Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі.
Арнаулы пән окытушысы: Мауленова Бәтес Тоқтыбайқызы
Сабақтың тақырыбы : «Пластмасса құбырларды жалғап қосу.»
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Пластмасса құбырлар туралы түсінік қалыптастыра отырып, түрлерімен ,қосылыстарымен және олардың жылу саласында ,тұрмыста кеңінен қолданылуы туралы мағұлмат беру.
Дамытушылық : Оқушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік :. Оқушыларды өз бетінше ізденуге жұмылдыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дүниетанымын кеңейту. Жалпы өндірістегі технологиялық процесс туралы ой өрісін дамыту. Оқушыларды жауапкершілікке,ұқыптылыққа , үнемділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Аралас сабағы.
Сабақтың әдісі : Жаңа сабақ. Түсіндірмелі.
Пәнаралық байланыс : Химия, жадығаттану, сызу.
Сабақтың көрнекілігі : Слайд, плакат, пластмасса түрлері, әртүрлі өлшемдегі құбырлар ,иіндер, үштік қосылыс ,құбыр кескіш, шүмек, егеулер, қыздыру өтегі, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Журналға белгі соғу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар
1.Құбырлардың түрлерін ата?
2.Темір қандай температурада балқиды ? (1539 ºC)
3.Ең қиын балқитын металл неше градуста балқиды ? (Вольфрам 3416 ºС)
4.Металл түрлерін ата (Қара,түрлі–түсті,бейметалл)
5.Ауыр металдарға не жатады (Мыс,қорғасын,мырыш)
6.Алюминийдің балқу температурасы (660 ºC)
7.Оңай балқитын металдар (Қалайы-232ºС,қорғасын-327ºС,мырыш-419ºС,алюминий-660ºС)
8.Металдардың физикалық қасиеттеріне не жатады ? (Түсі,тығыздығы ,балқу температурасы,жылу өткіздігіштігі электр кедергісі.)
III.Жаңа сабақты түсіндіру. Слайд арқылы.
1.Пластмасса құбырлар түрлері.
2. Пластмасса құбырларды қосу әдістері.
3. Пластмасса құбырларды қыздыру өтегімен жалғау.
4.Құбырларды иінге,үштік қосылысқа, шүмекке қосу ережелері.
5.Техникалық қауіпсіздік ережелері
Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-фармальдегидті Пластмассалар, поливинилхлоридті Пластмассалар, т. б. аталуы да Пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа Пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.
Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
полимерлену өнімдері Пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі Пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі Пластмассалар Сонымен қатар термопластик. және термореактивті Пластмассалар болады
«Ойлан тап» орындау арқылы тапсырылады.
1. Полимерлер мономерлерден синтезделеді, полимердің қайталанып отыратын ең кіші бөлігін ——- —— ,ал олардың санын ———— ——— деп атайды. Құрылымдық буындары бірдей, бірақ ұзындықтары әр түрлі ————————- —————- деп атайды. Кәдімгі пластик —————- құрамында 30-50% күкірт және каучук бар қоспаны термоөңдеу арқылы алады.
2.Бразилияда өсетін ———— ағашының шырынының құрамында 30% каучук бар. Синтездік каучукты алғаш рет —— жылы академик —— әдісімен синтезделе бастады. Талшықтар ————— және ————— деп жіктеледі. Полимерлену дәрежесі ——- деп аталады.
1. Синтетикалық полимерден алынатын —————— —————— деп аталады.Өте берік ,тозбайды, деформацияға төзімді,су сіңірмейдін ————— жоғары температураға төзімсіз зат. Құрылымдық буынына қарай —————— ———- ——— екіге бөлінеді.Толықтырғыш ретінде мақта маталар пайдаланылған болса ,ерекше мықты пластмасса————— алынады.
Әр топ бір –біріне сұрақтар қойып білімдерін тексереді.
«Пластмасса»
1.Пластмасса дегеніміз не?
2.Пластмассаның алыну жолы.
3.Полиэтилен.
4.Полипропилен.
5.Поливинилхлорид.
6.Пластмассаның қолдануы.
7.Пластмассаны анықтау.
IV.Теорияда алған білімдерін практика жүзінде көрсету.
Оқушылардың цехта құрал-саймандарды пайдалана отырып, пластмасса құбырларды жалғастыру әдістерін көрсетулері.
Технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасау.
1.Оқушыларға жаңа сабаққа нұсқау беру.
2.Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
3.Құрал жабдықтарды пайдалана отырып оқушылардың құбырларды
жалғап қосулары.
4.Пластмасса құбырларды ереже бойынша жалғап
қосуларын қадағалау.
5.Орындалған жұмысты қадағалау.
V.Қойылатын талаптар.
VI.Оқушылар жұмысын бағалау.
Қортындылау
Үйге тапсырма беру
1.Реферат жазу
2 Конспекті жазу