«Бүлдіршін» ересек тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Кесе
Мақсаты: Кесе формасының құрылысы, өлшемдерді дұрыс шығару, қағаз бетінде суретті дұрыс орналастыру жайында хабар беру. Ыдыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, кесенің түрлері жайлы айту. Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: қағаз,қарындаш,кесе пішіндегі бастырма лекалалар, бояуымен салынған суреттер,өшіргіш.
Сөздік жұмыс: кесе-чайная чашка(пиала), ыдыс-посуда
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-
қозғаушы |
Таңғы шеңбер:
Армысың қайырымды асапан-ата! Армысың мейірімді жер-ана! Армысың шұғылалы алтын күнім! Армысың балабақшам, дос-жараным!
—Қанеки балалар енді біз бір- бірімізге тілек айтайық.
|
Балалар шеңберге тұрып тәрбиешінің соңынан қайталайды.
-Аспанымыз ашық болсын. -Еліміз тыныш болсын. -Деніміз сау болсын. -Ата-аналар аман болсын.
Балалар парталарға жайғасып отырады. Кезекші бала қарындаш қораптары мен керекті құралдарды таратып, жұмысқа әзірлік басталып кетеді. |
Іздену-барлау | Балалар біз тұрмыста күнделікті пайдаланылатын заттардың бірі «кесе» олай болса, негізгі үш ережені есте сақтап алайық.1. Суретті жазықтақта дұрыс орна- ластыру.2. Кесенің пропорциясын сақтау.3.жарық-көлеңкені ажырату
1.қағаз бетінің қақ ортасын табу.2. кесенің беті мен табанын салу, ол үшін сопақша шеңбердің форма- сын салу қажет.3. шеңберді қағаз бетін тең екіге бөліп өтетін сызыққа перпендикуляр орналастыру және шеңберлерді өз- ара қосу (беті және табаны) қажет.4.жарық және көлеңкенің тепе-теңдігі, осы арқылы кесеге көлем беру.
Cергіту сәті.. Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып жұмамыз.
-Қиналған балаларға жеке көмек көрсету. |
Ережелерді тыңдап сұрақ-жауап арқылы ойларында бекітеді.
-1.суретті қағаз бетінде дұрыс орналастыру. -2пропорцияны сақтау. -3.жарық-көлеңкені ажырату. Балалар оқытушының артынан қайталай жұмыс жасайды. Балалар мөлшермен қағаз беті- нің ортасын табады сол тұстан жоғары және төмен екі бағытта тік сызық жүргізеді. Кесенің формасын салу үшін сопақша не элипс формасын салады, олары қағазды екіге бөле сызылған сы- зыққа перпендикуляр орналас- тырады, сопақшаның үлкені яғ- ни кесенің беті үстіде, ал каішісі ол аяғы төменде орналастырады Қағаз бетінде орналасқан қос шеңбердің арасын бір-біріне сы- зықтар арқылы қосады. Жарық және көлеңкенің тепе-теңдігі, арқылы кесеге көлем береді
Сергіту сәтін орындау: Балалар орындарынан тұрып партаның бір шетіне сапқа тұрады,сергіту сәтіндегі өлең шумақтарын қайталай айтып орындарында тұрып адымдап, қолдарында ұстаған қарындаштарын көтеріп дене шынықтыру қимылда рын жасайды
|
Рефлексивті-
қорытындылау |
Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту. — Балалар біз бүгінгі сабақта не жасадық? — Бір сөзбен не дейміз? — Кесе неден жасалады екен? Балалардың жұмыстарын жинап алып шағын көрме жасау, сараптама жасау, үздіктерін таңдап мадақтау
|
Сұрақтарға жауап береді.
— Кесе.
— Ыдыстар.
Жұмыстарды бағалайды, сұрақтар қояды алған білімдерімен үйреніп білгендерімен бөліседі |
Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Ыдыстар туралы түсініктерінің қалыптасуы, кесенің түрлері және жасалу жолдары жайлы білуі.
Қалыптасқан әдет: Кесе формаларының құрылысы мен қағаз бетінде дұрыс орналасуы.
Істей біледі: Геометриялық пішіндерден кесенің формасын дұрыс құрып,бояу.
Бейнелеу өнерінің оқытушысы: Ақмоллин М.Т.
Тексердім:
Ескерту:
: [bws_related_posts]