Ұйымдастырушылар: Құрмашев Е.Д., студенттік кеңес, кураторлар.
Регламент: 45 минут семинар, 15 минут сұрақ-жауап.
Апаратураға жауапты: Нүркенов Рауан 202 топ.
Модератор: Құрмашев Ескендір Даниярбекұлы.
«Мемлекеттік тілге құрмет – Жастарға үлкен міндет»
Іс-шараның мақсаты: Республикалық деңгейде өткізілетін тілдер апталығы іс-шарасына өз үлесімізді қоса отырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мен қолданылу аясын кеңейту мақсатында, ана тіліміздің деңгейін көтеруге өз үлесін қосып жүрген, еліміздің жанашыр, танымал тұлғаларын оқу орнымызға шақыра отырып, студенттермен кездесу, сұхбат өткізудің нәтижесінде жастарды ұлтжанды және нағыз патриот ретінде тәрбиелеу болып табылады.
Іс-шараның міндеті: Жастарды таза қазақша тілде сөйлеуге насихаттау, саяси санасының деңгейін өсіру, қоғам қайраткерлерімен кездесу арқылы үлгі-өнеге алуға мүмкіндік жасау және өткізілген іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау арқылы колледж мәртебесінің өсуіне үлес қосу болып табылады.
Шақырылған қонақтардың тізімі мен лауазымы:
1. Асылы Осман Әлиқызы «Қазақстан Халықтар Ассамблеясының» мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің» төрайымы, қоғам қайраткері.
2. Шалабаев Құсман Кәрімұлы Алматы қалалық Мәслихатының депутаты,
Алмалы ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кеңесші-үйлестіруші, Алмалы ауданының «қазақ тілі қоғамдастығының» төрағасы.
3. Дәурен Бабамұратұлы «Болашақ» газетінің бас редакторы, саясаттанушы.
4. Жабағов Дамир, Ыбырайхан Алмас Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің дебат клубының жетекшілері.
Қаралатын сұрақтар:
- Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тілінің қолдану аясы қандай деңгейде.
- Тілдер заңында мемлекеттік тілдің мәртебесін қалай көтеруге болады.
- Үш тұғырлы тіл саясаты жөнінде көзқарас
- Мир телеканалының жаңалықтарында көрсеткендей Қазақстанның 100-ге жуық қоғам қайраткерлері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде қол қойып, Елбасыға хат жолдапты, сол хатқа сіздерде қол қойдыңыздарма (ол хатта не делінген?)
«Мемлекеттік тілге құрмет – Жастарға үлкен міндет»
атты тақырыпта қалалық деңгейде өткізілетін семинардың сценариі
11:20-да қонақтарды күтіп алу – жауапты Пердебай Нұрсұлтан 301 топ
- Студенттік кеңес мүшелері сағат 11:30-дан кезекшілік жұмыстарын атқарады, плакат ілінеді, қонақтардың столына сулар мен стакандар, кюветкалар қойылады.
- 11:40-та 101 аудиторияға студенттерді отырғызу.
- Нүркенов Рауан апаратураны қосып, қазақша өлеңдермен студенттерді қарсы алады
- Ноутбукпен проекторға жауапты – Асыл Орынбай
- 12:00-де қонақтарды кабинетке кіргізу.
- Ресми іс-шара ән-ұранмен басталады.
- Қонақтарды таныстыру.
- Проектор арқылы шағын жүргізілген сауалнаманың видиоматериялын көрсетеміз.
- Көрсетілген материялға байланысты қонақтар пікір білдіреді.
- Колледжімізде оқитын өзге ұлт оқытушыларымен студенттерге сөз беру
Арнайы пәндердің оқытушысы Измаилова Р.Р., студенттерден Байрамов Н. Бабаджанова Ш.
- Жоспар бойынша қонақтарға сұрақ қойылады.
- Іс-шараның соңында сұрақ-жауап өткізіледі. (студенттер қонақтарға сұрақ қояды)
- Қонақтармен бірге естелікке суретке түсу.
- Қонақтарға колледж әкімшілігі алғыстарын білдіріп, іс-шараны аяқтайды.
- Қонақтарды дастарханға шақырып, сый-сыяпаттармен марапаттау.
Ассалаумағалейкум халқым менің алдымен амандасу салтым менің демекші, армысыздарма келген ардақты қонақтар, қадірлі ұстаздар, құрметті жастар!
Ия бүгінгі семинар кешін бастамастан бұрын, республикалық деңгейде өткізіліп жатқан тілдер апталығы ресми іс-шара болғандықтан, ән ұранмен бастағанды жөн көрдік. Ендеше бәріміз тұрсақ құрметті қауым, еліміздің ән ұраны шырқалсын.
Ән ұран ойналады
Ендеше құрметті ұстаздар, қадірменді студенттер колледжімізге бірінші рет келген еліміздің танымал тұлғаларын яғни қонақтарды таныстыра кетсек.
Асылы Осман Әлиқызы «Қазақстан Халықтар Ассамблеясының» мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің» төрайымы, қоғам қайраткері.
2. Шалабаев Құсман Кәрімұлы Алматы қалалық Мәслихатының депутаты,
Алмалы ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кеңесші-үйлестіруші, Алмалы ауданының «қазақ тілі қоғамдастығының» төрағасы.
3. Дәурен Бабамұратұлы «Болашақ» газетінің бас редакторы, саясаттанушы.
4. Жабағов Дамир, Ыбырайхан Алмас Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің дебат клубының жетекшілері.
5. Алматы қаласының Жас Отан Жастар қанатының атқарушы хатшысы
Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы.
Және қонақтарға өзіміздің колледж әкімшілігін таныстыра кетсем колледжіміздің бас директоры Сәуірбек Рузуддинұлы аяқасты шаруаларға байланысты бүгін келе алмаймытындығын айтқан болатын, дегеніменде арамызда колледжіміздің атқарушы директоры м.ғ.к Рузденова Найля Бексауытқызы және мен бүгінгі кештің модераторы Құрмашев Ескендір Даниярбекұлы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай:
Қазақ қазақпенен қазақша сөйлессін.
Тілден артық қазына жоқ.
Тілден артық қасиет жоқ
демекші бүгінгі іс-шарамыз мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерумен қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізіліп жатқан Мемлекеттік тілге құрмет – Жастарға үлкен міндет атты семинарымыз сіздерге арналып отыр құрметті жастар.
Ендеше бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беретін, мемлекеттік тіліміздің жанашыры, қазақ тіліміздің мәртебесі үшін әрдайым сөзбен ғана емес іспенде көрсетіп жүрген Асылы апайымызға сөз берсек, Асылы апай тіл тұралы жастарға өз лебізіңізбен пікіріңізді білдірсеңіз.
Жастарға деген жалынды-жалынды пікірлеріңізбен ойларыңызға мыңда бір рахмет.
Келесі сөз кезегін Алмалы ауданының «қазақ тілі қоғамдастығының» төрағасы, тіл жанашыры, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Шалабаев Құсман Кәрімұлына беріледі.Бәрекелді жастарға деген айтылған маңызды ақпараттарыңызбен тілектеріңізге көп-көп рахмет. А.Байтұрсынұлы атамыз айтқандай «Газет халықтың көзі хәм құлағы» демекші, халық үшін маңызды ақпараттар мен жаңалықтарды жазып таратып жүрген және жастар саясатына өз үлесін қосып жүрген арамыздағы үлгілі ағамыз «Болашақ» газетінің бас редакторы, саясаттанушы
Дәурен Бабамұратұлы мырзаға сөз кезегін береміз.
Ия көп-көп рахмет білдірген ізгі тілектеріңізбен ойларыңызға.
Ендігі кезекте сөз кезегін, Алматы қаласының Жас Отан Жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлына беріледі, өзіңіздің жастарға деген тілек ниеттеріңізді білдіріп қойсаңыз.
Ендігі кезекте колледжіміздің атқарушы директоры м.ғ.к Рузденова Найля Бексауытқызына сөз береміз, Найля Бексауытқызы, келген қонақтарға колледждің тарихын, тыныс-тіршілігін және жастарға деп тілектеріңізді білдіріп қойсаңыз.
Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай:
Көрінеді тілден түйсік, білім де,
Біле білсең жарылқаушы – тілінде.
Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын,
Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі демекші,
құрметті қонақтар, колледжімізде өзге ұлт оқытушыларымен студенттері оқи отыра, қазақ тілінде ашық сөйлесе білетіндігін көрсек.
Ал сөз кезегін колледжіміздің арнайы пәндердің оқытушысы Измайлова Рагна Рафиковнаға берсек. Келесі кезекте өзге ұлт студенттеріне сөз берсек.
Құрметті қонақтар, қадірменді оқытушылар мен студенттер
енді қаралатын сұрақтарға келсек
- Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тілінің қолдану аясы қандай деңгейде.
- Тілдер заңында мемлекеттік тілдің мәртебесін қалай көтеруге болады.
Қонақтар сұраққа жауап береді
Ия көп-көп рахмет айтқан пікірлеріңізбен ақпараттарыңызға, құрметті қонақтар, енді сұрақ-жауапқа келсек, ал жастар қонақтарға өз көкейлеріңізде тұрған сұрақтарыңызбен ойларыңызды білдірсеңіздер болады.
Ал жастар сұрақтарыңызға рахмет, сіздер бұл кештен өздеріңізге рухани азық алдыңыздар деп ойлаймыз, ал енді келген қонақтарға рахметімізді айтып, естелікке колледж ауласында суретке түссек. РАХМЕТ!
[bws_related_posts]