БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақашасының
«Балдырған» тәрбиешісі
Халиуллина Гульайман Кенжешовна
Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Ана мерейі
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, ару қыздар, балалабақшамыздың тәрбиешілері. Міне, көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір жылылық, әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі келді. Сіздерді 8-наурыз Халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз. Көктем бәйшешегіндеу құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер. Отбасыларыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқынды, бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағын-аясындай гүл бақтың- дей отырып «Ана мерейі» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: (Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру).
-Балалар бүгін қандай мейрам?
-Дұрыс айтасыңдар, бүгін алғашқы көктем мезгілімен бірге, гүлдей жайнап, нұрын төгіп, шуағын шашып аналар мерекесі де келіп қалды, біз аналарымызға аянбай өз өнерлерімізді көрсетеміз бе?
-Ия.
— Ендеше «Апатайым анашым» әнімізді қабыл алыңыздар.(хор)
Ақгүл:
Қасымда боп әрқашан,
Жансың, жарық ,жұлдызың.
Тілейді бақыт бір саған,
Әлпештеген ұл-қызың.
Жасмин:
Мейріміңе тоймадық,
Еркелеуді қоймадық.
Әже өзің барында,
Татулықты жоймадық.
Нұрсезім:
Ақылшым анашым,
Мен үшін данасын.
Үлгі боп ояттың,
Ұлыңның санасын.
Назлы:
Әр ананың арманы,
Баласы жақсы болғаны.
Орндалса сол тілек,
Орындалар қалғаны.
Мұсағали:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Альмара:
Әлпештеген баласын,
Ана –бақыт, ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Аружан:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батылсың.
Қасымда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Әлинұр:
Әрбір сөзің өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман есен жүріңізші,
Бар тілегім сол әжем.
Ахат:
Айналайын анашым
Менде күйіп жанасың
Шексіз жақсы көресің
Мейірімді төгесін
Қыдырәлі:
Ана көркі көгімнің
Ана нұры жерімнің
Ана бағы баланың
Мақтанышы елімнің
Ақерке:
Мен анамды сүйемін
Сөзін ойға түйемін
Ардақтаймын әрқашан
Әдеппен бас иемін
Жанайым:
Бөбегінің тілегін
Қабылалшы әжетай
Ұзақ өмір сүрініз
Жүрші әже қамықпай.
Айару:
Аспандағы айымсың,
Бақытыма балаған.
Құтты болсын мерекен,
Айналайын, жан анам.
Аяна:
Ана-өмір шырағы,
Ана-өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.
Нұрғиса:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп демалам,
Құшағыңда қысылмай.
Дария:
Әдепті бол деп құлыным,
Жырығымды жамаған.
Қызығымды көрші тек,
Өмір бойы жан анам.
Азиза:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әмина:
Анам менің аялаған,
Құшағыңнан сая табам.
Қанша жақсы болса- дағы
Сендей ана қайда маған.
Ән: «Ақ әжем»
Аналарға сұрақ-жауап ойыны
Шарты: Күлтелердің жазылған тапсырмаларға жауап беріп, гүл құрастыру
1. Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл?
2. Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді?
3. Қ.Р-ның бас қаласы?
4. Жылы жаққа ұшып кетеін құстарды ата
5. Балаңыздың сүйікті тағамы?
6. Балаңыздың досы кім?
7. Балаңызды қалай еркелетесіз?
8. Б дыбысынан басталатын адам аттарын ата.
9. Тіршілктің көзі не?
10. Қазір қай ай?
Ойын: «Өз балаңды тап»
Тәрбиеші:
Сыйлаған өмір сендерге,
Қастерле, ананы ардақта.
Жүрекпен терең сезіне,
Қадірлей біл, әр уақытта- дей келе бүгінгі «Ана мерейі» атты ертеңгілімізді аяқтаймыз. Аналарымыз аман, дендері сау болсын, бейбіт елімізден тыныштық кетпесін.
Балалар ана — әжелеріне сыйлықтарын табыс етеді.
[bws_related_posts]
Ілмекақ әжем Ана мерейі Аналар мерекесіне арналған әні бала бақша бөбек Ертеңгілік Тәрбие сағат