Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бірлік ауылындағы
№102 орта мектебі
физика пәнінің мұғалімі
Жанназарова Салтанат Нурадиновна
Сыныбы: 7
Пәні: физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: §32. Үйкеліс күші
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
Дамытушылық:Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.
Тәрбиелілік:Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс-тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, техника
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, тұрғы, жүк, жіп.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІY. Оқулықпен жұмыс
Y. Жаңа сабақты бекіту
YІ. Сабақты қорытындылау (бағалау)
YІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
4. Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу
І топ ІІ топ ІІІ топ
1. Қали А 1. Тілектес Ш 1. Алмас Ж
2. Қылышбай Н 2. Бекназаров О 2. Байзақ Д
3. Есенгелді Ж 3. Кеңес Е 3. Рахи Н
4. Қуанышбай Е 4. Қали Г 4. Тілеген Ж
5. Совет А 5. Әбсаттар Н 5. Нағыметулла Н
6. Шынтемір Д 6. Жақсымұрат М
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Ауырлық күші» тобына
1. Дененің салмағы дегеніміз не?
2. Дененің салмағы қандай шама?
3. Дененің салмағын қандай әріппен белгілейді және оның өлшем бірлігін ата?
4. Салмағы 500 Н бала салмағы 50 Н қандай да бір денені ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен қысады?
«Серпімділік күші» тобына
1. Ауырлық күші дегеніміз не?
2. Ауырлық күшінің белгіленуі және оның өлшем бірлігі қандай?
3. Денелердің салмақсыздық күйіне мысалдар келтіріңіз?
4. Массасы 1 кг денеге Айда 1,6 Н ауырлық күші әрекет етеді. Массасы 50 кг адамның Ай бетіндегі салмағы қандай?
«Үйкеліс күші» тобына
1. Тіректің реакция күші дегеніміз не?
2. Тіректің реакция күшінің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?
3. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?
4. Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Айдағы gАй= 1,Н/кг
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік — бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
[bws_related_posts]