Қарағанды облысы,
Қаражал қаласы
№1 жалпы білім беретін мектебі
Танауова Нургул Бериковна
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты:1. Зат есімнің септелуі жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3. Оқушылардың тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, Л.А.Төкеева – Бектұрғанова «Жүйелі оқыту және оқушылардың өзін – өзі басқаруы.»
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
— Балалар, бүгінгісабағымызға қонақтар келіп отыр. Олар ұстаздар. Ендеше бүгінгі келген қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім, — дей келе қазақ тілі сабағымызды жалғастырамыз.
Ү й тапсырмасын сұрау, бекіту.
Негізгі зат есім
Жалпы есім жалқы есім
Зат есім
Туынды зат есім зат есімнің көпше түрі Зат есімнің жекеше түрі
- Жалпы, жалқы есім дегеніміз не?
- Негізгі зат есімдегеніміз не?
- Туынды зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
- Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
Жаңа сабақ.
- Тақтада : ЗТСМНҢСПТЛУ АЕІІЕЕІ
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің септелуі.
- 2. Ертегі:
«Ерте – ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімжерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?» — деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? – деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын? » — деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмірсүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» — деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Септік жалғаулары дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше септік бар?
Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Кім септіктерді атайды, сұрағын, жалғауын.
3. Кесте септіктер 3 слайд.
Септіктердің аты | Сұрақтары | Жалғаулары |
Атау септік | Кім? Не? | |
Ілік септік | Кімнің? Ненің? | -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің |
Барыс септік | Кімге? Неге? Қайда? | -ға, ге, -қа, -ке |
Табыс септік | Кімді? Нені? | -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті |
Жатыс септік | Кімде? Неде? | -да, -де, -та, -те |
Шығыс септік | Кімнен? Неден? | -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен |
Көмектес септік | Кіммен? Немен? | -мен, -бен, -пен |
- 4. Тапсырма: «Көбелектерді өз гүліне қондыр.»
Ұшып жүрген жеті көбелек, әрқайсысында септік сұрақтары жазылған. Жеті гүлдің әрқайсысында септік аттары жазылған көбелектерді қондыруымыз керек.
- 5. 10 – жаттығу. Шеңбер, ата қарлығаш сөздерін септе.
А.с. ата шеңбер қарлығаш
І.с. атаның шеңбердің қарлығаштың
Б.с. атаға шеңберге қарлығашқа
Т.с. атаны шеңберді қарлығашты
Ж.с. атада шеңберде қарлығашты
Ш.с. атадан шеңберден қарлығаштан
К.с. атамен шеңбермен қарлығашпен
6. Ендігі тапсырмамыз мақалдарды жалғастыру, жалғауларын дұрыс тауып жазу.
- Күш – білімде, білім – кітап…
- Кітап – адам… досы.
- Туған жер… туың тік.
- Жауға жаныңды берсең де,
Сырың… берме.
- Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі — …
- Отан от… да ыстық
- Бойыңмен мақтанба,
Ойың… мақтан.
- 8. Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
- 9. Өзін – өзі бақылап, бағалау. (Тест сұрақтарына жауап беру.)
1«Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с. С) Б.с.
В) І.с. Д) Ж.с.
- Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыға
3.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) Кімге? Неге? Қайда? С) Кімге, Кімді? Нені?
В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен?
4.Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті С) да, -де, -та, -те
В) -да, -де, -та, -те Д) -мен, -бен, -пен
5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде С) мектеппен
В) далаға Д) мектептен
6.Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) сабаққа С) сабақтан
В) сабақты Д) сабақпен
7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) А.с. С) Б.с.
В) І.с. Д) Ж.с.
Жауаптары: 1. А
2.в
3.а
4.а
5.а
6.в
7.д
- 11. Сабақты қорытындылау: Жеті септік тақпақтар.
Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады. Сөздік қорымызды молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдылануымыз керек. Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік. Ана тіліміз біздің қазақ тіліміз.
- Үй тапсырмасы: 11 – жаттығу, 91 – бет. Өлеңді түсініп оқу, септеулі зат есемдерді тауып жазу.
- Оқушылардың білімін бағалау.
- Рефлексия.
ОСЫ ТАКЫРЫП КЕРЕК