елде өздерінің ұлттық әдет –дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт),аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді. (Ұлыбритания)
- 5. Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,қыл қаламмен және тушпен көркем жазу өнері- каллиграфия,қағазбен жібекке сурет салу,өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі,ас дайындау, сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі -(Жапония)
- 6. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі.Олар әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңқалдырады. ХІ ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып,жеті нотаға ат берді.ХҮІ ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады.Сүйікті тағамдары-макарон. (Италия)
-Бұл аталған елдер қандай елдер тобына жатады? Жоғары дәрежеде дамыған елдер «Ұлы жетілікке» кіретін елдер.экономикасы жоғары дамыған.
ІҮ. Өткен тақырыпты қорыту мақсатында Топпен жұмыс. Кітаппен жұмыс.(оқушыларды топқа бөліп тапсырмаларын беру) кесте,сызба түрінде сызып жоба қорғау
1- топ. Тәуелсіз мемелекеттер туралы. жоба құру, қорғау 5мин
2- топ. Тәуелді аумақтар туралы. жоба құру, қорғау
3-топ.Халықаралық ұйымдар туралы. жоба құру, қорғау
4-топ. Саяси география және геосаясат. жоба құру, қорғау
5-топ. Қазақстан геосаяси жағдайы. жоба құру, қорғау
6-топ. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері жоба құру, қорғау
Ү.қатар бойынша тапсырма
Істелінетін жұмыс | 1- топқа | 2- топқа | 3- топқа |
1- тапсырма
ВЕНН диограмасы |
Монархия мен Республиканың ұқсастығы мен айырмашылығы | Отарлар мен Протектораттардың ұқсастығы мен айырмашылығы | ЮНЕСКО мен ФАО- ның ұқсастығы мен айырмашылығы |
2- тапсырма
ауызша
|
Абсалютті теократты конституциялы монархиялар мен Президенттік Республикалар туралы түсініктерін ортаға салу | Мандаттық аумақтар мен Ассосациялық мемлекеттер туралы түсініктерін ортаға салу | БҰҰ қашан құрылды. Штаб пәтері, мақсаты мен міндеттері туралы сұрау |
3- тапсырма
Картамен жұмыс жүйелігі Тапсырма шапшандық
|
Федерациялы, унитарлы туралы түсініктерін сұрау. Екі унитарлы.екі федеративті мемлекетті картадан көрсету | Шалғайдағы департаменттер мен аймақтар туралы ойын айтып, ол елдерді картадан көрсету | ОПЕК. Мұнай ұйымының құрылу уақыты, штаб пәтері, міндеті, оған мүше елдерді картадан көрсету |
5. Картамен жұмыс.
1- топ
1.Дүниежүзі елдерін географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай топтастыру.
2.Картаны және оқулықты пайдалана отырып, алып жатқан аумағы бойынша ең үлкен елдерді картадан тауып көрсету.
2- топ
1. АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Жапония елдерінің ұқсастығы неде ?
2.Төмендегі аталған елдердің қайсысы республикалық басқару түріне жатады Болгария, Полша, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Сауд Арабиясы.
3 –топ
1. Төмендегі аталған елдердің қайсысы Федерациялық әкімшілік,
территориялық құрлысы бар елдер ? Ұлыбритания,Куба, АҚШ, Франция, Үндістан, Бразилия.
2 « Егер мен президент болсам » ой – толғау.
« Сен мені білесің бе ?» айдары бөлімінде ұйымдастырылған топографиялық тұрғыда жасырылған сурет жұмбақтарын көпшілік оқырманға ұсынып отырмын
1-сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? ( Африка)
2-.суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген? ( Нидерланды)
3-сурет Орамалды әйел ана бейнесіндегі ел бейнеленген ( Португалия және Испания)
Бекіту:
1- нұсқа. Тесті орындайды.
1. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қатарына қанша ел мен аумақ жатады ?
а. 300 б. 415 в. 267 г. 191
2. Дүние жүзінің тәуелсіз мемелекеттерін мемелекеттік құрылымы бойынша монархиядан басқа неге бөледі ?
а. федерациялы б.республика в.унитарлы г. теократты монархия
3.2000- жылғы санақ бойынша қанша тәуелсіз мем-р бар ?
а. 215 б. 361 в. 191 г. 217
4.Монархиялық мемлекеттерде жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында ?
а. президент б.кароль в. парламент г. хан
5.Қай монархиялық мемлекетте мемлекет басшысы дін қызметін атқарады ?
а. теократтық . в. унитарлы б. абсалюттік г. федерациялы
6.Мына елдердің қайсысы тәуелді аумақтарға жатады ?
а. Малайзия в. Бруней б. Нигерия г. Мартиника
7.1919 жылы құрылған Ұлттар Лигиясы қай жылы өз жұмысын тоқтатты ?
а. 1945 в. 1939 б. 1925 г. 2004
8.БҰҰ- ға 2000 ж. қанша мемлекет мүше болды ?
а. 188 в. 190 б. 119 г. 215
9.Аргентина қандай мемлекет ?
а. монархиялық в. федерациялы б. унитарлы г.тәуелсіз
10.БҰҰ- ның бас хатшысы Бас Ассамблея қанша мерзімге
тағайындалады ?
а. 4 жыл в. 6 жыл б. 5 жыл г. 7жыл
2-нұсқа .«Семантикалық карта» (оқушылар берілген сұрақтарға әр тобы бойынша «+»қойып жауап беру.)
Елдер | Дамыған ел | Көлемі жөнінен үлкен ел | ТМД елі | «Азия айдаһары» | Нашар дамыған | Республи-калық ел | Монархиялық ел | Бір ұлтты |
Қытай | ||||||||
Қазақстан | ||||||||
Сингапур | ||||||||
Италия | ||||||||
Ұлыбритания | ||||||||
Жапония | ||||||||
Вьетнам | ||||||||
Ресей | ||||||||
Украина |
*** Шығармашылық тапсырма.
« Егер мен туристік фирма қызметкірі болсам…». жарнама жасау
Екі минут ішінде әр мемлекет өкілі өз еліне қызықты саяхаттың жоспарын ұсынады.
(таңдауы боынша)
[bws_related_posts]
рахмет маған көмегі тиді
Калай скачать етсе болад?
өте жақсы сабақ жоспары, бірақ презентациясын қалай көшіруге болады?
презентациясын калай басып алсам болады?