Басы » Tәрбие сағаттары » «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты байқаудың сценариі

«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты байқаудың сценариі

02Құрмашев Ескендір Даниярбекұлы

Рузденова Акима Сапарқызы

«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты байқаудың сценариі

 Іс-шараның мақсаты:

«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты байқаудың жобасы колледжіміздің студент қыздарының әдептілік пен имандылыққа, ақылдылық пен сымбаттылыққа, өнерлілік пен пысықтыққа баулу барысында тәрбиелеу және болашақ аяулы ана, асыл жар, үлгілі келін ретінде қыздарымыз өз-өздерін қалыптастыру мақсатында байқаудың шарттары негізінде, өздерін сынап көруге, өздерін көрсетуге мүмкіндіктер жасау болып табылады.

 Байқауға қатысатын студент қыздардың тізімі:

 Абдикадирова Айсұлу – 101 топ

  1. Жолдасбаева Жанерке – 102 топ
  2. Наманова Нигара – 104 топ
  3. Данаева Асем – 105 топ
  4. Мушрапилова Сабина — 106 топ
  5. Чимаева Наталья – 107 топ
  6. Матасова Настя – 110 топ
  7. Саурыкова Арай — 111 топ
  8. Киікбай Гүлайым — 202 топ
  9. Нұрман Арайлым – 203 топ
  10. Тагаева Дилноза – 211 топ
  11. Қабылова Таңшолпан 212 топ
  12. Жұмабаева Айгүл 213 топ
  13. Белалова Зарина – 306 топ
  14. Аметова Мукарам – 313 топ

Байқау  5 шарттан тұрады:

 

  • «Таныстыру» – қатысушы қыздар қазақша көйлекпен шығып өздерін слайд шоу арқылы, немесе қара сөздер арқылы таныстырады;
  1. «Өнер» — ән, би немесе поэзиялық өлеңдер оқу;
  2. «Интелект»  — сұрақтарға  жауап береді;
  3. «Дефиле» — өз қолдарымен тіккен көйлектерін музыкалық әуеннің сүйемелдеуімен жүріп көсетеді;
  4. «Бес аспап» — үстелдегі бар жеміс-жидек, көккөністерден тез арада дәмді салат дайындау.

1.Жүргізуші

 1,2,3 курс студент қыздардың арасында «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты тақырыпта қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады, сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер!

(Музыка ырғағымен жүргізушілер шығады).

2.Жүргізуші

 Армысыздар, жиналған қауым, қадірменді әділ-қазылар алқасы! Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей сызылған, мақпалдай масаты, қарлығаштын қанатындай, қиғаш қасты, раушан гүлдей хош иісті сымбатты арулар! Ендеше, салтанатты кешіміздің беташарын колледж өнерпаздары ___________________________ «_______________________» күйімен ашады.

1. Жүргізуші

 Ендеше сайысқа қатысқалы отырған қыздармен таныс болыңыздар.

Айсұлу біздің білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Жанерке қыз елгезек,

Алады тез тіліңді.

Нигара шықты үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп.

Төртінші Әсем шығады,

Бұрымдары желбіреп,

Сабина біздің тұр жарап

Өн бойында бар талап.

Наталья қыз мақпалдай

Ағарып таң атқандай

Жетінші қыз Настяның,

Өнері тасып жатқандай

Сегізінші Арай қыз,

Өз орнын ол тапқандай

Келесі қыз Гүлайым,

Бақытын тапсын лайым

Арайлым қыз өнерлі

Төгеді бар өнерді.

Дильноз қызым көрегі

Алыстан бәрін көреді

Таңшолпанның биік өресі

Арулардың төресі

Айгүл қызым келесі

Шығар биік белесі

Зарина біздің

Қыз сынына келіпті

Мукарамдай сұлуды

Шіркін-ай кім көріпті

 (әр қыз сәлемдесе, дөңгелене т.б. қимылдармен ортаға шығады)

 2.Жүргізуші

Аруларымызға жыр көрімдік ретінде «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты поэзиялық өлеңімен 101 топтың студенті Еламанды ду қол шапалақпен ортаға шақырайық:

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен

Қыз сұлу көрінеді шашыменен

Ай қабақ қиғаш қара қасымен

Қыз сұлу  көрінеді толған айдай

Он бес пен он сегіз де жасыменен

Қыз сұлу көрінеді өрнегімен

Тізілтіп сөз маржаным тергенімен.

Майысып бұратылып, майда басып,

Жаныңа наз қылықпен келгенімен

Дарытқан бар асылды өз елімен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Құлпырады мектебімнің арулары,

Өткендей сұлулықтың елегінен.

Көрімдікке жырымды беремін мен- дей келе бүгінгі жарыста, әділқазыларымен таныстырайық та,  ол кісілер жарыс шартын таныстырып, хабарласын.(Әділқазылар өздерін атағанда орындарынан тұрады).

 

1. Жүргізуші 

1. Колледжіміздің бас директоры, медицина ғылымының докторы, профессор Рузуддинов С.Р., 2.  Колледжіміздің атқарушы директоры м.ғ.к. Рузденова Н.Б.,

3. Колледжіміздің арнайы пәндердің оқытушысы Жақсыбаев Б.И., 4. Биология пәнінің оқытушысы Саттарова С.Х.,

5. арнайы пәндердің оқытушысы Корнилова Г.А., 6. Ағылшын пәнінің оқытушысы Қамбабаева Д.А., 7. Студенттік кеңес ұйымының төрағасы Қожаханов С.

1 САЙЫС «ТАНЫСТЫРУ» 

2. Жүргізуші 

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін

Бәсекеге түскен он бес ару кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін – кезекті, аруларға берсем деймін.

(Байқауға қатысушы 15 қыз кезекпенен музыкалық әуеннің сүйемелдеуімен шығып слайд шоудың немесе қара сөздермен өздерін таныстырады)

Содан кейін әділ-қазылар алқасы өздерінің алдында тұрған ұпай сандарын көрсетеді

 

1. Жүргізуші 

2 САЙЫС «ӨНЕР»

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынындабәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты

Он  бес қыз өз өнерлерін көрсетеді.

(Қыздар өздерінің өнерлерін кезекпенен көрсетеді)

Содан кейін әділ-қазылар алқасы өздерінің алдында тұрған ұпай сандарын көрсетеді

3 САЙЫС «ИНТЕЛЛЕКТ»

 

2. Жүргізуші

 

Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім

Көңіліне тоқып бәрін журме екен

Туысты қалай атау керектігін

Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен?

Демекші келесі сайысымыз инттеллект сайысы

 

1. Жүргізуші

 

Сұрақтар:

 

—         1. Анасы мен енесі, қызымен келіндеріне қонақ келуге байланысты қандай ақыл айтуға тиісті?

—         2. Үйге көрші ауылдан сүйінші сұрап қонақ келді, сіз қалай қарсы аласыз?

—         3. Қонақтың түрлері?

—         4. Үйге келген қонақ кетуге даярлана бастады қалай шығарып саласыз?

—         5. Қонаққа байланысты қандай мақал-мәтел білесіз?

—         6. Нағашы кім болады?

—         7. Бөле деген кім?

—         8. Төркін дегенді қалай түсінесің?

—         9. Әже кім?

—         10. Ағайынды деп кімді айтамыз?

—         11. Абай Құнанбайұлы кім? Оның бір өлеңін оқы?

—         12. Алып аналарды ата?

—         13. Шығыстың бұл-бұлы атанған әнші кім?

—         14. Шығыстың қос жұлдыздарын ата?

—         15. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы туылған?

—         16. ҚР конституциясы қай жылы қабылданған?

—         17. ҚР тәуелсіздігін тұңғыш таныған мемлекет?

 

(Қорытынды бағаны әділ қазылар көрсетеді)

 

4САЙЫС «ДЕФИЛЕ»

 

2. Жүргізуші

 

Сымбатына сән киім жарасатын

Аспандағы ай менен таласатын

Өнеріне көркі сай

Аруларға қызығып қарасасың

Ендігі кезекте  «Адам көркі шүберек» демекші сән үлгілерін қыздарымыз көрсетеді

 

музыканың сүйемелдеуімен қыздарымыз қолдарымен тіккен көйлектерін киіп көрсетеді

(Қорытынды бағаны әділ қазылар көрсетеді)

 

5 САЙЫС «БЕС АСПАП»

 

Қонақ келсе-құт

Барыңменен күт- деп аталады.

Халқымыздың талай ғасырлардан келе жатқан жақсы салты- қонақжайлылық қонақ күту рәсімі талай өлең-жырға негіз болған. Арабтар: «Қонақ тәңірі жіберген сый» десе, қазақтар: Қырықтың бірі- қызыр, мыңның бірі Уәли,  «Қонақ келсе-құт, барынменен күт»- дейді.

 

(Үстел үстіндегі жеміс-жидектерден салат жасап болғаннан кейін әділ-қазылар алқасы дәм татып, өздерінің бағаларын береді).

 

Көрсетті өнер әр салада сайысып

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

 

  1. 1.     Жүргізуші:

 

Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,

Колледжіміздің аруы деп жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші.

Құттықтайық ал енді,ару болған баланы

Өрге жүзіп өнері,тауға өрлесін талабы.

(әділ-қазылар алқасы жалпы шешім шығарғанға дейін өнерпаз студенттеріміз өнерлерін көрсетеді)

 

  1. 2.     Жүргізуші:

 

Қорытынды:

 

Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»- деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,

Сүймеген сені азамат азамат па,

Көңілім- тәрізді аппақ таза мақта,

Бәрін айт бірін айт та лайықссың

Қазақтың қызы деген ғажап атқа- деп сайысымызды аяқтаймыз. Бұл жиыннан әр қайсымыз өзімізге үлкен ғибрат алдық деп ойлаймыз. Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау саламат болыңыздар!

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *