Төлепова Гүлжауар Набидоллақызы
БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасы
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Мақсаты: 1.Балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа және адамгершілікке баулу.
2.Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын байыту, тіл байлығын арттыру.
Көрнекілігі: Қазақстанның әнұраны, көк байрағы, елтаңбасы. Табиғат көріністерінің суреті.
Барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Отан… Отан… Сен болмасаң , не етер ем? Өмірден бұл өксуменен кетер ем, — деп оқушыларды республикамыздың рәміздерін құрмет тұту рәсіміне шақырып, мемлекеттік әнұранымызды хормен бастайық.
2. Қазақстан Республикасы бойынша сұрақтар қою. Біз қай ұлтпыз? Қандай республикамыз?
3.Қазақ елінің рәміздерін жеке-жеке сұрау.
1) Әнұранның негізгі мазмұны. 2) Көк байрақтың негізгі сипаты. 3) Елтаңбаның негізгі сипаты. 4) Әнұранның сөзін, әнін жазған кімдер? 5) Елтаңба, көк байрақтың жобасын жасаған кімдер? 6) Әнұранның әр жолдарының астарын анықтау үшін сұрақ беріледі.
Мұғалім: Бұрын-соңды қазақ халқының басынан өткен қандай тарихи қиын-қыстау уақиғаларын білесіңдер?
1.Жоңғар шапқыншылығы, ақтабан шұбырынды, орыс патшасының 1916 жылғы майдан қара жұмысына халықтардың солдат жинауы, азамат соғысы, отызыншы жылдар аралығындағы отырықшылық ,Ұлы Отан соғысы ,1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
Міне, бұл жолдар осы сияқты ауыр сындардан халқымыздың ар-намысты ту ғып ұстап, қайыспай күрескенін, сөйтіп елдігін сақтап қалғанын паш етеді.
2.Қазақ халқының кеңпейілділігі мен бауырмалдылығының арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны дәріптеледі.
3. Ата-дәстүріміз бен ана тілімізді келер ұрпаққа мұра етіп жеткізіп тарихымыздың қазынасын молайтсақ ,болашақтан жақсы үміт күтуге болатыны белгілі.
4. Күндер өтті кешегі , Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән.
5. Қазақстан Республикасының әнұраны – бірлікке , ынтымаққа , достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке , қайсарлыққа , төзімділікке еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
6. Беріспей, батыр бабам армандаған , Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман. Қаншама құрбандықпен жеткен күнді, Әлдиле , байтақ елім , орман-далам!
7. Мемлекеттік ту – 1992 жылы 4 маусымда қабылданып, 6 маусым күні күшіне енді.
8. Тудың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тікбұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар. Ұзындығы 2метр, ені 1метр. Жалаудың жобасын жасаған Ш. Ниязбеков.
9. Мемлекеттік ту – егемен еліміздің ,тәуелсіз жас мемлекетіміздің , қазақ халқының ұлттық туы.
10.Осы тудың астында Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, олардың өзара бірлігі мен ынтымағын, достығы мен рухани күш-қуатын дамыта береміз.
11.Осы тудың астында біздің сүйікті Отанымыз Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, бостандығы мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын қорғаймыз.
12.Жалаудың ортасындағы қалықтап ұшқан қыран бейнесі тәуелсіздіктің алып қанатын кең жайған Қазақстан халқының қанаты осы қыран құстай биіктерге самғай берсін демекпіз
13.Туың қандай? Ту қандай? Тура аспаннан туғандай? Ал аспанды қазақтың Көңілімен жуғандай. Туың қандай? Ту қандай? Таң нұрымен жуғандай. Қыран құсын самғатып, Күн құшақтап тұрғандай.
14.Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар.
15.Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді. Ширатылған мүйіз қайсарлық, қайраттылықты меңзейді. Сонымен егемен еліміздің елтаңбасында қазақ елтаңбасында қазақ елінің бостандық пен құт-береке ұмтылысы бейнеленген.
16.Сан ғасырлар бойы исі қазақ , жаны қазақ , ата-бабаларымыз осы қара шаңырақтың астында өсті , өркен жайды, болашаққа ұрпақ жалғастырды. Егемен еліміз бен тәуелсіз жас мемлекетіміздің елтаңбасын білу, ол бейнелеп тұрған ойды терең түсіну – азаматтық парызымыз.
Хор: Атамекен әні.
17. Отбасының өнегесі – Отан өнегесі.
18.Отансыз бақыт жоқ , кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері.
19.Азамат өмірі — -Отандікі, Отанға пайда келтіретін өзеуреушілік емес, шынайы батырлық.
20. Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем. Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай, Көрсең де талай қорлық азаппенен. Бір ата бір ананың түлегіміз, Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз. Бірлік барда – тірлік бар деген бабам, Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.
21.Мен қазақпын ,қаныммен, сүйегіммен, Сән салтанат салтымды сүйемін мен. Бақ орнатам осынау кең далаға, Мұрагермін оған иемін мен.
22.Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдер, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Мұғалім: Ал, балалар, отан туралы, жер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.
1.Сағынған елін аңсайды, 2.Отансыз адам, Сарала қаз көлін аңсайды. Ормансыз бұлбұл.
3.Туған жерге туың тік. 5.Елінен безген ер оңбас, 4.Туған жердің түні де ыстық. Көлінен безген қаз оңбас.
Қортынды. Ұлтарақтай болса да ата-қоныс жер қымбат, Ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат.-демекші балалар бүгінгі тәрбие сабағында елді, жерді сүюді,қадірлеуді біліп ұғындыңдар.
[bws_related_posts]