Басы » Бала бақша » Бау-бақшаға саяхат

Бау-бақшаға саяхат

БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі
Табенова Айгерим Маратовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Бау-бақшаға саяхат»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі, бау – бақша өнімдері туралы білім беру. Жеміс – жидектер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Жұмбақтарды тапқырлықпен шеше білуге үйрету. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Қойылған сұраққа толық жауап беруге төсілдіріп, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Күз мезгілі туралы әңгімелесу
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: Жемістер, көкөністер
Қостілділік компонент: Күз-осень, жемістер-фрукты, көкөністер-овощи

Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Себепті
кызығушылығын ояту
кезеңі

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді де білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалар шеңберге тұрып, амандасады.

Ұйымдастыру
шылық
ізденіс
кезеңі

— Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
— Оны қайдан білдіңдер?
— Балалар тағы да күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен.
— Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме?
— Ендеше біз бүгін бау-бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар біз поездбен барамыз.
Қимылды ойын: «Поезд»
Қане кімнің бойы ұзын,
Паравозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық.
Пойызды біз құрайық.
Пш — пш, пш — пш баста алға.
Қарап қалма аспанға
Гу — гу, гу — гу гуілде
Қалып қойма біріңде
Қане балалар тоқтайық пш — ш — ш.
Балалар біз міне күзгі бау-бақшаға да келіп қалдық. Қане поездан түсейік.
— Балалар қараңдаршы бау — бақша қандай әдемі. Айналаның бәрі сап – сары. Жерге сары кілем төселіпті. Күзгі бау — бақшаның сұлулығын қараңдаршы неткен әдемі, неткен ғажап.
Таңғажайып сәт: Ағаштардың арасынан Бағбан ата шығады.
Бағбан ата:
— Сәлеметсіңдер ме балаларым! Ой, балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістер мен көкөністер топтап жинауға көмектесесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Топтап жина»
Мақсаты: Балаларды салыстыруға, ажыратып, топтай білуге үйрету.
Ойын шарты: Жемістерді көкөністерден ажыратып топтап жинауға үйрету.
Бағбан ата:- Рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.
Тәрбиеші: — Балалар сендер Бағбан атаға қандай жемістер мен көкөністерді жинап бердіңдер?

Бағбан ата: Балалар сендердің қандай өнерлерің бар. Қане, тақпақ білесіңдер ме?Мен шаршадым мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалап, тынығайын.
-Тәрбиеші: — Әрине, ата, балалар өте көп тақпақтар біледі, олай болса, Бағбан атаға күз туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Ол не?
Мен сендерге пияздың қасиеттерін айтып берейін, пияз жерде өседі, оның дәмі қандай?
Пішіні қандай екен?
Пиязды аурудың алдын алу үшін пайдаланады.
Жаздай інге тығылған,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Бұл не?
Сәбіздің де құрамында көптеген дәрумендер бар, келесі жұмбақты мұқият тыңдаңдар.
Тiгiп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр. Ол не?
Қызылшаның да құрамында дәрумендер көп, қанды көбейтеді екен.
Балалар, көкөністерді үнемі жуып, тазалап жеу керек, денсаулыққа өте пайдалы көкөністерді аналарымыз түрлі тамаққа қосады.
Тәрбиеші: — Міне, Бағбан ата біздің балалар өте ақылды, тапқыр.
Бағбан ата: Ой,жарайсыңдар. Неткен дарынды балаларсыңдар. Өркендерің өссін, балалар. Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлері үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынандай сый дайындап қойдым. Оны мына тәрбиешілеріңе берейін. Ол сендерге балабақшаларыңа барған соң таратып береді.(Бағбан ата балаларға алып келген күзгі сыйын береді)
Бағбан атаның мына берген сыйы үшін үлкен рахмет айтайық. Балалар енді бізде балабақшамызға оралу үшін пойыз болайық. — Күз мезгілі

Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр, күн салқындап біз қалың киінеміз, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Балалар пойыз болып қатар-қатар тұрады.

Балалар Бағбан атаға жемістерді топтап жинауға көмектеседі.

Алма, алмұрт, қызылша, сәбіз, пияз, картоп

Сұлтан:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Ләйлім:
Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығына ырзамыз.
Аппақ арай таңында,
Шомыламыз нұрға біз.
Асылнұр:
Күзде жауын, бұлт, тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Нұржауар:
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

Балалар жұмбақты шешеді.

Балалар Бағбан атаға рахмет айтады.

Пойыз болып балабақшаға оралу.

Іс – әрекетті
бақылау
кезеңі

— Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді де жақсы тердіңдер. Ендеше қазір мен сендерге Бағбан атаның сыйын таратып беремін.
Балалар өз жауаптарын айтады.

Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Балалар күз мезгілі туралы тақпақтарды айта біледі, бау-бақша өнімдерін атай біледі.
Баланың меңгеруі: Көкөністер туралы жұмбақтар шешіп, олардың пайдасын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Бау-бақшаға саяхатқа барысында Бағбан атаның сұрақтарына дұрыс жауап бере білді.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *