ШҚО
Зайсан қаласы
М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі
директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ислямова Алуа Токтагановна
Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:. Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы , Есім ханның заңдары туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру; Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету
Дамытушылық Оқушылардың жүйелі ойлау, топ болып жұмыс істеу дағдыларын ,сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
ТәрбиелікЕсім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға және хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайын, Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы алауыздықтың салдарын түсіндіре отырып, оқушыларды ауызбіршілікке, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті, топпен, жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс,баяндау, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Пәнаралық байланыс:Әдебиет Математика
Көрнекіліктер: Есім ханның суреті, слайд, тесттер, қосымша материалдар, плакаттар, жұлдызшалар, маркер, топтың аты жазылған сөздер, суреттер мен жазулар, интернет, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Сабаққа дайындықтарын бақылау.
Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
Ал,кәнеки оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Жаңа сабағымыз жақсы өту үшін бір-бірімізге сәттілік тілейік.(Әр оқушы бір-біріне тілек тілейді)
Сабағымызды жалғастырмас үшін үй тапсырмасын тексеріп алайық.
10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы: «экраннан көрсетіледі және әр оқушыға парақ таратылып беріледі)
1.Қазақ хандығының негізі қай жылы ,қай жерде ,кім қалады ?
А) 1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде В)1598 ж Бұхарады II Абдаллах
2.Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?
А)Жетісу В) (Ходжент) С) Хантау
3.Қасым ханның таққа отырған жылы?
А) 1512 ж В)1511 ж С)1552 ж
4. Хақназар ханның ант берісіп шартты кіммен жасасты
А) Бұхар ханы II Абдаллах В) Өзбек ханымен С) Тәуекелмен
5.Шығай ханның баласы?
А) Хақназар В) Қасым Тәуекел
6.Қасым ханның заңы қалай аталды?
А) “Қасым ханның қасқа жолы В) Қасым ханның ескі жолы С)Жеті жарғы
7.Бұхараның ханы кім?
А) Баба сұлтан В) II Абдаллах С) Бұйдаш хан
8.Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
А) Бақырғани В) Ж.Баласағұн С) Мұхаммед Хайдар Дулати
9.1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады
А) Керей В) Тәуке С) Тәуекел
10.Сібір хандығы қай жылы жойылды?
А) 1598 жылы В) 1511 жылы С) 1538 жылы
Тест жауаптары
1. 1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде
2. (Ходжент)
3. 1511 жылы
4. Бұхар ханы II Абдаллах
5. Тәуекел
6. “Қасым ханның қасқа жолы”
7.II Абдаллах
8. Мұхаммед Хайдар Дулати
9. Шығай хан
10. 1598 жылы
Әр оқушыға бағалау парағы таратылып беріледі, сол параққа өздерін бағалайды.Бағалау шкаласы көрсетіліп тұрады.
Жаңа сабақты бастамас бұрын видео көрсетіп, талқылынады.Осы уақытқа дейін әр хандардың тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы оқып келдік, енді өздерің видеодан көргендей бүгін қай ханның тұсындағы қазақ хандығы жөнінде оқимыз? Ал енді балалар жаңа сабағымызға көшейік.Осы кезде оқушылар топтың ішінен 4 топқа бөлінеді.Әр оқушы «Алтын сандық» деп аталатын қорапшадан садақ, шоқпар, қанжар, қылыштың суреттері бар жеребені таңдап алады.Әр топта отырған оқушылар таңдап алған суреттеріне орай өз топтарына келеді. Партада топтардың аты жазылған қағаздар тұрады. 4 топқа бөліндік
1-топ: Садақшылар тобы
2-топ:Шоқпар тобы
3-топ: қанжар тобы
4-топ: қылышшылар тобы
4 топқа парақ тарату,ватман,пламастер,қосымша материалдар т.б. Әр топқа 7 мин уақыт беріледі,қосымша материал,оқулықтарыңды,интернетті,телефондарыңды қолданып постер арқылы түсінгендеріңді қорғайсыңдар.( Уақыт қоңырау арқылы беріледі)
Сергіту сәті (физ минутка «Қара жорға» биін қимылмен келтіру)
Әр топ өздері жасаған постерлерін қорғайды.(3 мин).
«Екі жұлдыз бір тілек» кезеңі. Оқушылар біздің келесі бөліміміз «Екі жұлдыз, бір тілек» деп аталады. Шарты: бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып отырған, көзге түсіп отырған оқушыға алдарыңда жатқан 1 үлкен жұлдыз,1 кішкене жұлдызды кімге немесе қай топқа не үшін бергің келеді? түсіндіріп жұлдыздарды бір-біріне береді .Оқушылар жұлдыздарды санайды)
Сабақты бекіту: «Тарихи домино» ойыны Сұрақтар экраннан беріледі.
Осы сабақта мен нені меңгердім? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым? (Әркім өз ойын айтады.)
IV. Бағалау, белсенділік танытқан топты марапаттау
VI. Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқу, тақырып бойынша тест құрастыру
Егер мен хан болсам….. эссе жазып келу
Сау болыңыздыр!
[bws_related_posts]
Отлично