Басы » Бастауыш сыныптар » Дара және күрделі сан есім (Презентация)

Дара және күрделі сан есім (Презентация)

Қарағанды облысы,
Қаражал қаласы
№1 жалпы білім беретін мектебі
Досмагамбетова А.Т.

Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету;
2. Дамытушылық : Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік : Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: , цифрлар, нақыл сөздер, слайд.
Әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану, математика, әдебиеттік оқу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту , ойын сабақСабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту. (Слайд 1,2)
а)Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
—  Кемеңгер ғұлама ақын-жазушылармыздың тілі, туған тіліміз-қазақ тілі сабағын бастаймыз. 

ә)-Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

-Бүгінгі сабағымыз «Наурыз» мерекесіне байланысты болмақ.

-Наурыз мейрамы жайлы не білеміз?

-Сабақта ұлттық ойындардан сайыс өткіземіз,сондықтан топтарға бөлініп алайық.

1-топ «»     Слайд №3

2-топ «»

3-топ «»
2. Үй жұмысын пысықтау. «Жұптасып» тексеру арқылы үй жұмысын тексеру.
3.«Ой қозғау» стратегиясы.  «Бәйге» ойыны /дұрыс жауап берген топ бір белгі алады/
Әр топ соз таптарына түсінік береді.Топтан 1 спикер шығып қорғайды.
1 топ- «Зат есім»                  Слайд № 4

2 топ- «Сын есім»

3 топ- «Етістік»
Бірлесіп «Сан есім» туралы білгендерін айтады.

4. Мағынаны ашу. «Болжау» стратегиясы
Мұғалім: (слайд 5)
Ø Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында «Болжау стратегиясын» қолдану. Ең бірінші терме диктант өткізу, содан кейін сан есімдердің жазылуына назар аударту, балаларды өздері ережені айта білуге бағыт жасап отыру.
Терме диктант. Сөйлем ішінен сан есімдерді теріп жазыңдар.Ø
   Күн жүйесінде тоғыз ғаламшар бар.Жер үшінші ғаламшар.Күн жүйесіндегі ең жолы қысқа – Меркурий.Ол сексен сегіз тәулікте бір айналып шығады.

(Сан есімдерді жазып айырмашылығын дәлелдейді.    Слайд №6)
— Сан есім қалай жазылады? Дара сан есім және күрделі сан есім екенін қалай білдіңдер? Ережені айтып көріңдерші.

(Ережемен таныстыру, мысал келтіріп түсіндіру, слайд № 7 )
5. Оқулықпен жұмыс

8 – жаттығу     «Көкпар» ойыны

1.Кит жайлы мағлұмат    слайд № 8     №9,10

2.Сөйлемдерді оқыту

3. Сөйлемдерді тақдада жазу

Отыз, жүз жиырма, жүз жиырма, елу, мың, сексен бір.

 

6. Сергіту сәті  

1-топ     көңілді шумақ 1 санымен      слайд №11

2-топ   ребус    Тіл – қылыштан өткір  слайд №12

3-топ   көңілді   шумақ  3 санымен      слайд №13

9- жаттығу «Теңге  алу» ойыны слайд №14

Ең мағыналы сөйлем құраған бала 1 алтын теңге алады.

15, 47, 165, 1991

10 – жаттығу слайд №15

Сан есімдерді сөзбен жаз.

Тоғыз,он бір, жиырма жеті, жүз сексен тоғыз, алты жүз қырық.

(Карточка таратып жұмыстарын жинап тексеру)

 

7. « Ой  толғау»   Киелі сандар жайлы не білесің?  Слайд №16

3, 7, 9-сандары

7 саны жайлы не білесің?    Слайд №17

7 ата, 7 қазына, 7 жұт, 7 ғайып

Наурыз көженің құрамы

8. Қорытынды

Тест тапсырмасын орындатып жұптарымен алмасып тексеру

  1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қандай? қанша?  ә) не? нешінші? б) қанша? неше?

2. Сан есім  . . .  болып бөлінеді

а) есептік, реттік, қатарлық        ә) қатарлық, кезектік

б) есептік, реттік

3. Есептік сан есімді көрсетіңдер:

а) бес         ә) бесінші        б) он екінші

4. Күрделі сан есімді көрсетіңдер

а) бес-алты      ә) елу бес, сексен екі

б) қырық, елу, жүз

5. Жұмбақты шешіңдер.

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар

а) ешкі         ә) қой         б) арқар

6. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар

. . .  рет  өлшеп,  . .  . рет    кес.

а) бір, бес         ә) жеті, бір        б) бір, көп

9.Үйге тапсырма

10. Бағалау

Жұмбақ шешу.(слайд 12).Ø
Бір алаша төселген,                            2. Басы да екеу,
Екі ауылды жалғайды.                       Аяғы да екеу. (Қайшы)
Өмірінде еш адам                           3.Он-он бесі жиылды,
Оны жинай алмайды. (Жол)            Бір белдікпен буылды. (Сыпыртқы)
4. Бір үйім бар ақ тас,                             6. Үй ішінде
Есігін ешкім таппас. (Жұмыртқа)           Отыз екі батыр
5. Үш-төрт қана тісі бар,                          Кіргендерді
Шөп көтерер күші бар. (Айыр)               Отап турап жатыр (Тіс)

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

2 комментария

  1. Сан есім тақырыбына жасалған презентация өте жақсы. Баланың жас ерекшелігіне сай келеді

  2. калай презентацияны жүктеуге болады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *