Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
№ 20 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Сүлейменова Аққу Абайқызы
Тақырыбы: § 32. Кальций.
Мақсаты :
1. Білімділік. Кальций,атом құрылысы,қасиеттері,периодтық жүйедегі орны,ашылу тарихы,табиғатта таралуы,алынуы,физикалық,химиялық қасиеттерін түсіну, қолданылуы және адам өміріндегі маңызын білу.
2. Дамытушылық. Кальций,атом құрылысы,қасиеттерін түсіну арқылы, Химия пәнінен алған білімдерін жетілдіру, өз бетінше іздену қабілетін дамыту.
3 Тәрбиелік. Кальций,атом құрылысы,қасиеттерін анықтай отырып, оқушыларды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға,металдарды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Эпиграф: “Кальций – тіршілік тірегі, құрылыс негізі”
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (тірек сызба, )
Сабақтың әдісі: әңгіме, химиялық диктант. Көрсетілім
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,Д.И.Менделеев кестесі
Пән аралық байланыс: физика,математика,биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Бейне таспа (Адам ағзасына Са әсері)
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
Сұрақ-жауап.
1) Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйедегі металдардың орны.
2) Металдар химиялық реакцияда не себепті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді?
3) Металдар қандай химиялық реакцияларға қатысады?
4) Металдардың электрохимиялық кернеу қатары деген не және оны кім, қашан ашты? (Н.Н.Бекетов, 1865ж)
5) Металдардың адам өміріндегі маңызы.
(Топқа бөл у. Ойын: Атомдар мен молекулала р. )
ІІІ Үй жұмысын қорытындылап жаңа тақырыпқа көшу
І топ-Кальцийдің атом құрылысы, табиғатта кездесу.
ІІтоп –Физикалық және химиялық қасиеттері
ІІІтоп Кальцидің алынуы және қолданылуы.
Ітоп:
Кальций Ivпериод, II топтың негізгі топшасының элементі,реттік нөмірі 20,ядросында 20 протонмен 20 нейтроны бар.Ar =406электрондарыны4 жалпы саны да 20.Кальцийдің электрондық формуласы 1s22s2 2p6 3s23p64s2,валенттілік электрондары 4s2болғандықтан кальций қосылыстарында II валентті.
Кальцийдің соңғы энергетикалық қабатында 2 электрон бар. Кальций атомындағы электрондардың орналасуы:
+20Р ) 2e — ) 8e — ) 8e -) 2е —
Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2 p6 3s2 3p64s2
Кальций тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді және тек негіздік қасиет көрсететін қосылыстар түзеді.
Табиғатта кездесуі. Кальцийдің қосылыстары табиғатта кең таралған. Ол жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 — орын алады, ал массасы бойынша 3, 6%. Табиғатта кальцийдің қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: өйткені тау мен сары топырақты қазбалар кальций тұздарынан құралған. Ол теңіз бен өзен суларында да кездеседі, өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1 кг – ға дейін кальций бар, ол сүйектің, тіс эмалінің, қанның құрамында болады.
Қазақстан жерінің бәрінде дерлік кальций қосылыстары кең таралған. Фосфориттің ең ірі кен орындары Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында, Ақтөбе облысындағы Шилісайда бар. Бағалы қызғылт түсті ұлутас Маңғыстауда, гипс Жамбыл облысында, цементке қажетті балшық Шымкент, Семей маңында өндірілсе, әктастың қоры және отқа төзімді балшық еліміздің көптеген облыстарында өндіріледі.
II топ :
Кальцийдің химиялық қасиеттері:
Жай заттармен әрекеттесуі.
1. Са+Cl2 →
2. Са+S→
3. Са+Н2 →
4. Ca+O2→
Күрделі заттармен әрекеттесуі
5. Ca+HCl→
6. Ca+H2O→
Көрсетілім: Жалын түсін көрсету
Кальций және оның қосылыстары жалынның түсін кірпіш қызыл түске бояйды.
Физикалық қасиеті
VIIIОқушылардың еңбегін бағалау.
IХ Үй тапсырмасы:§32.Кальций№ 5 есеп (148 -бет) Кальций қосылыстары тақырыбында қосымша материал әкелу
[bws_related_posts]
Бул сабактын презентациясын калай жуктеуге болады?