Басы » Информатика » Циклдік алгоритмдерді программалау (Презентация)

Циклдік алгоритмдерді программалау (Презентация)

раушанШҚО, Күршім ауданы, Боран ауылы,
Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия
информатика пәні мұғалімі Нурсаханова Р. Т.
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ.
Ойын технологиясын әдетте дәстүрлі емес педагогикалық технологияларға жатқызамыз. Оны сабақта көп қолдана да бермейміз. Бірақ негізінен ойын түрінде өтілген сабақ материалы оқушының жадында көбірек сақталады. Оның бір себебі, ойынның оқушы бойында жағымды эмоциялар туындата алуында. Ойын оқушының табиғатына жақын. Мұндай сабақта ол өзін психологиялық тұрғыдан еркін сезінеді. Әдетте ойын технологиясын білім беру үрдісінде сабақтан тыс шараларда немесе бір тарауды қорытындылау кезінде қолданамыз. Ойын элементтерін сабақтың әр кезеңінде оқушы белсенділігін көтеру үшін, тақырыпқа назар аударту үшін, шығармашылық қабілетін ашу үшін т.б. мақсатта пайдаланамыз.
Ойын оқушының әлеуметтенуіне, қоғамда өз орнын табуға, жан-жақты ашылуына, шығармашылық танытуына септігін тигізеді. Ойын барысында бала өзінің және басқалардың әлсіз әрі күшті жақтарын танып білуге, топпен бірлесе жұмыс жасауға, жауапкершілікке, жылдам шешім қабылдауға үйренеді. Сондықтан сабақта ойын әдісін пайдалану білім берумен қатар, дамытушылық, тәрбиелік мәнге ие .
Сіздердің назарларыңызға, «Іскерлік ойыны» технологиясымен өтілген сабақтың жоспарын ұсынып отырмын:
Сабақ тақырыбы: Циклдік алгоритмдерді программалау.
Сынып: 9 сынып.
Мақсаты: Циклдік алгоритмдерді программалау туралы білімдерін жүйелеу, қорытындылау.
Міндеттері:
Білімділік:Циклдік алгоритмдерді программалау тақырыбы бойынша білімдерін тексеру, жүйелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау, алгоритмдік ойлау, салыстыру, ой қорыту қабілеттерін, Pascal программалау ортасында жұмыс жасау дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзінің және өзгенің білімін бағалауға, топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: тақырыпты қорытындылау, білімдерін тексеру сабағы.
Сабақ типі: іскерлік ойыны
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, деңгейлік тасырмалар, ойын элементтері, интербелсенді технология элементтері.
Қажетті құралдар: компьютер, проектор, интербелсенді тақта, слайд, үлестірме тапсырмалар, бағалау парағы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру сәті:
Оқушыларды түгендеу.
Топқа бөлу: оқушыларды кез-келген әдіспен бала санына қарай 3-4 топқа бөліп отырғызамыз.
Құрметті қатысушылар! Жыл сайын өткізілетін Слайд1. «Ең үздік бағдарламалау фирмасы 2014» сайысына қош келдіңіздер. Биылғы сайысымыз циклдік алгоритмдерді программалау тақырыбын арналмақшы. Жарыс барысында сіздер біздің электрондық поштамызға келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, тапсырысқа бағдарлама құратын боласыздар. Әр құрылған бағдарлама мен сұрақтардың қиындығына қарай ұпайлар беріледі. Қай фирма көбірек бағдарлама құрып, тұтынушы сұрақтарына дұрыс жауап берсе, сол фирма  «Ең үздік бағдарламалау фирмасы 2014» атағын жеңіп алмақшы. Сіздер бұл жарысқа қатыспас бұрын, өз фирмаларыңызға ат қойып, өзара мамандық түрін бөлісіп алуларыңыз керек. (мамандық аты жазылған үлестірме қағаз таратып беру).
Мамандықтар. Слайд2:
Фирма басшысы – топтың жұмысын басқарады. Әр қызметкердің жұмысына баға береді.
Кәсіби бағдарламашы  – бағдарлама құрады.
Бағдарламашы көмекшісі  —  құрылған бағдарламаны компьютерге салып тексереді.
Кәсіби кеңесші – өз ойын айтып, әртүрлі кеңес береді, өз білімімен бөліседі.
Сонымен, жарысқа келесі бағдарламалау фирмалары қатысуға тілек білдіріп отыр: фирма аттары. Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
Слайд3:1 кезең. Кәсіби кеңес.
Біздің электронды поштамызға қарапайым адамдардан көптеген сұрақтар түсіп жатады. Мен сұрақтарды үлкен экранға шығарып тұрамын, қай фирма кеңес беруге дайын болса, жауап беріп өздеріне ұпай жинайды. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дайын топ қол көтеріп жауап береді.
Слайд4: «Студенттен сұрақ» — 1 ұпай. Құрметті мамандар, мен бүгін емтихан тапсырайын деп отырмын. Маған мына сұрақтың жауабы керек: Pascal тілінде циклдік операторлардың неше түрі бар. Олар қалай аталады?
Жауап: 3 түрі бар: параметрлі цикл (for … do) , цикл «әзір» (while…end), цикл «дейін» (repeat…until)
Слайд5. «Оқушыдан сұрақ» — 1 ұпай. Менің атым Ернұр. Мен 7 сыныпта оқимын. Бізге үйден циклдік алгоритмге мысал келтіруге тапсырма берілді. Мен бұл тақырыпты ұқпағандықтан қиналып отырмын. Маған көмектеседі деп сенемін.
Сұрақ6.   «Ертегілер елінен сұрақ» — 1 ұпай. Мен Том Сойермін. Мені барлықтарыңыз білетін шығарсыздар. Мен бүгін тәртіпсіздігім үшін жазаланып, шарбақ бояуға тапсырма алдым. Айтыңыздаршы, мен шарбақты бояу үшін арифметикалық цикл қолданғаным дұрыс па, әлде итерациялық цикл қолданғаным дұрыс па? Шарбақтағы тақтайлар саны — белгісіз.
Жауап: қайталанулар саны белгісіз болғанда, итерациялық цикл қолданады.
Слайд7: Сұрақ4.  «Оқушыдан сұрақ» — 2 ұпай. Құрметті бағдарламалау фирмасының мамандары! Мен өте қиын тапсырмаға тап болдым. Сіздерден басқа ешкім көмек бере алмайды. Келесі бағдарлама үзіндісі берілген:

i:=-10; a:=20; b:=5;
while i<0 do
begin
a:=a-b;
i:=i+b;
end;

Сұрақ: цикл денесі неше рет орындалады? Цикл орындалып болған соң a, b, i шамаларының мәні неге тең?
Жауап: цикл денесі 2 рет орындалады. a=10, i=0, b=5.

Слайд8: Cұрақ 5. «Студенттен сұрақ» — 3 ұпай. Сәлем, мамандар! Мен бір бағдарлама құрған едім, оны жұмысқа жіберсем, бағдарламам тоқтаусыз қайталап жұмыс жасай береді. Менің қай жерден қате кетіргенімді тауып берсеңіздер.
program motocikl;
var i, j:integer;
begin
i:=5;
repeat
j:=i*i;
wtite (i, ‘      ’);
writeln (j);
until i>15;
end.
Жауап: цикл шартының алдында i-дің мәнін өзгертетін меншіктеу операторы жетіспейді. Мысалы i:= i+1.
Слайд9: Сұрақ 6. «Оқушыдан сұрақ» — 3 ұпай. Құрметті бағдарламашылар! Мен сіздерге агенттен хабарласып отырмын. Маған тезірек мынандай сұраққа жауап жазып жіберіңіздерші. Қай циклдік операторда цикл денесі мүлдем орындалмауы мүмкін, ал қайсысында ол тым болмағанда, 1 рет міндетті түрде орындалады. Неліктен? Біз информатика сабағынан сынақ тапсырып отыр едік. Тезірек!!!
Жауап: «әзір» циклінде цикл денесі орындалмауы мүмкін, себебі онда шарт бірінші тексеріледі. Ал «дейін» циклінде шарт соңынан тексерілетіндіктен, цикл денесі әркез тым болмағанда, 1 рет орындалады.
Слайд10: Сұрақ 7. «Айнұрдың сұрағы» — 3 ұпай. Құрметті мамандар! Сіздер бәрін білесіздер ғой. Біз сыныпта «әзір» циклінің көмегімен бағдарлама құрдық. Үй тапсырмасына сол бағдарламаны «дейін» циклінің көмегімен жазып келуге берді. Бірақ менің төмендегі бағдарламам дұрыс нәтиже бермей тұр. Мен қай жерден қателестім.

begin
a:=-5; b:=3;
while a<b do
a:=a+b;


begin
a:=-5; b:=3;
repeat
a:=a+b;
until a<b;

Сонымен 1-ші кезең аяқталды. 1 кезең қорытындысымен таныстырып өтейін. …
Сергіту сәті. «Естелік сурет». Оқушыларды бірінің артына бірін шеңбер жасап тұрғызу. Қолдарына бір-бір ақ парақ пен қалам тарату.
Құрметті сайыскерлер, мен сіздерді бүгінгі сайыстан естелікпен қайтарғым келеді. Мен сіздерге естелікке бір-бірлеріңіздің суреттеріңізді салуға мүмкіндік беремін. Әркім өзінің алдында тұрған сайыскердің суретін салып, астына жақсы тілек жазсын. Мен 3 рет қол шапалақтағанда, суретті  салып бітіреміз.  (Алдында тұрған оқушының арқасына ақ парақты қойып, сурет салуға кіріседі. Уақыт жеткілікті болса, суретте қай оқушы салынғанын табуға да болады. Суретті салып болған соң, суреттер таратылып беріледі.).
Слайд11. 2 кезең. Үздік бағдарламашы.
Сайысымыздың 2-ші кезеңі тапсырыс бойынша бағдарлама құруға арналады. Әр фирма берілген тапсырмалардың ішінен кез-келгенін таңдап ала алады. Тапсырмалар қиындығына қарай әрқалай бағаланады. Берілетін ұпай тапсырманың астында жазылған. Бағдарлама құру барысында оның қағаз нұсқасын не компьютерге шығарылған нұсқасын көрсетуге болады. Топтағы мамандар бірігіп 1 бағдарлама құруға, не жеке-жеке жұмыс жасауларына да болады.  Қай топ көбірек бағдарлама құрып, көбірек ұпай жинаса, сол топ «Үздік бағдарламашы» кезеңінің жеңімпазы атанбақ.
Слайд12. Тапсырыс мәтіндері.
Экранда тапсырмалар шығарылады, сонымен қатар тапсырмалар қағаз бетінде де таратылып беріледі.
Тапсырыс — 1. «Алма бағасы».
1 кг алманың бағасы белгілі болса, экранға 0.1, 0.2, 0.3 …2.0 кг алманың бағасын шығаратын бағдарлама құру қажет. (10 ұпай).
Тапсырыс — 2. «Неше күнде?»
Ұлу күндіз 20 см биіктікке көтеріліп, түнде 5 см төмен сырғып түседі. Ұзындығы 1 метр таяқтың басына ол неше күнде шығатынын есептейтін бағдарлама қажет? Бөлу амалын қолдануға болмайды. (20 ұпай).
Тапсырыс — 3. «Жай сан».
n берілген (n>1). Оның жай сан екендігін анықтайтын бағдарлама құру қажет. (20 ұпай).
Тапсырыс — 4. «Санның дәрежесі».
Бүтін a және n сандары берілген. an табатын бағдарлама құр. (15 ұпай).
Топтар тапсырмаларын орындап жатқанда, топ басшыларының сайысын өткізуге болады.
Топтар жұмыс жатқанда, мен үздік топбасшыны анықтап алғым келіп тұр.
Слайд13. «Үздік топбасшы».
Әр топбасшыға 5 сұрақтан қойылады.
1 топбасшының сұрақтары:
do мен downto айырмашылығы?
Өмірден циклге мысал келтір?
Параметрлі циклдің жазылу форматы?
Шарт соңынан жазылатын циклдік оператор?
Шарт ақиқат болғанда қайталанатын циклдік оператор?
2 топбасшының сұрақтары:
Параметрлі циклде қандай түйінді сөздер қолданылады?
Repeat сөзінен кейін ; қойыла ма?
«әзір» циклдік операторының жазылу форматы?
Цикл денесі дегеніміз не?
Цикл денесі қай уақытта  begin сөзінен басталады?.
3 топбасшының сұрақтары:
«дейін» циклдік операторының жазылу форматы?
Цикл дегеніміз не?
Шарт алдымен жазылатын циклдік оператор?
«әзір», «дейін» циклдерінің негізгі айырмашылығы?
Шарт жалған болғанда қайталанатын циклдік оператор?
Топбасшылардың алған ұпайлары бірдей болса, келесідей жұмбақ шештіремін.
Жұмбақ. IT-маман кешкісін үйіне келіп, үстел үстінде отырған жалғыз тышқанды көреді. Ол дереу милицияға қоңырау шалды. Неліктен?
Бізде үздік топбасшы анықталды. Ең көп сұраққа дұрыс жауап берген «***» фирмасының басшысы «***». Құттықтаймыз!
2 — кезеңді қорытындылау. Топтардың есебін тексеру. Арнайы бланкіге ұпайларды жазу. «Үздік бағдарламашыны» анықтау.
Бағалау кезеңі.
Мұғалім 3 — кезеңнің қорытындысын шығарып жатқанда, әр топ топбасшысы және мүшелері өздерін бағалайды.
Топбасшының бағалауы. Әр топбасшыс өзіне берілген бланкіге топ мүшелерінің еңбегін бағалайды.
Әр топ мүшесі өзін «бағдаршам» тәсілімен бағалайды.(жасыл – өте жақсы, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық)
Мұғалім әр топқа және топ мүшелеріне жеке-жеке баға беріп, қорытынды бағасын шығарады.
Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы оқушының іс-әрекеті туралы «ойтолғау» жаздыру не цикл ұғымына «синквейн» құрдыру. Оқыту.
1,2,3 — кезең қорытындысын шығару. Әр кезең бойынша «Үздік кеңесші», «Үздік бағдарламашы», «Үздік топбасшы» қорытындысын және 3 кезеңде жинаған ұпайлары бойынша «Ең үздік бағдарламалау фирмасы 2014» номинациясын тағайындау. Марапаттау.
Слайд14. Үй тапсырмасы.
Мнемоника әдісін пайдаланып while..end, repeat .. until  циклдық операторларының жазылу форматы оңай жатталатындай ассосация құрып келу. (Мнемоника  — қандай да бір ұғымды, ережені, анықтаманы  сурет, сөйлем, сан, тақпақ т.б. көмегімен оңай есте сақтауға арналған әдіс. )

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

кезең

1 топ

2 топ

3топ

4 топ

Үздік кеңесші

Үздік топбасшы

Үздік бағдарламашы

Қорытынды

 

ТОПБАСШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Топбасшы

Кеңесші

Бағдарламашы

Бағдарламашы көмекшісі

1 кезең

2 кезең

3 кезең

Қорытынды

Қосымша А

 

 

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *