Рудный қаласы
Рудный құрылыс және көлік колледж
Еспенбетова Эльвира Туремуратовна
Сабақтың тақырыбы:Практикалық жұмыс. Карбон қышқылдарының алынуы және қасиеттері.
Сабақтың тақырыбы: № 2 Практикалық жұмыс «Карбон қышқылдарының алынуы және қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Карбон қышқылдарының алынуы және оның қасиеттерін үйрену. Теориялық білімдерін практикада қолдана білу..
Дамытушылық: Зертханалық құрал жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Тапсырмалар орындата отырып салыстыра білуге, негізгіні бөліп алуға, алған білімін қолдана білуге, ұқыптылыққа үйретуге ұмтылу.
Күтілетін нәтиже:
1.Теориялық білімдерін практикада қолдана біледі.
2.Зертханалық құрал жабыдықтармен жұмыс істеу машығы қалыптасады.
3.Практикалық жұмысты орындау барысында байқалған құбылысты бақылап, қорытынды жасай біледі.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу
2.Қышқыл, сілтімен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
3.Мұғалімнен тапсырма алу
Реактивтер
CH3COONa- натрий ацетат
H2SO4— күкірт қышқылы
CH3COOH- сірке қышқылы
Mg- магний металы
FeCl3- темір (ІІІ) хлориді
KOH- калий гидроксид
(CH3COO)2Mg- магний ацетаты
С2Н5ОН- этанол
қажетті құрал –жабдықтар:
Тұрғы (штатив), сынауық (пробирка), қысқыш, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын
Жұмыстың орындалуы.
1.Сірке қышқылын алу және оны анықтау.
Пробиркаға 2 гр кристалл түріндегі натрий ацетат және 2-3 мл концентрленген күкірт қышқылы салынады. Нәтижеде сірке қышқылының буы бөлініп шығады және сірке қышқылының иісі сезіледі. Пробиркаға көк лакмус қағазы ұсталса, ол қызарады. Бұл сірке қышқылының пайда болғанын білдіреді.
t
Реакция теңдеуі. 2СН3СООNa +H₂SO₄ 2CH₃COOH+Na₂SO₄
2.Сірке қышқылының химиялық қасиеттері.
А) Сірке қышқылының 0,5 -1 мл ерітіндісін сынауыққа құйып алып, түсіне назар аударыңдар, абайлап иісін байқаңдар. Сынауықтағы ерітіндіге берілген индикатор ерітіндісінен тамызыңдар( немесе индикатор қағазымен тексеріңдер). Не байқалады? Карбон қышқылдары күші жағынан қандай қышқылға жататынын түсіндіріңдер.
Күлгін түсті лакмус қызыл түске айналады.
СН₃СООН ер ↔H++CH₃COO—
Б) Қышқылдың сілті ерітіндісімен әрекеттесуі.
Алдыңғы тәжірибедегі индикатормен тексерілген сірке қышқылының ерітіндісіне индикатордың түсі өзгергенше сілті ерітіндісін тамшылатып құйып, қышқылды бейтараптаңдар.
СН₃СООН+ NaOH→ CH₃COONa +H₂O
CH₃COO—+H++Na++OH—→CH3COO—+Na++H2O
H++OH—→H₂O
В)Сірке қышқылының металдармен әрекеттесуі.
Сірке қышқылының 1-1,5 мл ерітіндісіне берілген металды салыңдар. Газ бөлінгенін бақылаңдар. Реакция баяу жүрсе, аздап қыздырып жіберіңдер.Газ бөлінгенін бақылаңдар.
2 СН₃СООН+ Мg→ (CH₃COO)₂Mg +H₂
Г) Қышқылдың тұздармен реакцияласуы.
Сынауыққа 1-1,5 мл сірке қышқылының ерітіндісін құйып алып, оған аздаған темір(ІІІ) хлоридінен қосып, ерітіндінің қызаруын бақылаңдар.
3 СН₃СООН+ FeCl₃→ (CH₃COO)₃Fe +3HCl
Бағалау.
Үйге тапсырма. Карбон қышқылдары тақырыбын қайталау.
[bws_related_posts]