ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Биология пәні мұғалімі: Ахметкаримова Анаргуль Сергазыевна
Сабақ тақырыбы: Биосфераның құрам бөліктері: тірі зат, түрлік құрамы, әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі. (В.И.Вернадский)
Сабақтың мақсаты:
— Биосфера -жердің тіршілік қабаты мен оның құрам
бөліктері жайлы оқушыларға түсінік қалыптастыру;
Табиғаттағы тірі зат және өлі заттар арасындағы байланысты алған білімдерін тереңдете отырып, қосымша материалдар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;
Табиғаттағы заттар айналымы, оның тірі ағзаларға әсер ету жұмыстарының жүргізілуі мен оқушылардың ортақ ойларын ортаға салу арқылы, білімдерін тереңдету.
Сабақ әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру.
Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, видеофильм, кітап материалдары, слайд т.б.
Пәнаралық байланыс: химия, география,геометрия.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі 2-3 минут
Үй тапсырмасын сұрау 5 минут
Жаңа сабақты түсіндіру 10-15 минут
Сергіту сәті 2 минут
Жаңа сабақты бекіту 8 минут
Қорытындылау тапсырмалары 5 минут
Оқушыларды бағалау 1-3 минут
Үйге тапсырма беру 2 минут
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сынып даярлығын қадағалау ( интерактивті тақтаның қосылуы, сынып тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуы).
— Алдын- ала даярланған 2 түрлі табиғаттың суреттері қиындылары сынып оқушыларына ұсынылады. Оқушылар алынған қиындылардан бүтін сурет жиынтығын құрастыру арқылы топтарға жайғастырылады. Топ басшылары, бағалаушылар сайланады.
1 топ. «Биосфераның құрам бөліктері» сөзі жазылған сурет.
2 топ. «Тірі зат, түрлік құрамы, әртүрлілігі » сөздері жазылған табиғат суреті.
2.Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, әрқайсыңның алдарыңа графиктік диктант
берілген. Осы диктанттың сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» жауаптарын беру арқылы кестеге график сызу.
Графиктік диктант сұрақтары: Слайд №1
1.Алғаш болып «биосфера» терминін 1875 жылы австралиялық ғалым Э.Зюсс қолданысқа енгізді ме ? (иә)
2.Жер ғаламшарының тіршілік таралған қабығы стротосфера ма? (жоқ)
3.Биосфера ғылымының негізін салушы орыс ғалымы В.И.Вернадский ме? (иә)
4.Жер ғаламшарының геосферасына атмосфера қабаты жата ма? (иә)
5.Тіршілігі жоқ геосфералық қабат гидросфера болып табыла ма? (жоқ)
6. Литосфера биосфераның құрлық беті қыртыс қабаты ма? (иә)
7. В.И.Вернадский бойынша тірі организмдер олар «тірі заттар» болып табыла ма? (иә)
8.Гидросфера жердің ауа қабаты дегенге келісесің бе? (жоқ)
9.Атмосфераның жер бетіне жақын қабаты тропосфера ма? (иә)
10.Озон қабаты тірі ағзаларды СО2 газынан қорғай ма? (жоқ)
11.Биосферадағы тірі ағзалардың салмағы белгілі бір ауданда биомасса болып табыла ма? (иә)
12. Құрлық биомассасы басқа геосфералар биомассасынан көбірек, осы пікірмен келісесің бе? (иә)
Иә
Жоқ
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
(Дұрыс сызба топ бағалаушыларына беріліп, топ мүшелерінің жауаптарын тексереді.)
Мұғалім: Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы:
(Т) «Биосфераның құрам бөліктері:тірі зат, түрлік құрамы, әртүрлілігі және
биомассаға қосқан үлесі» Ендеше, жаңа тақырыбымыз қолдарыңда өздерің құрастырған суреттермен тығыз байланысты екен. Слайд №2 (Д)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Балалар, қолдарыңдағы суреттерге қарап, бүгінгі сабақта алдарыңа не мақсат қояр едіңдер? (Оқушылар суреттерге қарап, сабақ мақсатын айтады). Слайд №3
Мұғалім: Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, видеофильмге назар аударайық. Тақырыбы: «Бізді қоршаған табиғат»
(2 минут). Балалар, бұл ұсынылған фильмнен не ұқтыңдар? В.И.Вернадскийдің тұжырымдамасы бойынша биосфера әртүрлі құрамдас заттардың жиынтығынан тұрады. Яғни, жер шарының тіршілік тараған қабаты- биосфера деп аталады.Биосфераның негізін қалаушы В.И.Вернадский. (В.И.Вернадский портреті слайд бойынша көрсетіліп, қысқаша өмірбаяны айтылып өтеді.) (Д) В.И.Вернадский тіршілік атаулының негізі тірі заттар мен өлі заттар деп түсіндіреді.Тірі зат-организмдер жиынтығы; жердің бетіне кеңінен таралып,айналадағы ортаға белгілі дәрежеде қысым жасайды.Өлі заттар- оларға тау жыныстары, ауа, топырақ, су т.б жатады. Бұдан басқа да биосфера құрамына кіретін бірқатар заттарды атап өту керек. Олар, биогенді, биожанама және радиоактивті, ғарыш кеңістігіндегі шаң-тозаңдар, метеориттер болып табылады.
(Слайд №4)
Алдарыңдағы кестеде құрам бөліктері нақты көрсетілген.
Кесте №1
Тірі заттар |
Өлі заттар |
Биогенді заттар |
Биожанама заттар |
Радиоактивті заттар, ғарыш кеңістігіндегі шаң-тозаңдар, метеориттер. |
Жер бетіндегі барлық тірі организмдер жиынтығы |
Бастапқы тау жыныстары немесе қоршаған орта. |
Тірі ағзалардың қалдықтары және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған заттар.(таскөмір, шымтезек т.б) |
Тірі және өлі ағзалар қосындысынан пайда болған заттар.(топырақ, ауа т.б) |
Кітаппен жұмыс. Екі топқа биосфераның құрамдас бөліктерін оқуға беру. (10 минут) Әр топтан топ басшылары биосфераның құрамдас бөліктеріне мысал келтіре отырып түсіндіріп беру.ЖИГСО әдісін пайдалану.
4.Сергіту сәті. Орман құстарының сайраған әуені ойнап тұрады да, оқушылардың бір сәтке көздерін жұмып, табиғат тылсымында жүргендей сезімге енулері сұралады. (2 мин)
5.Жаңа сабақты бекіту.
Мәтінді аяқтау топтық жұмыс. І-топ
Жер ғаламшарының тіршілік таралған аймағы- биосфера. Оның құрамына –литосфера, атмосфера, гидросфера қабықтары кіреді. Биосферадағы барлық тіршілік тікелей тірі ағзалардағы заттар мен энергияның айналымына байланысты. Биосферадағы су айналымы үздіксіздігі кенеттен өз қалыпын бұзып, …….
Мәтінді аяқтау топтық жұмыс. ІІ- топ
Биосферада тірі организмдер шешуші рөл атқарады. Тірі организмдердің биосфераны құрам бөліктерінің негізгісі десе де қателеспейміз. Бір сәтте тірі ағзалар түрлері ұсақталып, артынша жойыла бастады да, ………
5.Қорытындылау.
Сәйкесікті тап кестесі.
А.деңгейлі тапсырма.
Биологиялық диктант. Қазіргі кезде ғалымдар Жер ғаламшарының құрамында ………, ………, ………, және ……… деп аталатын геологиялық қабықшаларды ажыратады. ……..- үнемі өзгеріп, әрі дамып отыратын біртұтас ашық жүйе. Биосфера ілімінің негізін салушы ………… Биосфера терминін тұңғыш рет 1802 жылы француз ғалымы ……………. енгізді.Биосфера терминін геология ғылымында австралиялық ғалым …… 1875 жылы кеңінен қолданды.Тірі заттарға ……, ……, ….., ……. жатады. Табиғаттағы өлі заттарға ……, ……., ……., …….. жатады.
- Б.деңгейлі тапсырма
№ |
Тапсырма |
№ |
Жауаптар |
Дұрыс жауап |
|
1 |
Биосфера ілімінің негізін салушы |
1 |
Гидробионттар |
1 |
4 |
2 |
Үнемі өзгеріп,әрі дамып отыратын ашық жүйе |
2 |
Өсімдіктер,саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, жануарлар |
2 |
7 |
3 |
Құрлық беті қыртысты қабық |
3 |
В.В.Докучаев |
3 |
8 |
4 |
Жер бетіндегі барлық су айдындары |
4 |
В.И.Вернадский |
4 |
5 |
5 |
Биосферадағы тірі ағзалар |
5 |
Гидросфера |
5 |
2 |
6 |
Жердің ауа қабаты |
6 |
Озон қабаты |
6 |
9 |
7 |
Тірі ағзалардың басты қасиеті |
7 |
Биосфера |
7 |
10 |
8 |
Топырақ зерттеуші |
8 |
Литосфера |
8 |
3 |
9 |
Күннің ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғайды |
9 |
Атмосфера |
9 |
6 |
10 |
Суда тіршілік ететін ағзалар |
10 |
Артына ұрпақ қалдырып, өсіп-өнуі |
10 |
1 |
В.деңгейлі тапсырма Эссе жазу. Тақырыбы «Биосфераны қорғау баршаның міндеті»
6.Үйге тапсырма беру. Биосфера тақырыбына өздік презинтация дайындау (Көлемі 3-4 бет). Тақырыпты оқу және қысқаша конспектілеу. Реферат.Тақырыбы: «В.И.Вернадский өмірі мен еңбектері»
7.Оқушыларды бағалау.
[bws_related_posts]
Сабақ құрылымы өте жақсы маған ұнады