Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімі
Окасова Гүлден Маликқызы
(4-сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ)
Тақырыбы:«Тапқыр болсаң,озып көр»
Мақсаты:
1)Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой — өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2) Жастарды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
3) Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар
Барысы:
Жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз.
Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
ІІ. Сайыс шарттары
1. Бәйге сайысы
2. Тіл-өнер сайысы
3. Төрт жұмбақ сайысы
4. «Бұл кім?»
5. Жорға сайысы
ІІІ. Қорытынды. Қазылар алқасының шешімі
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Архимедтей жаңалықтар ашар,
Болса үміткер, сайысқа үлес қосар
Ұлы дәрігер ізін басар
Біздерде бар жас талапкерлер
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Бәрінің де жеңіске деген үміті бар-дей келе сайыс алаңына «Талай сынды бағындырған қырандар» тобы ,«Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобын, «Биіктен көрінер алғырлар» тобы мүшелерін шақырамыз. (Топтар орналасып болғанша,музыка ойнап тұрады.)
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы-мамандар алқасын таныстырсақ:
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.
Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызға сөз берейік.
«Талай сынды бағындырар қырандар» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесу: Талай сынды келеміз бағындырып,
Талай жұртты келеміз таңқалдырып,
Тобымыздың атынан келіп тұрмыз,
Ақтаймыз деп ойлаймыз үміттерін
«Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобы
Ұраны: Жас жұлдыздай жанамыз,
Жақсы білім аламыз.
Ең керемет сайыскерлер
Мінеки біздер боламыз.
Сәлемдесу: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз
«Биіктен көрінер алғырлар» тобы
Ұраны:
Шыдамдылық,еңбек,алғыр-ой,
Анық досың біліп қой!»
Сәлемдесу:
Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
Жүргізуші:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, — деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде 12 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп,жауабын салыстырамыз. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса , сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.
Сонымен, ойыншылар, ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
1-кезең«Бәйге сайысы»
1-сұрақ. Қай жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды? (1991 ж.)
2-сұрақ. Шоқжұлдыздардың ішіндегі ең жарық жұлдыз? (Темірқазық жұлдызы)
3-сұрақ. Теңдеу дегеніміз не? (Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік)
4-сұрақ. Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Өлеңнің авторы: (Абай)
5-сұрақ. 1 ғасырда неше жыл бар? (100жыл)
6-сұрақ. Сөйлем мүшелерін ата. ( Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)
7-сұрақ. Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
8-сұрақ. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі ( Серік Біләлов)
9-сұрақ:1 кг-да неше г бар? ( 1000 гр)
10. Алтын адам табылған жер ? (Есік қорғаны )
11.Абылай ханның шын есімі кім? (Әбілмансұр)
12-сұрақ. 64 қай санның квадраты?
2-кезең «Тіл-өнер сайысы»
Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп,
Кім шығады қанеки, «Жауабын мен білем» деп.
«Тіл-өнер» сайысында мақал-мәтел немесе жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасы дұрыс айтылса 20 ұпай, тек орысша немесе ағылшынша аудармасы үшін 10 ұпай беріледі.
Бірінші болып қол көтерген ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда екінші қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса, онда жүргізуші өзі жауап береді.
Мақал: 1. Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол. (Атаның-дедушка-grandfather)
2.Кім басыңа қарайды,
Дұшпан аяғыңа қарайды. (дос-друг-frand)
3.Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау-шесть-six)
1. Адам болатын кім алысқа қарайды. (бала-мальчик-boy)
2.Ас атасы-не (нан-хлеб-bread)
3.Ата көрген оқ жонар,
Кім көрген тон пішер.(Ана-мама-mather )
Жұмбақ:Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қалам-ручка-pen)
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін ,
Ол қазына өлмейтін. (кітап-книга-book)
Аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (Доп – мяч-bull).
3-кезең . «Төрт жұмбақ»
Бұл сайысымызда негізгі 4 пәннен сұрақтар беріледі.
1. Сол жақтағы 30 математика пәні
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.» Қарияның неше ұл, неше қызы бар? (3ұл, 3қыз)
2.Ортадағы 30 дүниетану пәні
Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (мұнай,тас көмір)
3. Оң жақтағы 30 қазақ тілі
Септіктерді атап шық.
4.Сол жақтағы 40 ана тілі
«Күлпаш» шығармасының авторы кім? (Б.Майлин)
5.Ортадағы 40 математика
Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сап түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды.Барлық сарбаз нешеу болған? (34)
6.Оң жақтағы 40 дүниетану пәні
Картаға тура қарап тұрғанда оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)
7. Сол жақтағы 50 ана тілі
Мақалды жалғастыр:Батыр туса ел ырысы,————?
8. Ортадағы 50 математика пәні
Ұзындығы 20см, ені 7 смтіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?(140)
9. Оң жақтағы 50 дүниетану пәні
Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі не? (глобус)
4-кезең Ойлан тап «Бұл кім?»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы-деп кезекті «Бұл кім?» кезеңіне береміз.
Бұл жерде сіздерге дорбаларды таңдап,сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Ақын-жазушылардың кім екенін табады .
Қазақтың аса көрнекті ақыны,ірі қоғам қайраткері,өте білімдар ғалымы,Торғай өңірінде туған,балаларға арнап тұңғыш қазақ “ Әліппесін” жазған. Оның “Оқуға шақыру”, “Әліппенің атасы” т.б шығармаларымен таныспыз.Бұл кім туралы айтылған?(Ахмет Байтұрсынов)
Қазақтың аса көрнекті ақыны,Солтүстік Қазақстан облысының тумасы,4 жастан мектеп табалдырығын аттаған,өз ұлтың өте жақсы көрген ,жастарға үміт артқан ақын.Оның “Қарағым”, “Аққала” т.б шығармаларымен таныспыз.Бұл кім туралы айтылған?( Мағжан Жұмабаев)
Жырау,жыршы әрі айтыс ақыны.Жамбыл облысында дүниеге келген.Ол он бес жасынан қолына домбырасын алып,ел кезіп,өлең айтып,айтысқа түскен.Ұлы Отан соғысы кезінде ел жігерін қайраған ақын.Бұл кім туралы айтылған?(Жамбыл Жабаев )
Капитандар сайысы «Егер де мен …»
Бұл кезеңде топ басшылары таңдап алған сөздеріне сәйкес өз пікірлерін айтып береді. Берілген сөздер- Кәсіпкер болсам, Мектеп директоры болсам, Әкім болсам
5 кезең «Жорға» сайысы
Сонымен ақырғы айналымға да жетіп қалдық. Келесі кезекте «Жорға» сайысы. Жұлдызшалар берілген,әр жұлдызшада 7 сұрақ бар. Соған тез жауап беруіміз керек. Әрбір дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан.
Ә-нұсқасы
1.Мұхтар Әуезовтың белгілі шығармасы. (Көксерек)
2.42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
3.9*7= көбейтіндісі нешеге тең?.
4.Денені не қаптап тұрады? (тері)
5.Назови слова мужского рода
6.Туынды сөз жасау үшін қолданылатын қосымша. (Жұрнақ)
7.Ағылшынша жануарларды атап бер
Б-нұсқасы
1.Картада жазықтар қандай түспен көрсетіледі?(жасыл )
2.Жалқы есім айт.
3.Назови слова женского рода
4.Судың үш күйін ата? (су,бу,мұз)
5. 3 санының кубы нешеге тең? (27)
6.Ы.Алтынсариннің шығармаларын ата.
7.Ағылшынша отбасы мүшелерін атап бер
А-нұсқасы
1.Алғашқы адамдар қай дәуірде пайда болған деп болжаймыз? (мұз дәуірі
2. Көбейтудің қасиеттерін ата.
3.Назови слова отвечающие на вопрос что?
4.56:8= бөліндісі қаншаға тең? (7)
5.Абай Құнанбаевтың шығармаларын ата.
6.Күрделі етістік айт.
7.Ағылшын тілінде санап бер 1-10
Жүректен жүрекке
Әр топ бір-біріне жүрекшелерге жылы тілектері,лебіздерін жазып береді.Сонымен қатар келген қонақтарға да жылы тілектерін білдіріп жүрекшелер ұсынады.
Жүргізуші: Міне, біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. (Жеңімпаз топ анықталады.)
«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқандай еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.
Қосымшалар:
Ә-нұсқасы
1.Мұхтар Әуезовтың белгілі шығармасы.
2.42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады?
3.9*7= көбейтіндісі нешеге тең?.
4.Денені не қаптап тұрады?
5.Назови слова мужского рода
6.Туынды сөз жасау үшін қолданылатын қосымша
7.Ағылшынша жануарларды атап бер
Б-нұсқасы
1.Картада жазықтар қандай түспен көрсетіледі?
2.Жалқы есім айт.
3.Назови слова женского рода
4.Судың үш күйін ата?
5. 3 санының кубы нешеге тең?
6.Ы.Алтынсариннің шығармаларын ата.
7.Ағылшынша отбасы мүшелерін атап бер
А-нұсқасы
1.Алғашқы адамдар қай дәуірде пайда болған деп болжаймыз?
2. Көбейтудің қасиеттерін ата.
3.Назови слова отвечающие на вопрос что?
4.56:8= бөліндісі қаншаға тең?
5.Абай Құнанбаевтың шығармаларын ата.
6.Күрделі етістік айт.
7.Ағылшын тілінде санап бер 1-10
[bws_related_posts]