ШҚО, Семей қаласы «№6 «Нұрсәуле» ясли— бақшасы» КМҚК
Бейнелеу өнерінің оқытушысы: Ақмоллин Мұрат Тұрсынұлы
Балабақша ересек тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологияляқ картасы
Білім беру салалары: Шығармашылық Бөлімдері: Жапсыру
Тақырыбы: Әдем балықтар Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Түрлі қию тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып жапсыру, іскерліктерін дамыту.
Көрнекілік: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон, аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары. Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, алтын балық.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы | Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан балақай Жарқырайды аспанда Күн алақай! Атқан таңға, шыққан күнге Сәлем беріп, Тілейік бақыт, баршаңызға осындай. Қайырлы таң апайлар! Біз- ерекше боламыз, Біз еңбекқор боламыз! |
Балалар шеңберге тұрып оқытушының соңынан қайталайды.
|
Іздену-барлау | — Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
Ойын «Кім епті» — Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар? (Ойын шарты түсіндіріледі) — Жарайсыңдар, балалар сендер балықтардың аттарын білдіңдер. — Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді? Балалар, сиқырлы қармақпен аулаған балықтар сендерге ұнады ма? — Ендеше бүгінгі жапсыруда, ақ қағаздан балықты қиып жабыстырайықшы. Жұмысты орындау барысы Ол үшін: бейнесі бойынша үлкен — кіші төртбұрыштан балықтың денесін, жүзбе қанаттарын, үшбұрыштан құйрығын қиып аламыз да, түрлі — түсті жылтырлы сияқарындаштармен желбезегін, қабыр- шақтарын әсемдеймеп жапсыра мыз , сонда бізде түрлі — түсті жылтыр балықтар пайда болады. (көрсетіп түсіндіру) -Қиналған балаларға көмек беру. Сергіту сәті: Суда балық жүзіп жүр. Бір-біріне еріп жүр Қармағымның жоғына Бәрі бірдей сеніп жүр. |
Балалр орындарына жайғасады.
— Иә. Ойнайық. — Бұл — қармақ. — Балық аулауға. (Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтады) — Суда. — Сопақша. — Желбезегі. — Қабыршақтары. — Құйрығы.
— Ұнады.
-Жарайды.
-Балалар алдарындағы алдын ала дайындалған қағаз, құралдардың көмегімен жұмыс жасайды. -Оқытушының нұсқаулығына сүйенеді.
Сергіту сәтін орындау: Балалар орындарынан тұрып партаның бір шетіне сапқа тұрады,сергіту сәтіндегі өлең шумақтарын қайталай айтып орындарында тұрып дене шынықтыру қимылдарын жасайды. |
Рефлексивті-
қорытындылау |
Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту.
— Балалар біз бүгінгі ненің суретін салдық ? Балықтың қандай түрлері бар екен?
Балалардың жұмыстарын жинап алып шағын көрме жасау, сараптама жасау, үздіктерін таңдап мадақтау. |
Сұрақтарға жауап береді.
— Балық. — Ақ балық, алабұға, табан балық. Жұмыстарды бағалайды, сұрақтар қояды алған білімдерімен үйреніп білгендерімен бөліседі |
Күтілетін нәтиже: Білуі немесе хабардар болуы:: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі.
Қалыптасқан әдет: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі. Істей біледі: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы. Бейнелеу өнерінің оқытушысы: Ақмоллин М.Т.
Тексердім:
Ескерту:
[bws_related_posts]