Басы » Баяндамалар » Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамыту

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамыту

Облыс: Шығыс Қазақстан облысы
Қала: Семей қаласы
Мектеп: «№18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мұғалімнің аты-жөні:  Ахметкалиева Гулназ Борисовна
Мақаланың тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамыту
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырубдепбнақтыюкөрсетілген. 
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы молодептсаналатынлпәндердіңлбіріо–лағылшын тілі.
Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктеріноүйретуоқажеттілігілтуындайды.
Заман талабына сай білім беру — бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы,обелсенді,оқарқындыоәдістерінеткөшудітталапиетеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі — оқушы, оқушылар тобы, сынып, мектеп болса білім сапасы баспалдақтардың әр бір буынына байланысты біз білім беру сапасынржақсартудыңлжолдарынианықтауғаттырысамыз.
Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі руханирборышқалтолы.
Мұғалімдердің мақсаты — оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.тттттттттттттт
Оқушылардың түйінді құзыреттерін қалыптастырудағы жаратылыстану білім саласы пәндерінің мүмкіндіктері мол, атап айтқанда, олардың әлеуметтік-практикалық мәнділік деңгейлерінің жоғары болуын, оларды зерделеу үдерісінде оқушылардың оқу-танымдық әр түрлі іс-әрекет түрлерін пайдалануын, оқу материалы мазмұнының қолданбалы бағытталғандығын, игерген білімдерін оқушылардың тәжірибеде қолдана алуларынпжатқызуғатболады.
Құзыреттілік тұрғыдан қарау аясында жаратылыстану пәндері проблемалардың шешімін табу құзыреттерін қалыптастыруда көшбасшылық орыноалады.
Құзыреттілік-оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі оқушыда, яғни жеке тұлғада төмендегі құзыреттіліктер болуы тиіс:
•Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі
•Коммуникативті құзыреттілігі
•Мәдениеттану құзыреттілігі
•Оқу-танымдық құзыреттілігі
•Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі
•Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі
•Ақпараттық -технологиялық құзыреттілігі
1. Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі- жаңа қоғам өмірінде өз ролін таба білу, біліктілігі, азаматтық белсенділігі, саяси жүйені түсіну, ең алдымен-өз жерінің, Отанының патриоты болу.
2. Мәдениеттану құзыреттілігі-өз халқының және әлем елдерінің мәдениетін түсіну, білу, бағалау, жалпы адамзаттық мәдениеттің жетістіктері мен этномәдени құбылыстарды тану.
3. Оқу-танымдық құзыреттілігі-оқушының әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Әлемдік ғылымның бағытын ізденушілік-зерттеушілік әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативті құзыреттілігі- адамдар мен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі-өз бетінше іздей білу, талдау, таңдап алып өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі- жанұяда, еңбекте, экономикада, саяси, қоғамдық азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік- қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі-өзіндік қадір-қасиет сезімін ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.
Қазіргі уақытта халықтардың, тілдер мен мәдениеттердің ығысуы шеріктеу шағына жетті десе де болар. Өз кезегінде бұл мәдениет аралық қатынасты күнделікті қарым- қатынастың құрамдас бөлігіне айналдырып, шет тілді игеруді жаңа басым деңгейге көтерді.
Бұл факторлар шет тілі сабағы мен оқушылардың шетел тілін игеруге деген талаптардың өзгеруіне әсер етті. Қазіргі таңда шет тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту болып табылады. Яғни оқушылар қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың өзге мәдениет өкілдерімен емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.
Осыған орай заманауи шет тілі сабағы оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған болуы қажет.
Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамытуға көңіл бөліну керек, атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу, сөйлеу, жазу және тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым қатынас құруға жаттықтыру.
Сабақ барысында тілдік құзіреттілікті дамыту оқушылардың лексико-грамматикалық білімдерін тақырып бойынша ұсынылған жағдаяттарда қолдану арқылы іске асады.
Сабақта ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен өз елінің мәдениетін қатар қарастыру оқушылардың әлеуметті мәдениеттілік құзіреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Мысалы: 6-8 сыныптарда оқушылар Ұлыбритания мен Қазақстанның мерекелері жайлы өтеді. Осы тақырыптарды өту барысында ағылшын тілінде мерекелерге байланысты бейне фильмдер көрсетіп, оларды талдау, біздің мемлекетімізде тойланатын меркелермен салыстыру.Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, койылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады.
Жалпы коммуникатиті құзіреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың орны ерекше. Себебі ойын оқушылардың бір бірімен, мұғаліммен әрекеттесуге деген талпынысын жандандырады және әңгімелесу барысында теңдік шартын тудыру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні жояды.
Ойын өз өзіне сенімсіз, ұялшақ балаларға сөйлеу арқылы сенімсіздік кедергісін жоюға көмектеседі.Ойын арқылы оқушылар әңгімені бастау, оған ілесу, қолдау, әңгімелесушінің сөзін бөлу, оның ойымен келісу немесе келіспеу, сұрақтар қою сияқты қарым- қатынас элементтерін меңгереді.
Рөлдік ойын шет тілінің әлеуметтік қолдануына сезімтал болуды үйретеді. Жақсы әңгімелесуші көбіне тілдік құрылымдарды дұрыс қолданатын адам емес, серіктестердің түскен жағдайын талдап, түсіне алатын және бар мәліметтерді ескере отырып, әрекеттесу үшін ең қолайлы лингвистикалық тәсілдерді қолдана алатын адам болып табылады.
Жалпы ойын оқушылардың танымдық мүддесінің қалыптасуына жағымды әсер етіп, шетел тілін жақсы игеруіне әсерін тигізеді. Және олар оқушының бойындағы дербестік, талапшылдық сияқты қасиеттерді дамытып, ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді. Оқушылар белсене жұмыс істеп, бір біріне көмектесіп, жолдастарын мұқият тыңдайды; ал мұғалім тек бақылаушы, оқу қызметін басқарушы болады.
Рөлдік ойынға қойылатын негізгі талаптарды атап көрсетуге болады.
• Ойын оқушыларды ынталандырып, тапсырманы дұрыс орындауға деген ниеті мен қызығушылығын тудыруы керек, және оны шынайы қарым- қатынастық жағдаяттар негізінде құрастыру керек.
• Рөлдік ойынды мазмұны жығынан да, түрі жағынан да жақсылап ойластырып, нақты ұйымдастыру қажет. Оқушылардың берілген рөлді жақсы сомдаудың қажеттілігіне сенімді болуы керек. Сонда ғана олардың сөздері шынайы және сенімді болады.
• Рөлдік ойын бүкіл топпен қабылдануы керек.
• Ол міндетті түрде мейірбандық, шығармашылық атмосферасында өтіп, оқушылардың бойында қуаныш және қанағаттану сезімін тудыруы керек. Оқушы рөлдік ойын барысында өзін неғұрлым еркін сезінсе, әңгіме барысында ол соғұрлым белсенді және бастамашыл болады. Уақыт өте оның кез келген рөлді сомдай алатынына деген сенімділігі арта түседі.
• Ойын оқушылар бедсенді тілдік қатынаста өтіп жатқан тілдік материалды анағұрлым тиімді қолдана алатындай етіп ұйымдастырылуы керек.
• Мұғалімнің өзі міндетті түрде рөлдік ойынға және оның тиімділігіне сенімді болуы қажет. Тек сонда ғана ол жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.Ойынға дайындық кезеңінде және ойынның өту барысында мұғалімнің рөлі үнемі ауысып отырады.Бастапқы кезеңде ол оқушылардың әрекетін белсенді түрде бақылап отырса, кейін ол тек сырттан бақылайтын болады.
• Сабақта жанға жайлы жағдай жасап, мейірбандық атмосферасын тудырудың маңызы өте зор.
Ойын барысында мұғалім өзіне бір рөлді алуына болады, бірақ ол басты рөл болмауы керек.Ондай жағдайда бұл кәдімгі мұғалімнің басқаруымен іске асатын жұмыс формасы болып қалады.Ойын барысында мықты оқушылар нашар оқитын оқушыларға көмектеседі.Ал мұғалім көмегі қажет болған балаларға жақындап әңгімелесу үрдісін басқарады және керек болған жағдайда коррекция жасап отырады.
Рөлдік ойындарды бастапқы кезеңде де, ілгерімді кезеңде де қолдануға болады.(Мысалы:суреттер, графика, монологотік немесе диалогтік мәтіндер т.б.) Жағдаят әрекет ету шартын бағыттап, сипаттайды және шешілетін мәселені көрсетеді. Берілген проблемалар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, сондықтан әңгімелесушілердің коммуникативтік қарым қатынасы да тілдік формаларды қолдануына байланысты қарапайым немесе күрделі болып келеді.
Мысалы: 10-11 сыныптарда біз шетелдік серіктестермен медицина саласындағы ортақ жұмыс жоспарын талқылау жағдаятын қарастырдық. Әңгімелесушілер өздерінің әңгімеге қызығушылығын білдіру, шетелдік серіктестердің көзқарасын қолдап, өз көзқарастарын дәлелдеу  түрлері ұсынылады. Сонымен қатар серіктестермен белгілі бір саладағы отандық жаңа құрылғының таныстырылымындағы кездесу жағдаяты қарастырылды. Бұл жерде шет елдік серіктесті көрмеде ұсынылған объектілерге деген қызығушылығын ояту, ұсынылған заттарға баға беруін өтіну, өз ойын аргументтерге сүйене отырып түсіндіруді өтіну, кей жерлерде баяуырақ сөйлеуді, кей сөздердің мағынасын түсіндіруді сұрау, шетелдіктерге көрмеге белсене қатысқаны үшін алғыс білдіру сияқты тілдік дағдылар қарастырылды.
Ал орта буында алмасу бағдарламасы негізінде шетелдік отбасында өмір сүру жағдаятын қарастыруға болады.Бұл жерде жылы қарсы алғандарына ризашылық білдіру,қоршаған орта мен үйдің әсемдігіне таңдану, тілде еркін сөйлей алмағаны үшін кешірім өтіну, өз елі және қаласы жайлы әңгімелеп, қызығушылық тудыру т.с.с. тілдік дағдылар ұсынылды.
Ағылшын тілі сабқтарында рөлдік ойындарды жиі қолдану тәжірибелік міндеттермен қоса білімділік және тәрбиелік міндеттерді де шешуге ықпал етеді.Оқушылар өздерін еркін ұстап кез келген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады. Тіпті нашар оқитын, өз- өзіне сенімділігі төмен балалардың да белсенділігі, өзіне деген сенімділігі артады.Оқушылар тіл тасушылармен қарым- қатынас жасауға қорықпай, тіпті бастамашылдық пен белсенділік танытады. Осындан қолданылған рөлдік ойындардың оқушылардың бойындағы коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға үлкен үлес қосқанын байқадым. Жалпы білім мазмұны жеке тұлға санасын қалыптастыруға, оның ойын дамытуға бағытталған білім, білік, дағдылар, құзыреттіліктер жүйесі ретінде қарастыруға болады. Демек, білім берудің негізгі қағидаларын  анықтау-білу мазмұнын таңдау ұстанымдарын  тәуелді деуге болады. Тіл тасушымен әрекеттесудің өзі коммуникативтік құзыртеттілікті дамытуда өте маңызды қадам,өйткені тіпті тілді білетін ересектердің өзі көп уақытта тіл тасушымен тілдесуге бата алмайды. Оның себебі бойында қате сөйлеп қалу, түсіне алмау сияқты үрейдің болуы, яғни уақытында коммуникативті құзіреттілігін дұрыс дамытпаған деп білемін. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан жақты, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында жоғарыда аталып кеткен жеті құзыреттілікті дамыту мұғалімнің қолында.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасының жобасы (2011-2020 жж.)
2.  “Қазақстан мектебі” журналдары №4, 2010ж.
3. Левитан, К.М. О содержании понятия «коммуникативная компетентность». Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. №.2.89-91б
4. Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. — М., 1991.
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *