Бала Шоқан

Оңтүстік Қазақстан облысы
Кентау қаласы
№23 Ә. Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп
Утжанова Нурсулу Ратбаевна
Сапарғали Бегалин
Тақырып: Бала Шоқан
Қысқа мерзімді жоспар
 
Сыныбы: 5                                                                           Пәні: Қазақ әдебиеті
 

Сабақ тақырыбы: Сапарғали Бегалин  «Бала Шоқан»
Сабақ мақсаты: Әңгімені жан-жақты меңгерту, талдауға, өз ойын еркін

жеткізе білуге, салыстыру, қорытынды жасай білуге

үйрету.

Табыс критерийлері: Әңгімені жан-жақты меңгереді;

Өз ойын еркін жеткізе біледі;

Салыстырып, қорытынды жасай білуге үйренеді;

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, диалог, «Ментальды карта» әдісі, «Салыстыру» стратегиясы, «Синквейн» әдісі, «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы, «Ұялы байланыс желісі» әдісі.

 

Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

5 минут «Миға шабуыл.» әдісімен

өткен тақырып бойынша кері байланыс жасайды.

 

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді  және кері байланыста түсінбеген сұрақтарына жауап алады. А4 парағы
2 минут Топқа бөлінуге нұсқау жасайды. 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді. (Мектеп кеме, білім теңіз) Парақшалар
6 минут «Ментальды карта» әдісі.

«Бала Шоқан» тақырыбы жазылған плакат таратады. Аталған тақырыпта оқушылар жалпы түсініктерін жазып, басқа топтармен салыстыра отырып, тақтада қорғау керектігін айтады.

 

 

  Плакат, маркер
6 минут «Салыстыру» стратегиясы бойынша жаңа тақырып бойынша жұмыс жүргізеді;

 

Оқушылар шығармадағы кейіпкерлерді ортақ жақтарын салыстырады. А4 парақшасы.
2 минут «Синквейн» әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыртыртады. Бала Шоқан туралы 5 жолды өлең шығарады.

1. Зат есім. Кім ? не?

2. Сын есім. Қандай ?

3. Етістік. Не істеді?

4.Синоним.

5.Сезіну.

А4 парағы
8 минут «Екі түрлі түсініктеме күнделіг» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жасатамын.  Плакаттың бір бағанасына шығарманың әсер еткен тұсын жазып, екінші бағанасына не үшін әсер еткенін жазады. Сынып алдында жұмыстарын қорғайды.

 

Оқулық, плакат, маркер.
7 минут Интербелсенді тақта  арқылы сұрақтар  көрсетеді. «Ұялы телефон желісі» әдісін қолданады, төмен желіге көмек береді.

Жоғары желі — толық түсіндім;

Орта желі — жартылай түсіндім;

Төмен желі — мүлдем түсінбедім;

Топтық құрамда оқушылар бірлесіп, интербелсенді тақтадан көрсетілген сұрақтарға жауап береді  және орта желіге жоғарғы желі көмек береді, түсіндіреді. АКТ
5 минут Бағалау кезеңін жариялайды.

-әр дұрыс шығарылған 1 дұрыс жауап – 10

-кері байланыста өзінің пікірін дәлелдеу-10

-үй жұмысы үшін-10

-белсенділігі мен дұрыс пікір ұсыну-10

-түйінді сұраққа жауап беру-10

-топ мүшесіне көмектесу, ынтымақтасып жұмыс жасауы-10

Баллды бағаға ауыстыру:

«5» — 70-80

«4» — 50-60

«3» — 30-40

«2» — 0-20

Критерий арқылы өздерінің бағасын айтады. Табыс критерийлеріне назар аударады. Критериалды бағалау плакаты, табыс критерийі
3 минут «Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс стикерін таратады.

Үй тапсырмасын береді.

Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, плакатқа жапсырады. Рефлексия плакаты,

Стикер

 

1 минут Үй тапсырмасын беру. Күнделікке  жазып алады. Күнделік

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *