Басы » Баяндамалар » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ (Презентация)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ (Презентация)

Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ерғали Бақыт Кәрімқызы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1. Кіріспе.
2. Негізгі  бөлім.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері  мен қызығушылығын жетілдіру , білімге
құштарлығын ояту.
3.Қортынды.
Кіріспе.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды , қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ , қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді . Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың негізгі шарттары:
1. Нақты тапсырма беру.
2.Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу.
3.Оқушылардың жұмысты өз еркімен орындауы.
Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді , оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім , еңбексүйгіштік, табандылық , ұйымшылдық , бір–біріне жолдастық қарым-қатынас қалыптасады.
Негізгі бөлім.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге деген құштарлығын ояту.Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді , баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:
1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ , диаграмма.
Мыс: « Мәтін» тақырыбын өткен кезде «Ой қозғау» ойыны арқылы сөзжұмбақ жасыруға болады. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер, әжемнің дастарханға қойған бір тәтті тағамымен танысасыңдар.
Сөзжұмбақ . Ауылға барғанымда қауын — . . . әбден тойдық . Әжем бізді көргенде қатты қуанды . Қыста сақтаған . . . – қартасын қазанға салды . Шай дайындалып, дастарханға қою . . . , тәтті сары . . . , майға пісірілген ыстық . . . , жегенде тіліңді үйіретін . . . әкеліп қойды.

Жауабы: қарбыз, қазы, айран, май, бауырсақ, құрт.
2.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т. б)
3.Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар: өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу. Мұнда басты назар аударатын мәселе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.
Соның негізінде тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу. Мысалы: қазақ тілі пәні бойынша: Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді. Сөз таптарын өткенде «Қай, қандай сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбында «Әсем қандай қыз?» сұрағына жауап береді. Әсем сөзінің әрбір дыбысына Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін жазғызамын.
Ә – әдемі, әдепті, әсем.
С – сұлу, сүйкімді, сезімтал.
Е – еңбекқор, епті, елгезек.
М – мейірімді, мәдениетті, момын.
Енді әрі қарай дамыта отырып, осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырттым. Әсем — әдемі қыз. Әсем үлкенге де, кішіге де мейірімді. Сын есімдерді тауып астын сызу. «Қарындаш» сөзінен зат есімдерді ойлап тауып жазу. Қарындаш – қар, ар, шар, шана,арық , шын.
«Сөз таптары» тақырыбындағы білімдерін тексеру мақсатында сөздік диктант ретінде беру.
Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
Аспан Жиырма Ұзын Жүгірді
Қойшы Алты Тәтті Ойнады
Асқар Он бір Қызыл Оқыды

Тақырыбы: «Мәтіннің түрлері» Үш қатарға бөліп беремін. «Ит» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.
1-қатар: әңгімелесу мәтіні;
2-қатар: сипаттау мәтіні;
3-қатар: пайымдау мәтіні.
Осы жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды,сөздік қоры молаяды.
«Әдебиеттік оқу» сабағында: Шығарма жазуға баулу. Баланың шығармашылығын арттыруға ықпал ететін жұмыс түрінің бірі – шығарма. Тірек сөздер арқылы белгілі тақырып бойынша, сурет бойынша немесе ойды жалғастыру арқылы шығарма жаздырту.
Берілген мәтіндегі кейіпкерге мінездеме беру. Мысалы: «Қолғанат» тақырыбындағы Сәкенге мінездеме беру.
Мәтіндерді бөлікке бөліп, жоспар құру, оған ат қою.
Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу, оны өз сөзімен, ойымен дәлелдеу. Мысалы: «Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала». ( Әдепті бала не істейді, әдепсіз бала не істейтінін сұрау.)
Ұжымдық жұмыс. «Сырлы сандық» ойыны.
Міндеті: Құрылымы бұзылған мәтінді қалпына келтіруге үйрету. Ойын шарты: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Оқушылар сырлы сандықтың төрт жағына жазылған сөйлемдерді рет-ретімен жазып, бірігіп, ақылдасып отырып, тұтас мәтін құрастырады. Сандықтың бір жағына белгілі бір мәтіннен алынған бір сөйлемін, екінші жағына екінші сөйлемін т.с.с. төрт сөйлемнен тұратын мәтін жазылады. Сандыққа жазылған сөйлемдерден мәтін құруға әр түрлі тапсырма беруге болады. Мысалы: берілген тақырып бойынша мәтін құру, бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т. б. Алдымен оқушылар мәтін тақырыбына сәйкес келетін сөйлемдерді жинақтайды, одан кейін қайсысы бірінші, қайсысы екінші тұрады, яғни сөйлемдердің орын тәртібін реттейді. Сөйтіп мәтінді жүйелі түрде, байланыстырып құрастыруды үйренеді. «Сырлы сандық» ойынын топпен де, жеке түрде де орындатуға болады.
Шығармашылық тапсырма: «Анам құртты қалай дайындайды?» деген тақырыпқа «алдымен, содан кейін, сосын, ақырында» деген сөздерді пайдаланып, мәтін құрып жазыңдар.
«Математика» пәні бойынша: Математикалық диктант түрінде; Деңгейлік тапсырмалар; «Ойлан, тап» ойынын ұйымдастыру; Карточкалар беру; Оқушылардың білімін тексеру мақсатында арнайы сабақ беріледі.
«Дүниетану» пәні бойынша: Балықтың аттарын пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.
а л а Б ұ ғ а
ш о Р Т а н
к а м б а л а
ж а й ы н
ш а б а қ
«Тұқым» тақырыбын өткенде
Тұқым
Құрғақ Шырынды
Бидай Алма
Бұршақ Қияр
Жүгері Анар
Қортынды.
Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды. Қорыта айтқанда өзіндік жұмыс — шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , олардың өз бетінше әрекетінсіз мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.

Қолданылған әдебиеттер.
1. Р. Ж. Базарбекова. Қазақ тілінен мәтін тақырыбын дамыта оқытуға арналған дидактикалық материалдар.
2. «Бастауыш мектеп» журналы. 2012. № 4
3. «Бастауыш сынып әдістемесі» журналы. 2011. № 5,6

(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *