Басы » Бастауыш сыныптар » Қазақстан — егемен ел

Қазақстан — егемен ел

ГулманатСолтүстік Қазақстан облысы
Уалихан ауданы
Шағырсай ауылы
Шағырсай негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Куйтенова Гульманат Рамазановна
Сабақтың түрі:Ашық сабақ         
Сыныбы:3
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан — егемен ел.
   Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың бойында көпұлтты егемен ел — Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру:
Дамытушылық:оқушылардың өз ойларын жеткізе алуға ұмтылдыру,балалардың танымдық белсенділігін арттыру, Қазақстан картасымен жұмыс істей білуге үйрету, бақылау, қорытынды жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі:Қазақстан Республикасын сүюге,Отанның патриоты бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан туралы суреттер,Қазақстанның суреттері бар әр түрлі журналдар,магнитті тақта,маркер,ватман,ноутбук,слайд.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап диалог,топпен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау,АКТ,шығармашылық жұмыстар,бағалау,топтастыру,ойын,ассоциация,өз бетінше жұмыс.
Қолданылатын модульдер:СТО,оқуды бағалау,көшбасшы,білім алудағы жаңа тәсілдер.
Түрі:жаңа білім беру.
   Сабақтың барысы:
1.Амандасу келген қонақтармен амандасу.
2.Ұйымдастыру бөлімі..
Музыка жүріп тұрады оқушылармен ойын ойнау. «мияу-мияу», «му-му», «гаф-гаф»
Қазір мен бір әнді айтамын сендер сол әнді мына жануарлардың (мысық,сиыр,иттің) дыбыстарына салып әнді жалғастырасыңдар.
3.Қызығушылықтарын ояту.
Қол шапалақтау арқылы төменнен жоғары қарай қолымызды шапалақтап отыры тұрамыз.
4.Үй тапсырмасын тексеру.
Түркістан қаласы туралы мәлімет жинау 5 жол өлең шығару берілген болатын.Түркістан қаласы туралы видеоролик көрсетілген.
Түркістан қаласы туралы не білдің?
Қож Ахмет Йасауи кесенесінде не бар еді?
Тайқазанның сырты немен көмкерілген?
Үй жұмысын бекіту.(Слайд.)
5.Кәмпитпен топқа бөлу.Көшбасшысын сайлау.Бағалау парағын тарату.
     «Қазақстан»тобы, «Менің елім» тобы.
6.Жаңа білімге икемдеу.
Кіріспе.Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог.
Бүгінгі сабақтың мақсаты ? ендеше сендер бүгін қандай мақсатқа жеткілерің келеді?(оқушыларға стиктер таратылады олар өз ойларын жазып шығады)
   — Біздің ортақ үйіміз қалай аталады?
— Қазақстанда біз кімбіз?
— Азамат болу деген не? (Заңдарды орындау, құқылы болу).
— Конституция деген не?
 7.Жаңа білімді алу.Қазақстан  дегенде ойларыңа не түседі.
Топпен жұмыс.Ортаға ватман беру.Әр оқушы өз ойын айтып шығады.
   1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс. Картамен саяхат жасау. (Слайд)
Оқушылар картадан Қазақстанның шекарасын көрсетіп, Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді атайды.
— Қазақстанда қандай халықтар тұрады? Олардың қандай құқықтары бар?
— Қазақстанның қандай рәміздерін білесің?
Кең-байтақ қазақ жері,оның шексіз байлығы туралы,Қазақстанның болашағы туралы әңгімелеу.
2. Топтасып жұмыс істеу.
1) Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
2) Қазақстан Реснубликасының Туы.
3) Қазақстан Республикасының Әнұраны.
8. Оқулық бойынша жұмыс
Оқулықтағы мәтінді оқу.
Мәтіннен не түсіндіңдер соны ватман бетіне түсіре қойыңдар.Топқа мәтінге байланысты суреттері бар бірнеше журналдар таратылып беріледі.Маркер,қайшы,желім, таратылады.
Оқушылардың жұмысы.
Әр топ өз плакаттарын шығып қорғайды.
9.Сергіту сәті. (Слайд)
Әр түрлі түстер жазылған мысалы:қызыл,көк,сары,жасыл.
Оқушылар мен қазір сендерге қызыл түсті көрсетсем сендер ол түсті емес басқа түсті айту керексіңдер.Бір-бірден шыға қойыңдар.
10.Дәптермен жұмыс.
11.Шығармашылық жұмыс.
(Слайд) Балалар сендерге «Қазақстан» деген сөз берілген сол сөздің әр әріпіне бүгінгі мәтіннің ішінде кездесетін сөздерді жазасыңдар қай топ жылдам аяқтайды.
Қ-қазақ тілі
А-Астана
З-заң
А-адам
Қ-құқық
С-Сайлау
Т-Тәуелсіз
А-Абай
Н-Нұрсұлтан
12.Қазақстан-егемен ел туралы фильм көрсетілді.
13.Қортыныды:
— Қазақстанда Тәуелсіздік күні қашан атап өтіледі?
— Балалардың құқықтары мен міндеттерін есіңе түсіріп, айтып бер.
— Біздің мемлекетіміздің басшысы кім? Президент немен айналысады?
— Неге еліміздің азаматтары ҚР-ның заңдарын орындауы керек?
Бүгін сабақта мақсаттарыңа жеттіңдер ме?
«Егерде мен президент болсам» тақырыбына хат, эссе жазу.
14. Сабақты қорыту. Балалар бәріміз орнымыздан тұрып Қазақстан туралы 5-жол өлең айтайықшы.
Аспанға қарап ай көрдім
Төмен қарап жер көрдім
Оңға,солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
Олай болса,оң қолымызды жүрегімізге қойып,әнұранды орындайық.
 15. Үй тапсырмасы. Қазақстан туралы мәтінді оқу, қосымша әдебиеттер оқу, Қазақстан туралы бес жол өлең жазып келу. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
16.Рефлексия. «Бағдаршам»
17.Бағалау.Бағалау парағы бойынша топ басшылары бағалап шығады.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *