Басы » Химия » Сабақ процесінде химиялық қосылыстардың тұрмыстағы және техникадағы атауларын үйретудің тиімді әдістері

Сабақ процесінде химиялық қосылыстардың тұрмыстағы және техникадағы атауларын үйретудің тиімді әдістері

фаридаҚызылорда қаласы
Ж.Махамбетов ауылы
№143 орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Тапалова Фарида Қараманқызы

Сабақ процесінде химиялық қосылыстардың тұрмыстағы және техникадағы атауларын  үйретудің тиімді әдістері 

Адам жеке басты заттарды ерте заманнан қолданып келеді. Олар тұрмыста, техникада,құрылыста,медицинада,халық шаруашылығының алуан салаларында кеңінен қолданылады.Заттарды пайдалану кезінде әр түрлі атаулар беріледі. Ол атаулар кездейсоқ қалыптасатын  тұрмыстық(тривиалды) номенклатураға жатады. Бұл атаулардың көпшілігі қысқа, ұтымды ауыз-екі сөйлесуде, тексте пайдалануға қолайлы.

Тұрмыстағы атаулар өмірде, әр түрлі ғылым саласындағы әдебиеттерде және химияда жиі қолданылады. Кейде тұрмыстық және систематикалық атаулар арасында үйлеспеушілік салдарынан қателіктер жіберіледі.

Бірде оқушыларға мыс сульфатына  аузы ашық  ыдыста тұрып қалған ерігіш шынымен әсер еткенде  байқалған құбылысты  түсіндіру жөнінде  тапсырма берілді. Тапсырманы орындай алмаған  оқушылар жұмысын талдағанда ерігіш шыны деп аталатын заттың формуласын естеріне түсіре алмағанын аңғардым.

Оқушыларға натрий мен калий  тұздарының формулаларын  жазуға тапсырма беріп, силикаттардың  өздері білмеген ерігіш  шыны екендігі айтылды.

Ерігіш шыны – натрий мен калий силикаттарының  тұрмыстағы аты.

 

                                        Nа2  SiO3  —Ерігіш шыны  — К 2 SiO3

Ерігіш  шынының орнына химиялық атауын  бергенде оқушыларға түсінікті болар еді.Бұл мысалдан заттың атынан құрамына ауыса білудің маңызы айқын білінеді. Сондықтан әр сыныптағы химия курсының теориялық негізін құрайтын маңызды материалдарды өткенде заттың химиялық  символикасы мен номенклатурасына мән беріп, оқушылар назарын  аударып, есте қалатындай еткен жөн.

8-сыныпта өтілетін «Тұздар» тақырыбын  өткенде оқулықта кездеспейтін   теориялық мәліметтерді мынадай қосымша таблицалар арқылы берген дұрыс.

 

Тұздардың тұрмыстағы аты Химиялық атауы формуласы Физикалық қасиеті қолданылуы
Алмас Сынап(ІІ) хлориді Нq Сl2 Ақ ұнтақ,суда,органикалық еріткіштерде ериді,күшті у Дәрі есебінде қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашудас Қоссульфаттар кристаллогидраттарының жалпы атауы КАl (SO4)12Н2 О Ертеден белгілі тұздар Тері илеуде,матаны бояуда,медицинада қолданылады

 

Ащы тұз немесе ағылшын тұзы Магний сульфатының  кристаллогидраты МqSO4         7H2 O Дәмі ащы Дәрі есебінде қолданылады.
Барит-ауыр шпат Барий  сульфаты ВаSO4 минерал Мөлдір кристалдары оптикалық приборларда қолданылады.
Бертоле тұзы Калий хлораты (гипохлораты) КСlO3 Күшті тотықтырғыш Оттек алу үшін,сіріңке өнеркәсібінде қолданылады.
Бор Кальций  карбонаты СаСО3 Тау  жынысы Бояу, резина, қағаз өндірісінде,тақтада жазуда қолданылады
Бура Натрий тетрабораты кристаллогидраты Na2 B4 O7   10H2 O Мөлдір кристалл Эмаль,шыны,қағаз  өнеркәсібінде,медицинада қолданылады

 

Гипс Кальций сульфатының кристаллогидраты СаSO4   2H2 O Ақ түсті Цемент, тыңайтқыш алуда,медицинада қолданылады
Глаубер тұзы Натрий сульфаты кристаллогидраты Na2SO10H2 O Шипалық қасиеті бар Медицинада,шыны өнеркәсібінде қолданылады
Каломель Сынап(І) хлориді HqCl Иіссіз,дәмсіз,ақ ұнтақ, суда,органикалық еріткіштерде ерімейді Дәрі есебінде қолданылады
Киноварь Сынап(ІІ) сульфиді HqS Ашық қызыл түсті Қызыл бояу
Крон Қорғасын хроматы РВСrO4 cары бояу
Қорғасын қанты (сатурн қанты) Қорғасын  ацетаты РВ(СН3 СОО)2 2 О
Ляпис(тозақ тасы) Күміс нитраты АqNO3 Қоңыр Сүйел карандаш

 

 

Мәрмәр тас Кальций карбонаты СаСО3 Түсі ақ,сұр, қызыл Құрылыста,электротехникада қолданылады
Жавель суы Калий хлориді мен калий хлораты KCl+KClO Париж қаласының маңындағы Жавель деген жерден әзірленген Маталарды түссіздендіру үшін қолданылады
Литопон Мырыш сульфиді мен барий сульфаты қоспасы ZnS+BaSO4 Ақ түсті Ақ бояу есебінде қолданылады

 

 

 

Оксидтер  тақырыбын өткенде   төмендегі  қосымша  мәліметтер  беріледі

 

 

Алунд Алюминий  оксиді Al2O3 өте қатты Металл  өңдейтін  тас алуда  қолданылады
Ауа газы Көміртек (ІІ) оксидінің ауа азотымен қоспасы СО+N2 газ  

 

 

 

Ауыр  су Судың бір түрі Д2О Кәдімгі судан тығыздығы мен тұтқырлығы артық Ядролық реакторларда нейтрондарды баяулату үшін қолданылады
Әк немесе өртелген ізбес Кальций оксиді СаО Ақ түсті ұнтақ Ақ сырдың баламасы,ақтау үшін қолданылады
Глинозем Алюминий  оксиді Аl2O3 Cаздың құрамына кіреді Алюминий алатын шикізат
Жақұт(корундтың түр өзгерісі) Алюминий оксиді Al2O3 Көк түсті, қатты тас Асыл бұйым жасауда қолданылады
Жасыл крон Хром(ІІІ) оксиді Cr2O3 Жасыл түсті Бояу ретінде қолданылады
Жоса Темір(ІІІ) оксиді мен марганец оксиді Fe2O3+Mn2O3 Саздың техникалық аты Бояу ретінде қолданылады
сурик Қорғасын оксиді РВ3О4 Қызыл түсті сазға қосылады Қызыл жоса деп аталады
Иіс газы Көміртек (ІІ) оксиді СО Иісі, түсі, дәмі жоқ.Суда нашар ериді,өте улы Газ күйіндегі оттек есебінде қолданылады
кремнезем Кремний оксиді SiO2 Құм ретінде пайдаланылады Силикат өнеркәсібінде қолданылады
Күркіреуік газ Сутек екі көлемі мен оттектің бір көлемі 2+O2 газ От алдырғанда күшті қопарылыс береді
лағыл Корундтың түр өзгерісі Al2O3 Қызыл түсті Асыл тас
өртелген магнезия Магний оксиді МqO
мумия Темір(ІІІ) оксиді Fe2O3 Қоңыр бояу Силикат өнеркәсібінде қолданылады
пергидроль Сутек асқын тотығы Н2О2 Күшті тотықтырғыш
Силикагель Кремний оксиді SiO2.nH2O Дисперсті жүйе әртүрлі заттарды сіңіруге бейім
Шаттандырғыш газ Азот(І)оксиді N2O газ Ағзаны көңілдендіретін газ

 

 

 

Ал органикалық химияда спирттер тақырыбын өткенде оқушыларға қосымша төмендегідей мағлұматтар беруге болады.

 

Ағаш спирті Метил спирті(метанол) CH3OH Ағашты құрғақ айдау арқылы алады Формальдегид алу үшін қолданылады
Анилин майы анилин С6Н5NH2 Техникалық таза анилин
денатурат Этил спирті С2Н5ОН Улы қосымшалары бар,ішуге жарамсыз Техникалық мақсаттарға қолданылады
Күкірт эфирі Диэтил эфирінің ескірген аты С2Н5ОС2Н5
Шарап спирті Этил спирті С2Н5ОН Түссіз сұйықтық Наркотик,организмге қоздырып әсер етеді
Шарап тас Шарап қышқылының калийлі қышқыл тұзы КНС4Н4О6 Шарап ашытқанда қатты қалдық  ретінде қолданылады

 

Кесте түрінде қосымша  мағлұматтар беру арқылы:

1-ден оқушылардың  өтілген  материлды жан-жақты игеруіне,

2-ден   тарихи мағлұматтар арқылы  тақырыпты есте бекітуге

3-ден  химиялық  символика  мен номенклатураны игеруіне көмектеседі.

Бұл келтірілген  тұрмыстық атаулар  заттың  қасиетіне, алыну тәсіліне, ашқан адам есіміне, физиологиялық әрекетіне тағы басқа белгілеріне қарап қойылған. Олар тұрмыста , әр түрлі ғылым саласындағы әдебиеттерде,оқулықтарда жиі кездеседі. Сондықтан оларды білудің оқушылар үшін берері мол.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *