Қарағанды облысы,
Қаражал қаласы
№1 жалпы білім беретін мектебі
Шалгимбаева Айгерим Газизовна
Дауысты дыбыстар.Тоқылдақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауысты дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру; «Тоқылдақ» мәтінін оқыту;
Дамытушылық – оқушылардың түрлі суреттер арқылы сөздік қорын молайту,мәнерлеп оқу,көркем жазу дағдысын жетілдіру;
Тәрбиелік – Табиғатты сүйіп,құстарды аялай білуге баулу,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,суреттер
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.
Кіріспе сөз.
Балалар,қазір бізде ана тілі сабағы.Біз бүгінгі сабағымызда дауысты дыбыстармен танысамыз,құстар жайында мағлұмат аламыз.Сабаққа белсене қатыссаңдар,жұлдызша беріп отырамын.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Өткен тақырыпқа шолу жасайық.
II слайд бойынша көрсету
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыс неше түрге бөлінеді?
— Әріпті біз не істейміз?
Сөз неден құралады?
Сөйлем неден құралады?
III. Жаңа сабақ
III слайд бойынша көрсету
- Дауысты дыбыстарды айтқан кезде ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұрады.
Дауысты дыбыс әріптері: а,ә,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),е,э.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болды.Дауысты дыбыстарды жеке-жеке көрсету.
IY – слайд бойынша көрсету
11 – жаттығу
“Торғай” өлеңін оқып,көшіріп жазыңдар.
а) Суретпен жұмыс
Ә)Өлеңді оқу
Б) Тізбектеп оқу
«Торғай,жем» деген сөздерді тақтаға жазып,дауысты дыбыстардың астын сызады.
Y слайд бойынша жұмыс
IY.Сергіту жаттығулары
«Кім тауып оқи алады»
Берілген әріптерден сөздер құрастыру;
«Қай әріпті жоғалттым»
Берілген сөздердің қалып қойған әріптерін табу
— Балалар біз қандай құстарды білеміз?
— Құстарды атайықшы!
Мұғалім құстар жайлы мағлұмат береді.
YII слайд бойынша құстардың бірнеше түрлерін көрсету
Құстар: қарға,тоқылдақ,сауысқан,қаз,балапан,көгершін,торғай,тырна және т.б.
ҮІІІ слайд.Құстардың ішіндегі тоқылдақтың дауысын тапқызу.
Мұғалім оқушыларға тоқылдақ туралы мағлұмат береді.
Тоқылдақ – орман құсы.Ол әр-түрлі жәндіктермен қоректенеді.Әсіресе,ағаштағы құрттармен қоректенеді.Тоқылдақты «орман емшісі» деп бекер айтпаған.Себебі тоқылдақ орманды құрттардан,ұсақ жәндіктерден тазартады.Олардың тұмсықтары ұзын,әрі қатты болып келеді.
Ү. Мәтінмен жұмыс
А) «Тоқылдақ» мәтінін оқу
Ә) Тізбектеп оқу
— Неліктен мәтін «Тоқылдақ» деп аталады?
— Құстардың тағы қандай пайдасы бар?
— Тоқылдақты неліктен «орман емшісі» дейді?
Сөздік жұмыс
Дің – ағаштың беткі қабаты.
ҮІ.Қорытынды
— Біз бүгінгі сабағымызда не білдік?
-
Қандай дыбыстармен таныстық?
-
Қандай құстармен таныстық ?
Үй тапсырмасы
— 12- жаттығуды орындау;
— Мәтінді оқу;
ҮІІ. Бағалау
Сабаққа толық, жақсы қатыса білген оқушыларды өз деңгейлерінде бағалау.
[bws_related_posts]