Басы » Cыныптан тыс » «Үздіктер» танымдық сайысы

«Үздіктер» танымдық сайысы

ШҚО, Тарбағатай ауданы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің
химия пәнінің  мұғалімі
Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
«Үздіктер» танымдық сайысы

Мақсаты: Оқушының өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету, ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту; ойын жеткізе алу, ой түюге баулу
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздеміпаздыққа тәрбиелеу, ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастыру, шығармашылық ізденісіне жол ашу.
Көрнекіліктер: слайдтар, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, интерактивті тақта
Сайыстың барысы: І. «Бой сергіту»
ІІ. «Білгенге маржан»
ІІІ. «Бақтар сыры»
ІҮ.  «Химик   сараман»
І  кезең «Бой сергіту»
Жылдамдықпен талай нәрсе өлшенеді
Жігерлі жас, болсаң егер белсенді
«Ойлы болсаң озып көр» кезеңі  сайыстың,
Сұрағына жауап беріп көрші енді
1. Атом  дегеніміз не ?
2. . Францияның құрметіне арналған элемент.
Атом – молекулалық ілімді жасаған ғалым .
3. Шынының балқуы қандай құбылысқа жатады?
4 Химиялық реакция белгілерді ата?
5. Кірдің кебуі қандай құбылысқа жатады?
6. Атомдардың әр түрінен түзілген заттар қалай аталады?
7. Кремний элементінің латынша атауы.
8. Құрамында кіретін заттың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспа қандай қоспа деп аталады?
9. Заттардың өзара ұқсастығын көрсететін белгілер қалай аталады?
10. Валенттік дегеніміз не ?
11. Зат құрамының тұрақтылық  заңын кім ашты ?
12. Химиялық элемент дегеніміз не ?
ІІ кезең  «Білгенге  маржан»
Қате жазсаң біреуін, кідіресің
Жол таба алмай әрі қарай мүдіресің
«Білгенге маржан» кезеңінде
Ххимиядан  алған барлық білімді білдіресің.
1. Валенттіктері бойынша мына химиялық қосылыстардың формулаларын
құрастырыңдар
І              ІІІ             ІІІ
Na О ,      P H ,        Al  O
2. Мына химиялық элементтер таңбаларын жазыңдар:
Алюминий , кальций , фосфор , кремний , хлор .
3. Химиялық формула дегеніміз не?
4. Периодтық жүйеде Менделевий  элементі нешінші орналасқан?
5. Ж.Пруст  1799-1806 жылдары ……. заңын ашты.
6. Өз жерінің қара тасын мақтай білмеген, бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас
Қай ғалымның  сөзі?
7. Химия саласы бойынша 2012 жылғы Нобель  сыйлығының иегерлері кім ?
(Роберт Лефковиц пен Брайан Кобылка)
8. Қорғасын элементінің  латынша оқылуы
Әр түрлі 6 сұрақ
1. Алма, алмұрт, қауын, қарбызды кескенде пышақ неге қараяды?
2. Адам ағзасындағы өт пен бүйрекке тас қайдан жинақталады?
3. Ерте кезден – ақ адамдар қандай металдарды білген?
4. Сынаптың атомдық массасы қанша?
5. Химия пәні нені зерттейді?
6. Молекула дегеніміз не?
ІІІ. «Бақтың сыры»
Элементтердің таңбасы берілген атауын , таңбаның оқылуын айтамыз.

  • Алма жинау арқылы екі топ өз ұпайларын жинайды.

Қарсы топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап береді.

 

ІҮ кезең

«Химик сараман»

Әр жарыстан жүйрік боп келердейміз

Қандай қиын болса да бөгелмейміз

Қызықты тәжірибе жасаймыз

сайыс шарты «Химик сараман»

Тәжірибе арқылы дәлелдейміз.

 

І-топ: Ағаш мен темір үгіндісінің

қоспасы берілген.   Бұл қандай қоспа және оны

қалай бөлуге болады?

 

ІІ  топ:  Лас  ас тұзын тазарту

Бұл қандай қоспа және оны қалай бөлуге болады?

 

Қорытынды: ендігі сөз кезегін сайысымыздың әділ – қазылар алқасына береміз.

Марапаттау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *