Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

79Қарағанды қаласы
№4 негізгі орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Шукирхан Назгуль
Сыныбы: 7-сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу
Дамытушылық: оқушылардың ой — өрістерін,сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын, сто технологиялары арқылы өз бетімен жұмысқа,шығармашылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,қастерлеуге, ана тілін қадірлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ассоциация, талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,электронды оқулық,қанатты сөздер, тірек-схема,автор туралы естелік
Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу,тарих, орыс әдебиеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)амандасу б)оқушыларды түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
— Біз бұдан бұрынғы сабақта кімнің, қандай шығармаларымен таныстық.
Ғабит Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесі бойынша сұрақтар қойылады.
«Ақсүйек» ойынын ойнаймыз .
Сұрақтар:
1.Ғабит Мүсірепов кім?
2.Ғ.Мүсіреповтің туған жылы?
3.Ғ.Мүсіреповтің қандай шығармаларын білесің?
4. «Боранды түнде» әңгімесінің негізгі идеясы?
5. «Боранды түнде» шығармасының жанры?
6.Монолог дегеніміз не?
7.Диалог дегеніміз не?
Сыныпты топқа бөлу. Дорбадағы асықты оқушылар бір-бірден алады.Асықтың түсіне қарай бөлініп отырады.
Жаңа сабақ:
«Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»
Т.Ахтанов
1.Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, —
деп өз өмірін өлеңмен өрген қазақтың өр талантты ақыны, қиын да күрделі заманда туып, адалдық пен ақындықты тұмар етіп, батыл ойлы, шыншыл да сырлы, дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжоловтың өмірі мен өлеңіне тоқталамыз.
2.Қасым Аманжолов туралы видеофильм
Қ.Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданында Қызыл ауылында туған. Әкесі сол жерде қайтыс болады. Әке-шешеден ерте айырылған Қасым жоқшылық,жетімдікті сәби кезінен басынан өткеріп,қой-қозы бағады,тезек тереді,кісі есігінде телміреді.Болашақ ақынның қажырлы, қайратты,тік мінезді,найзағайдай өткір тілді болып өсуіне әсер етті.Алғашында ауыл молдасынан білім алады,кейін ағасының көмегімен Семейдегі интернатта ауысып, онда үш жыл тәрбиеленеді.Одан кейін Семейдегі мал дәрігерлік техникумын оқып бітіреді.Оралдағы пединститутты,Ленинградтағы орман шаруашылығы институтарына түскенмен,денсаулығының сыр беруіне байланысты оқуын жалғастыра алмай, газеттерде редакторлық, кейін театрда қызмет жасаған.Ақын 1941-46 жылдар арасында майданға ілігіп, «қанды қырған,қып-қызыл өрттің ішінде» болды. Әртістік, әншілік өнерге бейім ақын домбыра, күйсандық,мандолина сияқты аспаптарды жақсы ойнап, өзінің бірқатар өлеңдеріне ән де шығарған сазгер болған.
2011 жылы ақынның 100 жылдығы халқаралық дәрежеде аталып өтілді.Қасым бар болғаны 44 жасында үзілді.Соғыс кезінде көп өлеңдері жоғалған,әндері де нотаға түспей қалған.Кейін бар мұрасын жинақтап бастырғанда, 3 том ғана кітап болды.(1955-57)

3.Енді Қасым туралы естеліктер не дейді? Соны тыңдап көрсек…
(Слайдтағы Сырбай мен Қасымның суретін көрсету)
Мына суретте Ағалы-інілі бауырдай болған дәмдес, рухани дос ақындар Қасым мен Сырбай. Қасым дүниеден өткен соң, олардың балалары отау құрып,екеуі құда да болған. Сырбайдың жұбайы сол күндерді былайша еске алады: «Біз Қасымның үйімен жақсы араласып кеттік.Қасым біз барғанда скрипка тартып немесе домбыра шертіп отыратын.Өзі арықша ғана аққұба жігіт болатын.Ол кезде Қасекең үйі жоқ,күйі жоқ жүрген кезі,К.Байсейітованың дачасында тұрады.Тар, 9 ш/м,өлеңді жерге чемодан қойып,чемоданның үстіне жазады екен.1955 жылы 17 январьда Қасым қайтыс болды.Артынан Сырбайлар 3 томдығын шығарды. 40 өткен соң біз ұлды болдық, атын Қасым қойдық» Ақынның осы бір қысылтаяң жағдайда туған өлеңіндегі:
Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаймын астанамды.
Өлеңнің отын жағып асырармын,
Өзімді,әйелімді ,жас баламды,-
деген сөздерінен өмірдің көлеңкелі жақтарын көп көріп,өз заманында тиісті бағасын ала алмағанын, сөйте тұра өлеңді өмірінің өзегі еткен, туған елін ардақтаған ұлтжанды ақын екенін аңғару қиын емес.Өмірінің соңғы жылдары жазылған «Өзім туралы» өлеңі (кей жерлерде аяқталмай қалған делінеді) ақынның өзі туралы толғанысы, сезімі, ақындық мақсаты айтылады.

Мағынаны тану кезеңі
1. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)
2. Ассоциация әдісі бойынша өлең шумақтарындағы негізгі ойларды топтап жазып,мазмұнын ашу
3. Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс)
Жасық — жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз
Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші
Тымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін адам
Торқа – ең қымбат жібек мата
Қазақта қара өлеңге дес бермеген Қасым ақын жырларымен де, азаматтық адамдық іс-әрекетімен де өзінен кейінгі толқын інілеріне үлгі бола білген, қазақтың біртуар азаматтарына ұстаз бола алған.Қасымның сынынан өту Ғафудың ақындық өнеріне де, әншілік өнеріне айтарлықтай әсерін тигізгенін айта кету. Бұл сәт жайлы Ғафу ақын естелігінен дәлел іздесек: «Екеуміз үйді әнге, өлеңге толтырып жіберетінбіз.Ол шығарған әндерін маған ептеп үйрететін. «Дариға», «Туған жер». Сондай-ақ өлеңді шынайы ақындықпен жазу – Қасымның бізге қалдырған аяулы үлгісі»
Үнтаспадан әндерін тыңдату

Ой таразы кезеңі
1-топқа тапсырма.
А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі мен Қасымның «Өзім туралы» өлеңдерінің өзектестігі,үндестігін табу, пікір айту.
Қ.Аманжолов «Өзім туралы»
А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңінен үзінді
Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,
Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.
Бар болса жалғыз ақын ай астында,
Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.
(аудар. Ғ.Орманов)

2-топтың жұмысы – Ақын өміріне карта жасау және оны қорғау

3-топ Пирамида тәсіліне салып өлең құрылысына талдау
(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы)
Тақырыбы
Авторы
Идеясы
Жанры
Шумағы
Тармағы
Буыны
Ұйқасы
Өнерлінің өрісі кең.Слайд
1- топтың тапсырмасы: Ақын бейнесін талдау (өлең авторы мен өлеңнің лирикалық кейіпкеріне баға)
(ақ көңіл, досқа адал,ақын, жауынгер, сазгер, кеңпейіл,мырза,көпшіл)

2-топтың жұмысы – Бүгінгі тақырыбымыз «Өзім туралы » өлеңі болғандықтан өзара ақылдаса отырып өздерің туралы 3-4 символикамен сурет салып көріңдер.
3-топтың тапсырмасы:
Қасым әнінің біреуін орындау «Өзім туралы»
Бекіту.

Бекіту кезең
Автор орындығы.Қазіргі Қасым ролінде.Әр топтан бір-бір оқушыдан шығады.
Сұрақтар:
1.Туған жеріңіз?
2.Қандай шығармаларыңыз бар?
3 «Өзім туралы» өлеңінің идеясы?
4. Жастарға қандай өсиетіңіз бар?

Бағалау
Үйге тапсырма: Слайд Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау,поэтикалық тіліне талдау жасау

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. Даулеткерей

    Оте тамаша екен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *