Қызылорда облысы Қармақшы ауданы,Жосалы кенті
Ш.Уәлиханов атындағы № 26 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әбдіқалықова Индира
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақты мақсаты:
білімділігі – оқушылардың құрмалас сөйлемнен алған білімдерін тереңдету,жүйелеу, бекіту, қорытындылау.
дамытушылығы – оқушының пәнге қызығушылығын, арттыру,ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
тәрбиелігі –оқушыларды іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, жүйелі сөйлей,талдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: қайталап жинақтау, қорыту
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі:, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау,салыстыру,талдау
Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба-кестелерді көрсетіп, ой жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: слайд,сызбалар,схемалы кесте,ВЕНН диаграмма,Бес жолды өлең,графикалық диктант
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә)оқушылардытүгендеу
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру
Сабақтың эпиграфы:
«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?! Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі- Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.» Н.Ә.Назарбаев
Дыбыстық жаттығулар арқылы оқушыларды сабаққа дайындау
Бұл жаттығулар адамдардың өмірге құлшынысын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй
мен шабыт шақыруға арналған.
Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Қима қағаздардағы сөздерді сәйкестендіріп құрастырғанда,
3 сөйлем шығады. Сол сөйлемдердің құрылуына қарай оқушылар 3 топқа бөлініп отырылады.Бұл сөйлемдер құрмалас сөйлемнің 3 түрі,әр топ сөйлемдерге ауызша синтаксистік талдау жасайды.
І топ « Салалас» ІІ топ «Сабақтас» ІІІ топ «Аралас»
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау Үйге берілген сынақ тапсырмасындағы “Әр қилы тағдырлар”,“Өнердегі өнегелі өмірлер” эссені оқыту
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту І топ « Салалас» Салалас сөйлемнің тыныс белгісі қандай? ІІ топ «Сабақтас» Сабақтас сөйлемнің тыныс белгісі қандай? ІІІ топ «Аралас» Аралас сөйлемнің тыныс белгісі қандай?
2.Өткен материалдар бойынша сұрақтар. “Ғылымды зерделеңіз…” тапсырмалары 1 топқа Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдер жүйесіне қатысты зерттеушілер ретінде кімдерді атай аламыз? 2 топқа Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес, ғылыми тұрғыдан қарастырған ғалымдар кімдер?
3 топқа Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш көңіл аударған кім?
Жаңа сабақ.
Әр топқа постер таратылып жеке тапсырмалар беріледі. І топқа Салалас сөйлемді кестеге толтыр
ІІ топқа Сабақтас сөйлемді салалас сөйлеммен салыстыр
ІІІ топқа Аралас сөйлемді топтастырып жаз.
Мәтіндер беріледі. Сол мәтіннен әр топ өз тобына лайық сөйлемдерді құрастырып алады және 1сөйлемді талдайды.
І топқаДәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серкенің терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70-80 кг-дай келеді. Көкпар жігіттердің күш-жігеріне, төзімділігіне, батылдығы мен ептілігіне сын. Сонымен қатар Көкпар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорттық ойын. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі
ІІ топқа Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады.
ІІІ топқа Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ.
Шығармашылық тапсырма
І топқа «Көктем-өмір бастауы»
ІІ топқа «Аналар-асыл жандар»
ІІІ топқа «Ұстаз-ұлы тұлға»тақырыптарында эссе жазу
- Білімді бекіту кезеңі
Графикалық диктант.
Салалас
Сабақтас
Аралас
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Тапсырма:
Сөйлемдер беріледі
1.Әңгімені Басынын бастау үшін,Саржанмен кездескен күні есіме толық түсіріп көрейін. 2.Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
3.Жүсіп сөйлемекші еді,оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп,бірсыпыра уақытқа дейін сөйлетпеді.
4.Амантай Серғазыларға ақылдасып еді,Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан,олар ырық бере қоймады.
5.Абай Дәндібай сөзінен жақсы бейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.
6.Өмірдегі көп күннің бәрі бірдей емес:кейбір күн өлгеніңше есіңде қалады.
7.Туғанда, дүние есігін ашады өлең,өлеңмен жер қойнына кіреді денең..
8.Біраз жүргеннен кейін ,әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.
9.Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ.
ҮІ Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Оқулықтағы пысықтау сұрақтарын орындау
[bws_related_posts]