Физика пәні бойынша мамандыққа баулу сабағы.
ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Кіндікті ауылы, Ғани Мұратбаев орта мектебі,
Есиркина Сәуле Ғазезқызы,
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Тұрақты ток» тарауын қайталау. Металдардағы электр тогы.
Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың «Тұрақты ток» тарауы бойынша алған білім деңгейлерін тексеру, осы тарау бойынша есеп шығара алу дағдысын қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Елбасымыздың жолдауын насихаттай отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Металдардағы электр тогын өткізетін бөлшектер электрондар екендігіне көз жеткізу.
3) Тәрбиелік: Кәсіби шығармашылық тәрбие беру. Пән бойынша мамандыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайд-шоу, электронды оқулық, тақырыптық тест, тәжірибе.
Қолданылатын технологиялар: СТО, ақпараттық технология.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, химия, өмірмен байланыс.
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақ әнұраннан басталады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауынан: Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жайттарды шешеді.
Сынып 2 топқа бөлінген. «Энергия» және «Қуат» тобы. Топ басшылары: Алтынай мен Арайлым.
II. Сабақтың барысы.
1-бөлім: Не білдім?
2-бөлім: Не үйрендім?
3-бөлім: Не білгім келеді?
4-бөлім: Не ұқтым?
5-бөлім: Үйге тапсырма беру. Сабақты қорытындылау. Оқушылырды бағалау.
I.Не білдім?
Мынау жаңа заманда
Компьютер, ұялы телефон,
Жеңілдетіп жұмысты.
Қолды – аяқты баладай,
Адамға болған пайдалы.
Ток болмаса, бұл да жоқ,
Ток пайдасы осындай.
(Мұнда оқушылар үй тапсырмасы бойынша «Тұрақты ток» тарауын қайталау сұрақтарына жауап береді және есеп тексеріледі.)
№637. Q=IUt=5А*220В*1800с=1980000 Дж=1,98 МДж.
№638. Q=Pt=500Вт*60с=30000Дж=30кДж. Q=Pt=500Вт*3600с=1800000Дж=1,8МДж.
№639. А=UIt=220В*0,5А*1800с=198000Дж=198кДж.
№640. А=Рt=60Вт*28800с=1728000Дж=1,728МДж.
R=U2/Р=(220В)2/60Вт=807 Ом
I=Р/U=60Вт/220В=0,27 А
-
Электр тогы дегеніміз не?
-
Электр тогының қандай әсерлері бар?
-
Тұрақты ток көздерін ата.
-
Ток күшін өлшейтін құрал?
-
Кернеуді өлшейтін құрал?
-
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымда.
-
Асқын өткізгіштік құбылысын ашқан кім?
-
Өткізгіштерді қосудың қандай түрлері бар?
-
Токтың қуатын өлшейтін құрал?
-
Ток жұмысын есептеуге арналған құрал?
-
Джоуль –Ленц заңын тұжырымда.
-
Электр лампасының қылсымы қай металдан жасалады?
II. Не үйрендім?
Параллель қосып сымдарды,
Тізбектей қосып сымдарды,
Ағамыздай ГЭС Серік,
Жүрерміз свет тексеріп.
(Мұнда оқушылардың осы тараудағы формулаларға есеп шығара алу қабілеті тексеріледі).
1-есеп №489. 73-бет.
25 Кл заряд өткенде, ток күші 25 кА электрлік заряд қанша уақытқа созылады?
2-есеп №496. 74-бет.
Егер 10 Кл заряд орын ауыстырғанда 2200 Дж жұмыс жасалса, онда реостаттың кернеуі неге тең?
3-есеп №536. 78-бет.
Кедергісі 30 Ом электр шайнегінің спиралі кернеуі 120 В электр желісіне қосылған. Шайнектің спираліндегі ток күшін табыңдар.
4-есеп №673. 91-бет.
Ток күші 5А желіге жалғанған.кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 минутта қанша жылу бөлінеді?
5-есеп №509. 75-бет.
Кедергісі 24 Ом, ұзындығы 4,8 м нихром сымының көлденең қимасының ауданы қанша?
6-есеп №558. 80-бет.
Бізге бір-біріне және реостатқа тізбектей жалғанған әрқайсысының кедергілері 25 Ом-ға тең екі шам берілген. Тізбектің жалпы кедергісі 62 Ом. Реостаттың кедергісін есептеңдер.
7-есеп №571. 82- бет.
Тізбек кедергілері 1,5 Ом және 10 Ом болатын параллель жалғанған өткізгіштерден тұрады. Оның жалпы кедергісін табыңдар.
Эксперименттік есеп №669. 90-бет.
Қуаты 120 Вт теледидар 3сағ жұмыс істегенде, энергия шығыны қанша теңге тұратын болады? (1кВт*сағ-10 теңге).
III. Не білгім келеді?
Метал, метал, металдар,
Неше түрлі металдар,
Бірі токты өткізед,
Бірі токты өткізбес.
Білгім келед металда,
Токты өткізед не пәле?
(Жаңа сабақ «Металдардағы электр тогы» өтіледі.)
Тәжірибе көрсетіледі. Керекті құралдар: 2 шам, батарея, қосқыш сымдар.
-
Металдардың ішінде қайсысы токты жақсы өткізеді?
-
Металдардың ішкі құрылысы қандай?
-
Электронның заряды мен массасы арқылы меншікті зарядты есептеп шығару.
Жауап: 1. Меншікті кедергілері аз болатын металдар токты жақсы өткізеді. Оларға мыс, алюминий, күміс, алтын жататынын 8-кестеден байқауға болады.
2. Металдар кеңістіктік құрылым түзіп реттеле орналасқан оң иондардан тұрады. Атомдар сыртқы қабаттарындағы электрондарын жоғалтып, оң иондарға айналады. Бұл электрондар жеке бір атомға тиесілі болмағандықтан, еркін электрондар деп аталады және кристалдық тор иондарының арасында бүкіл метал көлемінде ретсіз қозғалыста болады. Иондар еркін қозғала алмайды, тек тепе-теңдік күйінің айналасында тербеле алады.
3. Метал сымды ток көзіне қоссақ, мысалы батареямен жалғасақ, Электр өрісінің кернеулігі оң полюстен теріс полюске қарай бағытталады. Электр өрісінің жылдамдығы 300000 км/с. Ал, электрондар ток көзінің теріс плюсінен оңға қарай қозғалады.
4. Электронның заряды e=1,6*10-19 Кл, массасы m=9,1*10-31кг. Сонда меншікті заряд
e/m=1,6*10-19Кл/9,1*10-31кг=1,76*1011Кл/кг≈1,8*1011 Кл/кг. Мұны Стюарт – Толмен анықтаған.
Қорытынды: (Дәптермен жұмыс).
-
Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.
-
Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
-
Меншікті заряд e/m=1,6*10-19Кл/9,1*10-31кг=1,76*1011Кл/кг≈1,8*1011 Кл/кг.
Тақырыптық тест орындау. «Металдардағы электр тогы».
1.Металдарда электр зарядын тасымалдайтын бөлшектер:
а) оң иондар б) электрондар в) теріс иондар г) протондар
2. Металдардағы электр тогы дегеніміз:
а) протондар қозғалысы б) нейтрондар қозғалысы в) электрондар қозғалысы г) иондар қозғалысы
3. Электр өрісінің жылдамдығы:
а) 2*105 км/с б)3*105 км/с в)3*108 км/с г) 8*103 км/с
4. Электронның меншікті заряды:
а) 1,5*1011Кл/кг б)1,65*1011Кл/кг в) 1,8*1011 Кл/кг г) 1,67*1011Кл/кг
5. Әдеттегі жағдайда метал қандай күйде болады?
а) оң б)теріс в)бейтарап
IV. Не ұқтым?
Метал, метал, металдар,
Неше түрлі металдар,
Токты өткізед металда
Еркін атты электрондар.
Стюарт — Толмен есептеп,
Меншікті заряд табылған.
Дәл осылай дәлелденіп,
Металдағы электр тогы
Еркін электронның ретті қозғалысы.
V. Үйге тапсырма беру. Сабақты қорытындылау. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.
§45, оқуға. «Электр тогының тұрмыста қолданылуы» туралы шағын әңгіме жазу.
Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады.
«Тұрақты токты» меңгеріп,
Кернеу, токты өлшеп ап,
Ток қуатын тексеріп,
Ток жұмысын есептеп,
Біз болашақ мамандар,
Елімізді көркейтер.
[bws_related_posts]