Сарсембаева Алия Болаткановна
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы
Асубұлақ орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері Сабақтың мақсаты: Білімділік : Жылдамдық туралы сөзге мақсат қоя отырып, оқушылардың ой өрісін жеткізіп дәлелдеу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Ынталыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа , ізденпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып түсіндіру Әдісі: Көрнекі- түсіндірмелі Пән аралық байланыс: математика, дене шынықтыру
Көрнекіліктер: Р.Башарұлы «Физика және астрономия» оқулығы, В.И. Кем, Б. Кронгарт «Есептер мен жаттығулар жинағы» слайдтар
Техникалық құралдар: компьютер, видеопраектор, тақта
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындылығын, қажеті оқу құралдарын қадағалау.
2.Жандандыру кезеңі
1) Қане, балалар қозғалыстың түрлерін атаңдаршы? –Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ( анықтамасын айтады ) 2) Қозғалысты қалай түсінесің? (денелердің қозғалысы) 3)Қандай қозғалыстар болады?(техникалық қозғалыс, соққан желдің қозғалысы, жәндіктердің қозғалысы, жануарлардың, адамдардың т.б)
Ал, енді балалар жылда сендер дене шынықтырудан кросс тапсырасыңдар, 60 м ұзындыққа жүгіргенде кім қанша секундта келеді? (8с немесе 9с) Енді қараңдар қозғалыстан жылдамдық шықты. Әртүрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықтарды сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын физикалық шама енгізіледі. Осы жылдамдықты немен анықтаймыз немесе немен өлшенеді? (м/с)
3.Жаңа тақырып: Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
υ=S/t осыдан S-ті, t-ны қалай табамыз? S=υ*t t=S/υ Жылдамдықтың басқа да өлшем бірліктері бар: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с Әр түрлі өлшем бірліктермен жазылған жылдамдықты тек бір бірлікпен жазамыз немесе оны халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ) деп атайды, ол м/с Сыныпқа сұрақ: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с қайсысын айналдырамыз? ( бірнеше оқушыдан сұрау- даралап сұрау)
4. Есептер шығару
Мысалы:
Берілгені: ХБЖ Формуласы Шешуі S=1500м υ= S/t 2 мин 30 с=60+60+30=150с t=2 мин 30с 150 с υ=1500м/150с=10 м/с
υ-? Жауабы: 10 м/с
7-жаттығу(2) тақтаға 1 оқушы шығарады
t=30мин=30*60=1800 с S=9км=9000 км υ-? υ= S/ t=9000:1800=5 м/с
5. Кластер құру: Тақтаға жылдамдық сөзін жазу қандай жылдамдық болатынын стрелка арқылы жазады υ=S/t
6. Сен білесің бе? Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.( оқушылар өздері дайындаған “денелердің орташа қозғалыс жылдамдықтары”, ”тірі табиғаттағы қозғалыс жылдамдығы “ туралы айтады) Оқушылар мұқият тыңдайды, тыңдалғаннан кейін қай денелердің қозғалыс жылдамдығы ең үлкен, қайсысыныкі ең кіші атап береді.
7. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына қосымша кесте (В.И.Лукашик 7-8 сынып бет №174)
8. Үйге тапсырма: §25 7- жаттығу(1,3,4)
9. Қорытындылау : оқушыларға қойылатын сұрақтар
1. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?
2. Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?
3. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?
4. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?
5. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?
6. Жылдамдықтың бағытын қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс деп алу келісілген?
10. Бағалау.
Өзін-өзі бағалау, өзінің жаңа біліміне баға береді.
[bws_related_posts]