Басы » Бала бақша » Қызықты тапсырмалар

Қызықты тапсырмалар

Төлепова Гүлжауар Набидоллақызы
БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасы,
   Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Қызықты тапсырмалар
Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық
Бөлімдері: Тіл дамыту, Ән-күй
Мақсаты: Тапсырмалар барысында ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Баланың ойынға деген қызығушылығын арттыру. Ойын-жаттығулар арқылы балалардың ақыл-ой белсенділігін дамытып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Үй жануарлары туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, дидактикалық ойындар.
Қажетті көрнекі құралдар: Слайд, төрт түлік мал суреттері, жұмбақ, сағат.

Қостілділік компонент: Қыс-зима, сайқымазақ-клоун, үй жануарлары-домашные животные

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту Шаттық шеңбері

Мейірімді болайық!

Әрқашан әдемі болайық!

Апаларымыз аман болсын!

Күніміз жарқын болсын!

Балабақшамыз жайнай берсін!

Бәріміз дос болайық!

Балалар «Шаттық шеңберіне» тұрып, қолдарын екі жанына жаю, бір-бірінің қолдарынан ұстау.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Балалар теледидардағы қыс келбеті атты суретке қарап әңгіме құрайық.

Балалар, тыңдайықшы, бір дыбыс естілетін сияқты. Бізге келген кім екен?

Сайқымазақ қош келдіңіз!

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге өнерімді көрсетуге келдім. Менің өнерім сиқыр көрсету, сіздерге сиқыр көрсете отырып қызықты тапсырмалар беремін. Менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?

Тәрбиеші: — Әрине, сайқымазақ! Менің балаларым өте білімді. Солай ма, балалар?Сайқымазақтың тапсырмаларын мүдірмей орындасаңдар, менің сендерге деген сыйлығым бар, келістік пе?

Сайқымазақ: Ендеше, маған мұқият назар аударыңдар. Ал, қараңдар, әле оф!

Ал, балалар менің екінші тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма? Қараңдар, міне, сиқырлап жатырмын, әле оф!

Тәрбиеші: — Балалар, сайқымазақтың екінші тапсырмасын көрейік. Екінші тапсырма «Өз жұбыңды тап» ойыны екен.

Балала, келіңдер ойынды бірге ойнайық. Ойынның шарты балалар өз жұбымызды табамыз. Шыққан суретімізді айтамыз, суретті сипаттап береміз.

Төрт түлік мал төлдері туралы кім тақпақ біледі екен балалар, қане кім айтады?

Төрт түлік малдың пірлерін немесе қамқоршысын білеміз бе, балалар?

Сайқымазақ: Балалар, өте көп біледі екен, жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Қане, олай болса, көңілді әуен сазымен бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

Тәрбиеші: Балалар, тынығып алсақ орнымызға жайғасайық. Сайқымазақтың тағы да қандай сиқыры бар екен, көрелік.

Сайқымазақ: Балалар, қараңдар, әле оф!

Тәрбиеші: Сайқымазақтың бұл тапсырмасы «Жұмбақсағат» деген екен. Мен сендерге оқиын.

Ұйқымыздан оянып, бетімізді жуамыз.

Анамызға ереміз, балабақшамызға келеміз.

Бұл қай уақыт? (Таңертең)

Сабақты да оқимыз, серуенге де шығамыз.Беті-қолды жуамыз, тамақтанып аламыз. Бұл қай уақыт? (Түс)

Серуенде жүреміз, анамызды күтеміз, «Сау болыңыз» деп апайға, үйімізге кетеміз. Бұл қай уақыт? (Бесін)

Сайқымазақ: Өте жақсы, жарайсыңдар балалар!

Бұл тапсырманы да орындап тастадыңдар. Менің соңғы тапсырмаларымды орындасаңдар сендерге сыйлығым бар. Ал, балалар тапсырманы орындауға дайынбыз ба? «Әле оф» қараңдар.

Тәрбиеші: Балалар, бүл тапсырма «Сөйлемді аяқта» деп аталады екен.

Мына суреттерге қарап отырып, айтайық.

Лимон-қышқыл, шекер-тәтті.

Ит үреді, мысық мияулайды.

Түнде қараңғы, күндіз жарық.

Шөп жасыл,аспан көк.

Қыста суық, жазды ыстық.

Қайық жүзеді, машина жүреді.

Ағашты жарады, шегені қағады.

Жарайсыңдар, балалар!

Сендерге бүгінгі Сайқымазақтың тапсырмалары ұнады ма?

 

Балалар қыс мезгілі туралы әңгімелеседі.

 

 

 

 

 

 

Сайқымазақты қарсылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайқымазақтың сиқырына таңдана қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сайқымазақтың тапсырмасын орындайды.

 

 

 

 

 

 

Екінші тапсырманы орындауға дайындалу.

 

Балалар ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақтар айтады.

 

 

Балалар төрт түлік мал пірлерін атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуліктерді айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сайқымазақтың келесі тапсырмасын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы

Іс-әрекетті бақылау кезеңі Айтыңдаршы, қандай тапсырма орындадыңдар?

Сайқымазақ: Жарайсыңдар, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер! Жүріңдер, балалар топқа барған соң мен сендерге сыйлығымды беремін.

Балалар қуанып, саппен топқа барады.

 

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Аңдардың атауын, ойындарды шарты бойынша ойнай біледі.

Баланың меңгеруі: Қызықты тапсырмаларды орындауды меңгерді.

Баланың жасай алуы: Тапсырмаларды өздігінен орындай алады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *