Тақырыбы: Желтоқсан ызғары
Мақсаты: Еліміз туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет — ғұрпын, салт — дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Құрметті: Тәрбиеші апайлар, Сүйікті балалар!Ата-аналар.
Сіздерді егеменді еліміздің тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт, шат күлкі тілейміз.Бүгін сіздердің назарларыңызға «Балдырған» тобының
«Желтоқсан ызғары» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер .
Әнұраным,әнұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраным.
Тәрбиеші:
Енденше балалар, бүгінгі салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранынан бастайық (әнұран орындалады) Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірдік.Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды.Осы көтеріліске Қазақстанның жас ұлдары мен қыздары шықты.
Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатайов,Сәбира Мұхамеджанова,Лаззат Асанова сынды аға апаларымыз шықты.Бұл аға-апаларымыз еліміздің болашағы,егемендігі үшін,ана тілі үшін,біздің болшағымыз үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Жүргізуші:1986 жылы Алматы қаласында өткен желтоқсан көтерілісінде де өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті.Сол кезеңді көрсеткен біздің балалардың өнерін көрейік.
Тергеуші:Ал,Рысқұлбеков,әбден ойланып,ақылға келдің бе?шындықты айтасың ба?Үндемейсінғой,ә!Онда жазбаша жазып бер.
Ақат: Ала таудай бабалар
Аруағыңмен жебей гөр.
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Атам десең атыңдар.
Би:’’Адай’’
Жүргізуші:Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті тірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Дегендей өткенімізді құрметтейтін,бүгінді бағалайтын,ертеңізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар. «Біз өмірдің гүліміз.» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Бірақ біздін Отанымыз әр қашан Тәуелсіз болмаған. Тәуелсіз ел болып біз 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияландық балалар.Осы бақытты өмір сүру үшін талай қиыншылықты бастан кешірдік.16 –желтоқсанда осындай аға- апаларымыздың арқасында біздер тәуелсіздік алып егеменді ел болдық ендеше
16 желтоқсан тәуелсіздікке арналған тақпақтарға кезек берейік.
Айбар Бостандық білсең біздерге
Онайлықпен келген жоқ.
Желтоқсанда төгілген,
Қанның орны кеткен жоқ.
Салтанат: Көзімізде от ойнап,
Бойымызда жас қайрат.
Алға басып келеміз,
Қолымызда көк байрақ. .
Алмира: Тәуелсіздік тұмарым.
Бәйтерегім шырағым,
Ел мерейін өсіріп,
Менде шыңға шығамын.
Ернар: Еңбек етіп табысты.
Жібермеймін намысты,
Мен әлемге танытам,
Қазақ деген халықты.
Нұрай: Атамекн тұрағым,
Сөнбейтұғын шырағым,
Көк байрағы айбыным
Қасиетті тұмарым.
Аймарал: Желтоқсанға қарандар
Айнала толы аппақ қар.
Он алтыншы желтоқсан
Алға самға Қазақстан!
Гүлназ: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі,
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әдемі. .
Нұрасыл Қуанышты халқымның
Мейрамы төрде елімнің
Нұрға толсын Желтоқсан,
Аман болшы әрқашан.
Нұрай: Жаса жайна гүл арман
Сазды ән мен жыр-дастан
Он алтыншы желтоқсан,
Сенімен Тәуелсіз Қазақстан!
Бекжан: Алаулап гул тұрады
Туған жер құлпырады,
Бейбітшілік болса,
Түрленіп бақша бағы.
Саят: Елтанбасы елімнің,
Елдігімнін белгісі.
Мұнда бар ерлігім
Халқымыздың бірлігі.
Жайдар: Көк аспандай көкпенбек,
Қазақстан жалау.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы.
Гулім: Туын қандай? Ту қандай?
Тура аспаннан туғандай
Ал аспанды қазақтын,
Көнілімен жуғандай.
Би: «Айгөлек»
Ән: «Біз бақытты баламыз».
Қорытындылау: Құрметті балалар, қонақтар бүгінгі 16 желтоқсан күніне арналған «» өтті.
Балалар сендер елге, отанға, президентке өздеріннің сүйіспеншіліктерінді көрсете білдіндер. Сендер білімді ұрпақ Қазақстанның келешегі. Мен сендерді мақтап мадақтаймын. Айтқан тақпақтарын үшін, сауалдарға берген жауаптарың үшін рахмет. Енді балалар 16 желтоқсан күні құрбан болған жерлестерімізге ризашылығымызды білдірейік:
Ризамыз!
Ризамыз!
Ризамыз!
Сіздерге!
[bws_related_posts]