Ерейментау аудандық білім бөлімі
Павловка орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жакишева Айман Тлеутсовна
Абай өлеңдерінің кәусар бұлағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Абай өлеңдерін мағынасын түсінуге, барынша терең меңгеруге, жатқа айтуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, сөз өнері және бейнелеу өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Ой шақыру
Өлеңнің авторы кім және тақырыбы қалай аталады?
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге…
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс.
(Н. Ә. Назарбаев)
Поэзия минуты. «Абайды оқы, таңырқа!»
Оқушылар Абайдың поэзиясынан өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Топтық жұмыс. Сыныпты екі топқа бөлу, екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.
Тренинг. Бір-бірінің арқасына сурет салып, топтық жұмыста бір – бірін түсініп, сезіп, пікірлерін сыйлау үшін тренинг өткіземін. Соңғы тұрған оқушыға тапсырма беріледі. Ал топ мүшелері бір-бірінің арқасына суреттеп салады. Осылай бірінші тұрған топ мүшесі ол суретті қағазға түсіру керек. (күннің көзі, үй)
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
3.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
4.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
5.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
6.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
7. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
8.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
9.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
10. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
11. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
12.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
Сергіту сәті. «Көзімнің қарасы» әнін аудиодан тыңдату.
Поэзия минуты. «Абайды оқы, таңырқа!»
Оқушылар Абайдың поэзиясынан өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Топпен жұмыс.
2 топқа ортақ тапсырмалар беріледі.
А) Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқу
Ә) Жыл мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер жазу
Б) Күз суретін салу
Сабақты пысықтап қорыту.
Оқушылар кезектесіп шығып, Абай туралы не білгендерін топтастырады.
Рефлексия. Не білдім? Не білгім келеді?
Не қиындық тудырды?
Үйге тапсырма. Абай туралы эссе жазу.
Бағалау
[bws_related_posts]