Басы » Дене шынықтыру » Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің

Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№12 балабақша тәрбиешісі.

Аманғожина Халима Әлжанқызы
тақырыбы : Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің
мақсаты :
Балалардың денсаулықтарын нығайту,қан айналымдарының дұрыс жұмыс жасауына ықпал ету. Ертегі кейіпкерлерімен тілдесе білуге,сене білуге тәрбиелеу. Таза ауаның қасиетін ұғындыру.
Қолданылған әдіс тәсілдер: Сұрақ жауап,қимылдар жасату,көрсету, ойнату, әңгімелеп үйрету.
«Бәйтерек» топ  балалар жеңіл киініп, далаға шыға бере көк бағытты көреді.


 Жүргізуші: Балалар! Сендер ертеңгісін осыны көрдіңдер ме?
Мен көрген жоқпын. Жүріңдер бәріміз осы ізбенен барып көрейік.
Қандай үлкен төмпешік.
—         Мұның ішінде не бар екен? Көрейік, ішінен шана тауып алады. Бұл шанамен балалар біз жарысып ойнаймыз.
                                           «ШАНАМЕН ЖАРЫС»
 ( 2 бала 2 баланы шанамен сүйреп көшелердің арасымен айналып тез                      
                                     сүйреп келу керек)
 Жүргізуші: Әрі қарай жүрейік, үйшік көрінеді. Мұнда кім тұрады екен?
( түлкі  шығады)
Түлкі: Сәлеметсіздер ме, Сендер неғып жүрсіңдер, балалар?
 Балалар: Ойнап жүрміз, түлкішек.
 Түлкі: Мен сендерді ойынға шақырамын. Мен сендерге әдемі қимылмен ойын ойнатамын, соны қане бәріміз бірге жасайықшы!
Ойын «түлкішек»
Түлкі: Ойын ұнады ма? Рахмет сендерге. Маған жолығып, көңілімді көтеріп кеттіңдер. Сау болыңдар.
 Балалар: Сау болыңыз, түлкішек.
 Жүргізуші: Ал, балалар тағы да жүрейік. Біздер орман ішіне кіріп кеттік. Алдымызда тағы бір үйшік, мұнда кім тұрады? Ау-у кім бар?
 Балалар: Ау-у, Кім бар үйде?
 Мыстан  кемпір: (Тығылып қалып, әуенмен айқайлап шығады)
—         А-а  қорқып кеттіңдер ме? Неғып жүрген балаларсыңдар, өздерің қорықпайсыңдар ма?
 Жүргізуші: Жоқ, балалар сенен қорықпайды. Біздер таза ауада ойнап жүрміз. Денемізді шынықтырып жүрміз.
 Мыстан кемпір: Не керек жаттығу жасап, мен пештің үстінде жатқанды жақсы көремін, бірақ ойнағанды да  ұнатамын. Мен сендерге бір тапсырма беремін, орындайсыңдар ма?
Балалар: Орындаймыз.
Мыстан кемпір: Ал, ендеше мына тақтайдағы суреттегі белгіге қарды дәл тигізу керек. Көрейін сендердің шапшаң, мергендіктеріңді.
(2 бала шығару)
                   ОЙЫН: «БАҒАНАҒА  ДӘЛ  ТИГІЗУ» (Қарды)
Мыстан кемпір: Өздерің күшті екенсіңдер, ал енді жарысып көрейік.
ОЙЫН; «ДОППЕН  ЖАРЫС»
2 колоннаға бөліну керек
(3 құрсаудан секіру, кеглиді айналамыз,2 доғаның астымен өтіп тез жүгіріп келу)
 Жүргізуші: Қалай мыстан кемпір балалар ойыны ұнады ма, жақсы ойнайды екенсіңдер.
Мыстан  кемпір:  Шаршап қалдым, барып жатып демалайын, рахмет сендерге, енді денемді  күнде шынықтыратын боламын. Сау болыңдар.                                       (үйіне  кіріп  кетеді)
Жүргізуші: Жарысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Қане барлығымыз билеп, қимылдар жасап жылынайық.
 Би: «ӨЗ  ЕРІКТЕРІМЕН»
—         Төмпешік қар сатында қар адам тығылып қалады, басында шелек көрінеді.
Жүргізуші: Қараңдаршы балалар шелек тұр, кім дәл тигізеді екен.
(Дәл  тигізген  кезде  артынан  қар  адамы,  билеп  шығады)
—         Балалар кім келді бізге?
Қар адам:   Амансыңдар ма, балалар!
Мені оятып жібердіңдер
Өздерің не істеп жүрсіңдер?
Балалар: Дем алып, таза ауада ойнап жүрміз.
Қар адам: Мен де сендермен ойын ойнаймын, кім тез домалақ үлкен қарды жасайды екен.
  ОЙЫН; «ҚАРДЫ  ДОМАЛАТУ»
Қар  адам: Өздерің шапшаң екенсіңдер, ал енді осы қарды 2-ге бөліп қояйық. Ойын мына 2 құрсауды жүгіріп әркім өз колоннасын жинап алу керек, жүгіріп мына қарды айналып.
ОЙЫН: «ӨЗ КОМАНДАҢДЫ ҚҰРСАУ ІШІНЕ ЖИНАП АЛ»
Жүргізуші: Біз ортаға қар адамын алып би билейміз.
                                          БИ: «ҮЙРЕКТЕР»
Қар адам:  Рахмет қандай  көңілді балалар, денелерің  шынығып, мықты шымыр болып өсіңдер, ауырмаңдар.
Мынау сендерге менен сыйлық, дәмді құймақ.
Жүргізуші:
— Осымен дене шынықтыру мерекесіне арналған сағатымыз аяқталды.
— Сендерге мереке ұнады ма, балалар?
— Қандай ертегі кейіпкерлерін көрдіңдер?
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *