Басы » Баяндамалар » Жеке тұлғағаның қалыптасуына бағытталған жаңа технолгиялар

Жеке тұлғағаның қалыптасуына бағытталған жаңа технолгиялар

шолпанҚызылорда облысы

Шиелі ауданы

228 орта мектеп

Шолпан Баимбетова 

                Жеке тұлғағаның қалыптасуына бағытталған жаңа технолгиялар
    Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,- деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері- Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы.
Педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас пайда болуда.
● білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
●  мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
●  қоғамдық біліммен бара — бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық- педагогикалық іс- әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.  Педагогикалық технология- оқу- тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Педагогикалық технологияның ерекшелігі- сабақтың талабы- оқушы арқылы, оның оқу іс- әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып мақсатқа жетуді қарастырады, яғни оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы олардың ойлау дағдыларын жетілдере отырып мақсат қою технологиясы.
Жаңа технологияға сәйкес оқыту моделі дамытушы модель, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған ол оқу процесінде мұғалім мен оқушы арасында «субъект- субъект» қатынасын қалыптастырады. Мұндай оқытуда оқушы қызмет субъектісі, ал педагог оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, яғни технология- белгілі педагогикалық жүйенің практикада (тәжірибеде) жүзеге асатын жобасы.
Педагогикалық жүйе бір- бірімен байланысты әдістер, педагогикалық процестер, жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін нақты мақсатты, бағытты педагогикалық әсер (Беспалько бойынша)                                                                                                                       Жеке тұлғаның дамуына оқу- тәрбие жұмыстары да ықпал етеді. Оқушының жан- жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбие жұмыстарына мынадай талаптар қойылады.
1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлы, жүйелі жүргізу.2. Тәрбие жұмыстары оқушылардың шығармашылық істерін насихаттап, ізденістерін дамытатындай болу керек.                    3. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін көтеру.4. Ұжымдық, жеке іс- әрекеттің дамуы және оқушының әрекет етуіне жол беру.5. Басқалармен үйлесімді қарым- қатынас құруы, тұлғаның өзін- өзі тануына тәрбиелеу.6. Өзгелердің мүддесін, өз мүддесінен жоғары қою, кеңпейіл болу, тәкәппарлыққа жол бермеу.7. Достарының, отбасының, отанының сенімін ақтауға үйрету.
Қоғамның қай кезеңінде болсын, жеке тұлғаның жан- жақты тәрбие алуын ұйымдастыруда оларға сапалы білім беру көзделген. Бұл мәселе ұлы ғұламалар еңбектерінде кеңінен орын алып, өзіндік сабақтастығын тауып келген.
Әл- Фараби өз еңбектерінде сапалы білім алу үшін тәрбиеленушілерді 2 топқа жатқызған.1-ші топ- өз еркімен білімді меңгеруге ұмтылушылар. Оларды оқытудың жеңілдігін, оларды өздеріне сенім арту керектігін атап көрсеткен.2-ші топ- амалсыздан оқитындар. Ондай оқушыларды қатаң қадағалап оқыту дегенді ұсынған. Яғни білімнің сапасы оқытушының қандай әдіс- тәсілдерді қолданып оқытуына тікелей қатысты екендігін дәлелдейді.
«Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес, Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту. Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы.
Оқушының жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді ұйымдастыруда дамыта оқыту технологиясы ерекше орын алады. Дамыта оқыту- жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында Л.С.Выготский оқыту идеясын қозғады. Оқытудың гипотезасы бойынша білім- оқушының даму құралы. 1960-1990 жылдар арасында Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Занков жасаған жаңа жүйенің негізі- өсіп және дамып келе жатқан дара тұлға.  Дамыта оқыту оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын арттыруға, білімге құштарлығын оятуға баулиды. Оқушылардың оқуға сапалы және жауапты көзқарасын тәрбиелеуге, өз бетімен білім алуға, қосымша әдебиеттерді оқып, ізденуге, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыруға, алған білімін өмірде тиімді пайдалануға үйретеді.Жаңа буын оқулықтарын оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану дегеніміз- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты білім алуына, белсенді, шығармашық болуына жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.
Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін ашу- одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар- намыс, мақтаныш- сезім, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік, өз пікірін сапалы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып, жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан- жақты гармониялық даму үшін негіз жасалды.
Жас ұрпақты қоғамдық маңызды істерді сапалылықпен игеретін бұған дейінгі адамзат жасаған игіліктерді жалғастыра алатын жан- жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастырудың негізі мектеп жасында қаланатыны белгілі.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.Оқу әрекетінде оқушының субъект ретінде қалыптасу жолдарын баланың жас кезеңдеріне байланыстыра келе Г.И.Шукина былай дейді: «Оқу әрекеті дамуы оқушының сипатының өзгеруіне қарай оқушының жеке басының дамуына үлкен әсер етеді. Мыс: бастауыш сыныптарда оқушы негізінен, тапсырманы орындаушы болса, орта сыныптарда ол жай орындаушы емес, белсенді орындаушы деңгейіне көтеріледі, осы кезеңде оның шығармашылық ізденісінің алғы шарттары қалыптаса бастайды да, жоғары сыныптарда оқушы өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей білетін, әрекет иесі ретінде танылуы тиіс».
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы, бір жағынан оқу үрдісіндегі оқушының белсенділігінің, өздік ізденіс жасай білуінің, қызығушылығының т.б. өзгеруіне байланысты болса, екінші жағынан айналасындағы адамдармен қарым- қатынасына байланысты болады. Сондықтан мұғалім оқушы бойындағы өзгерісті назардан тыс қалдырмай нақтылы ситуацияларда оқушы белсенділігін, өз бетінше жұмыс істей білу қабілетін, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамытуға қажетті жағдай туғызып отыру керек.
Соған сай міндеттер:• оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым- қатынасты орнықтыру • оқыту кезінде оқушының потенциалдық мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасау;• оқытуды оқушыда оқу іс- әрекетін қалыптастыратындай етіп ұйымдастыру;• дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс- тәсілдерін қолдану.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *