Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жұмаханова Данагүл Жасұланқызы
«Сырлы жеңге, ару қыз»
Мақсаты:, Жеңге мен қайынсіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы жазылған плакат, нақыл сөздер, шар, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар, біз бүгін мектебімізде көктемнің алғашқы мейрамы аналар, қыздар күніне арнап бастауыш сынып қыз балалары үшін «Сырлы жеңге, ару қыз» атты сайыс кешін өткізгелі отырмыз. Бұл кештің негізгі мақсаты – қазақ қызына тән ибалылық, инабаттылық,тәлім- тәрбие беруде қыз жеңгесінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу.
Бағдарламасы:
Таныстыру.
Дастархан мәзірі
Сән үлгісін көрсету
Ойлан тап
Өз өнерлерін көрсету
І-жүргізуші: Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар
Шәкіртіне білім нұрын шашқандар
Армысыздар, жеңгелері қыздардың
Сахнаға сайысуға келіп қалған
ІІ-жүргізуші Армысыңдар, ақ арман, үміттері
Қашан көрсең жүретін күліп тегі
Армысың мереке күн кешіндегі
Бастауыштың қыз бенен жігіттері
І-жүргізуші: Қайынсіңлі сөзін жерге тастамай
Келіп отыр ортамызға жеңгелер
Бүгінгі күн сіздер бізге қонақсыз
Олай болса, төр сіздікі, өрлеңдер
ІІ-жүргізуші: Армысыңдар, қадірменді асыл халқым
Арта берсін абырой атақ-даңқың
Қарсы алайық қыздарды жеңгесімен
Сақтаған қазағымның ата-салтын
І – жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Қазылар алқасының төрайымы: ұйымдастырушы – педагог Қайырлиева Айнагүл Жақсығұлқызы, мүшелері:
Ерғалиев Жандос Ғиниятоллаұлы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Рамазанаова Зергүл Жасұланқызы – психолог.
Нұрланова Шаттық Нұрланқызы – ата-ана.
Раушанова Болғанай Тілеуішқызы – бастауыш бірлестігінің жетекшісі.
І-бөлім. «Таныстыру»
Беташарын сайысымның бастайық
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Қатысушылар таныстырсын өздерін
Біз оларды ду қол соғып қостайық.
1а сыныбынан Тахмина жеңгесі Ақтолқынмен
2 а сыныбынан Аружан жеңгесі Эльмирамен
2 ә сыныбынан Дана жеңгесі Әйгеріммен
3 а сыныбынан Айгүлім жеңгесі Арайлыммен
3 ә сыныбынан Наргиза жеңгесі Арайлыммен
4а сыныбынан Шаһризада жеңгесі Әселмен
4ә сыныбынан Сәния жеңгесі Айнұрмен.
ІІ- бөлім: «Дастархан мәзірі»
І-жүргізуші: Отау үйдің шаңырағы шап-шақ қана
Жеңешем ішіндегі аппақ қана
Береді бізге тәттісін сақтап қана
ІІ-жүргізуші: Тосып тәтті, дәмдіні
Жеңгем алдыма береді.
І-жүргізуші: Ақ жүзіңдегі ананың
Күндер келді, жалғасты
Жеңгелерді байқайық
Қандай екен дәмі, асы
ІІІ-бөлім: «Сән үлгісін көрсету»
Біз бүгін сән туралы ойланамыз
Сіздерге сән көрсетіп толғанамыз
«Сырлы жеңге, ару қыз» сайысында
Алуан түрлі сән көрсетіп нұрланамыз.
І-жүргізуші:
«Адам көркі — шүберек» деп енді келесі бөлігіміз сән үлгісін көрсету.
ІV-бөлім: «Ойлан тап»
І-жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың
Дәл бүгін қанат қамдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын
ІІ-жүргізуші: Ал, жеңгелер, сайысқа қалайсыңдар
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Тапсырма ал, қоржыннан қысылмай кеп
Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар.
V-бөлім: «Өз өнерлерін көрсету»
І-жүргізуші: Мың бұрала билеген
Аруды кім сүймеген
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген
Өнерлі өрге жүзер деп
Халқым бекер айтпаған
ІІ-жүргізуші: Думандатпай, әндетпей
Тойдан бекер қайтпаған
Өнерлерін арулар мен жеңгелердің
Тамашалап көрейік
Қол соғып бір желпіндіріп
Әділ баға берейік.
Өз өнерлерін көрсету
І-жүргізуші: Бәрімізге анасыңдар
Бізге шам боп жанасыңдар
Құтты болсын мереке
Құттықтаймыз, аналар!
ІІ-жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал аналар
І-жүргізуші: Бойларыңда от бар екен, байқадым
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
ІІ-жүргізуші:
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар –
дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!
[bws_related_posts]
сәлеметсиздерме! Осы посттың авторы сизге отиниш таныстырулары калай, үлгісін болса сала аласызба???